facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

Логотип каз

Art&Fact: Көркемсурет коллекцияларының шеруі
Көркемсурет галереялары мен арт-салондардың
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайындағы көрмесі

80 жылдық тарихы бар ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі тек дәстүрлі көркемсурет көрмелерін өткізетін орын ғана емес, сонымен бірге көрме қызметінің жаңа түрлерін жүзеге асыратын тәжірибе алаңы десе де болады. Бес жыл бойы (1995-1999) музейде жақтастарын тауып, көрермендер арасында үлкен резонанс туғызған, қызу айтыстар мен талқылаулардың, ой-пікірлердің тууына себеп болған «Галереялар шеруі атты жоба жүзеге асқан болатын. Оның ұйымдастырушысы да, бастамашысы да болған ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы. 2009 жылы «Галереялар шеруі: жаңа нұсқа» деген атпен кезекті өнер байқауы өтті.


1Бүгінде Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы «Галереялар шеруі» белгілі тарихи жобасын “Art&Fact” деген атаумен жаңа сапада жаңғыртуды қолға алып отыр. Басты мақсат көбінесе қаланың көркемдік толысуын айқындайтын галереялар қозғалысының флагмандарын таныстыруға бағытталған. Соңғы бірнеше жыл бойы арт-институттар өздерінің жұмысын тоқтатып, жаңалары пайда болды. Қаланың жетекші галереялар бірлестігі жалпы мұражай кеңістігінде олардың қызметінің концепциялары мен басым бағыттарын көрсетуге, суретшілер тобын анықтап, олардың туындыларын ұсынуға мүмкіндік әпереді.


Жобаның концепциясына ішінара өзгерістер енді: жаңа арт-байқауға көркемсурет галереяларынан басқа да қаладағы көркемсурет салондары да қатыса алатын болады;
- Қатысушылар географиясы кеңейеді – қалалық галереялардан басқа Астана мен Бішкек арт-институттарын қатыстыру да қарастырылуда;
– Оқиғаның құжаттап бекітілуі үшін жобаға қатысушы галереялардың таныстырылымына буклет шығару да ойда бар


Дәстүрлі көрмелерге қарағанда, өз кеңістігінде түрлі галереялар мен есімдерді, өнер стильдері мен түрлерін, авторлық және топтық концепцияларды біріктіре алатындықтан «Art&Fact» жобасының ұғымы кең. Бұл жоба заманауи көркемдік оқиғаны әділ бағалайтын жанды табиғи процесс арқылы өтетін өнер фетивалі, арт-форум деуге болады. Әрбір қатысушы көрме бағдарламасында анықталатын «Галерея күнінде» өзін таныстыра алады. Жобаның аяғында коллекция және коллекция жинау және бүгінгі арт-рыноктың жағдайы туралы тақырыпта Дөңгелек стол өткізу жоспарда бар.2


Жобаның жаңғыртылуы арт-рыноктың тұтастай алғанда, Қазақстандағы және аймақтағы көркемдік ахуалдың бүгінгі жағдайын көрсетіп қана қоймай, болашағын да анықтауға мүмкіндік береді.


Алғашқы ұйымдастыру сұхбатына қатысушылардың өтініші бойынша «Art&Fact» көрмесін өткізу 2015 жылдың қараша айына қалдырылды. Жоба аясында мұражайдың 80 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аясында өтетін болады.


Жобаны әзірлеудің және өткізудің бастапқы жоспары:
2 қазан – 1 қараша – экспозиялау
28 қыркүйек – экспонаттарды әкелу
1 қыркүйек – буклетке кіретін иллюстрациялық-мәтіндік материалды берудің соңғы күні.

Осы жобаға қатысқысы келетіндердің бәрі 2015 жылдың 1 тамызына дейін маған хабар берулеріңізді сұраймын.

Қатысу шарттары туралы толық мәліметті ұйымдастырушылардан алуға болады.
Жобаны үйлестіруші – Екатерина Резникова, 8 777 244 55 22, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.