Оқиғалар

Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» атты картиналар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Баспасөзге баяндама

Қазақ балетінің 90 жылдығына арналған картиналар көрмесі

 

2024 жылғы 16 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» атты картиналар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрмеде Қазақстанның кәсіби хореографиялық өнеріндегі 90 жыл бойы қойылған тарихи және заманауи ұлттық спектакльдердің реконструкциясы ұсынылған.

 

«Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» картиналар көрмесі Тоғжан Молдалімнің жетекшілігімен Qazaq Ballet Creative Lab және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен жүзеге асырылған «Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбомын шығару жобасының жалғасы болып табылады. Жобаның мақсаты көркем және дизайн өнері арқылы ұлттық музыкалық-хореографиялық мәдениетті сақтау және насихаттау болды.

Көрме музей, театр және жеке мұрағаттардан алынған сирек мұрағаттық фотосуреттер, бейнежазбалар мен мәтіндер негізінде жасалған авторлық картиналардан тұрады. Картиналарда қазақ опера және балет театрының 90 жылдық кезеңіндегі (альбом шежіресі 89-шы маусымның аяқталуымен үзіледі) ұлттық спектакльдердің көріністері бейнеленген. Олардың арасында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Қазақстан Республикасы мемлекеттік академиялық би театры, «Самұрық» заманауи би театры, апалы-сіңлілі Габбасовалар танцтеатры, К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, «Астана Балет» театры, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры. Сондай-ақ А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің және Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттерінің қойылымдары ұсынылған.

Жобаны жасауда тек отандық қайраткерлер қатысты: куратор Тоғжан Молдалім, Qazaq Ballet Creative Lab жетекшісі Дамир Уразымбетов, суретші Жаннат Баймуханова, дизайнер Гузель Нуримбетова.

16 мамырда өтетін көрменің салтанатты ашылуына Абай атындағы опера және балет театры мен Болат Аюханов құрған Қазақстан Республикасы мемлекеттік академиялық би театрының балет әртістері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыканттары қатысады. Олардың қатарында Әйгерім Қарсақбаева, Дияр Акенев, Сымбат Мақсұт, Орынгүл Нұржанқызы және т. б.

 

Экспозиция маусым айының 7-не дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі – Әйгерім Көпжүрсін

WhatsApp-Image-2024-04-22-at-121340
WhatsApp-Image-2024-04-22-at-121913-2
WhatsApp-Image-2024-04-22-at-121913-1
WhatsApp-Image-2024-04-22-at-121339
WhatsApp-Image-2024-04-22-at-121913