facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы «Россотрудничество» өкілдігінің қатысуымен 2021 жылы 4 қарашада сағат 13.00-де адамзаттың ғарышқа тұңғыш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналған «МӘҢГІЛІК БІРГЕМІЗ» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің бесінші мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болады. Журналистерге арналған баспасөз конференциясы 4 қарашада сағат 11.00-де (музейдің мәжіліс залында), ал баспасөз туры сағат 12.00-де (көрме экспозициясында) өтеді. Көрмені 2021 ж. 14 қарашаға дейін тамашалауға болады.


2021 ж. 22 қазанда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Елена және Владимир Григоряндардың авторлық қышының шеберханасы өз шәкірттерінің «Саз үндестігі» көрмесін ұсынады.

2021 жылы 3-14 қараша аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде  Ольга Киселеваның «Ағаш даналығын тыңдасақ…» атты жеке көрмесі өтеді.

4 қарашада Көрме аясында халықаралық симпозиум өтеді.

2021 жылдың 15 қазан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Байтұрсын Есжанұлы Өмірбековтың «АҚШАМДА» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозиция мерейтойлық датаға – суретшінің туғанына 75 жыл толуына арналған.

2021 г. 15–28 қазан аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ Альфа-Банк пен Étage дизайн студиясы дизайн мен заманауи өнердің «Ырғақ сезімі» көрмесін ұсынады.