facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

night at museum 12019 жылғы 18 мамырда сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық музей күні мерекесіне арналған жыл сайынғы ауқымды жоба өтеді. Халықаралық ICOM музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес биылғы жылғы іс-шараның тақырыбы - «Музейлер мәдениет орталығы ретінде: дәстүрдің келешегі».

Арнайы шақырылған қонақ - «Lumiere» табиғат құбылыстарының шоуы
Түнгі Headliner – «Портреттер шеруінің» теңдессіз шоуы

virus 12019 жылы 8 мамыр күні сағат в 16.00-де «Шығармашылық вирусы» атты кескіндеме және графика көрмесінің ашылуы болады.

«Георгий Халанскийдің студиясы» көпшілік назарына жас суретшілердің шығармашылығын ұсынады. Біздің алдымызда Смағұл Бахтиярдың позитивті ирониясы, Талаева Екатеринаның шартты шынайылығы, Шрамко Оксананың лирикалық реализмі мен Цай Ольганың сезім символизмі ашылады. Сүйікті ертегілерінің қаһармандары тіріліп келеді, су асты патшалығы тұрғындарының фантастикалық образдары, жарық дүниеге қайтып оралған балалық шақтың көріністері, портреттер, сезімдер мен армандар су бетіне қалқып шығады.

Экспозицияға үш жүзге тарта кескіндеме және графика туындылары қойылуда.

aquarel 12019 ж. 18 мамыр күні сағат сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде JTI Kazakhstan компаниясымен бірлескен «Қазақстан акварелі: кеше және бүгін» көрмесінің ашылуы және каталогтың таныстырылымы өтеді. Музей залдарында тұңғыш рет бір экспозиция кеңістігінде Қазақстан бейнелеу өнерінің пайда болған сәтінен бастап қазіргі кезге дейінгі республика акварелін көрсететін туындылар қойылған. Қазақстанның барлық өңіріндегі суретшілердің туындыларын қамтып, бізге республикадағы бейнелеу өнерінің қазіргі хал-жағдайын білуге зор мүмкіндік берген қылқалам шеберлерінің музей коллекциясындағы 119 туындысы және Қазақстанның түрлі өңірлерінде тұратын заманауи графиктер мен кескіндемешілердің 135 акварельдік жұмысы ұсынылады. Экспозиция шығармашылықтары мен темпераменттері әр түрлі суретшілердің күрделі әрі көп қырлы техникада өз таланттарын қалай көрсететінін байқатады.

askar 12019 жылы 3 мамыр күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі Асқар Есенбаевтың «Ізденіс уақыты» мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы болады.
Асқар Есенбаевтың шығармашылық жолы 1980-жылдардың ортасында, яғни ол Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдап, В.И. Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтында тамаша білім алып келгеннен кейін басталды.

cradle 12019 жылдың 25 сәуір күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Бостандық аудандық «Нұр-Отан» партиясы филиалының қолдауымен О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұстаздарының «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі 1938 жылдан бері қазақ бейнелеу өнерінде бірден-бір жол салып келе жатқан көне өнер ордаларының бірі. Сонымен қатар, бейнелеу өнері саласындағы ең алғашқы оқу орны болып табылады.