facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

2020 жылдың 12 маусымында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде заманауи жапон график суретшілерінің шығармашылығын көрсететін «НОРМАН ТОЛМАННЫҢ ҚҰНДЫ СЫЙЛЫҒЫ» ОНЛАЙН-көрмесі өтеді. Көрмеде 2012 жылы графиканың әр түрлі техникасында жасалған 8 туындыдан тұратын топтама ұсынылады. Онлайн-көрмені өткізудің негізгі алаңы – Facebook платформасы, онда 12 маусымда сағат 12.00-де ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕНІҢ ашылуы өтеді.

2019 жылдың желтоқсанында Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейіне коллекционер Норман Толман сыйға тартқан заманауи жапон графикасының туындылар топтамасының көрмесі HOPE – НАДЕЖДА – ҮМІТ деп аталады. Бұл топтама 2011 жылы болған Фукусима I атом электростанциясындағы ядролық реактордың қирауы апатына жауап болды. Осы қасіретті зерделеу арқылы, коллекционер Норман Х. Толман көрнекті жапон  шеберлеріне Үміт тақырыбындағы графика топтамасына тапсырыс берді. Суретшілер орындау техникаларында да, бейнелі шешімдерде де шектелген жоқ. Олар «үміт», жандану  ұғымдарына, оларды қалай сезінеді, осы жағына түсінік беруге тырысты. «Үміт қайда жоғалады, сонда үмітсіздік пайда болады», - деп жазды Леонардо да Винчи өз күнделігінде. Оны физикалық жағынан айту қиын, ол баянсыз, сезімтал, рухани. Осындай күрделі тақырыпты қолға алған суретшілер оны жақсылыққа және жарқын болашаққа деген сенім тұрғысынан түсіндіреді. Бұл туындылардың топтамасын қарастыра отырып, үмітсіздік жоқ, еңсеруге және қайта жандандыруға дайын әлем бар екенін түсінесің. Үміт  - болмыс заңдарына сенуге негізделген, қазіргі уақытта да өзектілігін жоғалтпайтын, әлемнің оң қабылдауының парадигмасын білдіретін ең терең ұғымдардың бірі.  
Жапон графиктері жұмыста әдістердің кең спектрін – ксилографияның, литографияның, жібекбаспасының дәстүрлі техникасында парақтарды жасаудан бастап, сандық баспаның аралас техникасын пайдалануға дейін қолданды. Жобаға жапон суретшілері – Южи Хасегава (1945 ж.т.), Масахико Цубота (1947 ж.т.), Кенжи Нагаи (1947 ж.т.), Есио Имамура (1948 ж.т.), Хедехико Гото (1953 ж.т.), Шинити Наказава (1956 ж.т.), Ёсикацу Тамекане (1959 ж.т.), Хао Чжоу (1960 ж.т.) қатысты. Барлығы 70 шектеулі дана коллекциялық материал кез-келген ірі өнер туындыларының жинағы үшін құнды әрі беделді. Аталмыш топтама Smith College Museum of Art; Museum of  Fine Arts, Boston; Portland Art Museum; National Gallery of Victoria,  сондай-ақ жеке коллекцияларда сақтаулы.
Жапонияны жиі «гравюра елі» деп атайды және бұл кездейсоқ емес. Олар гравюра техникасын бұрыннан білді және қолданды. 17-18 ғасырларда ол әлемдік маңызы бар көркемдік құбылысқа айналды. 18 ғасырдың ортасында көп түсті баспаның техникасы және оның жаппай таралуы әзірленді. 19 ғасырда жапон гравюрасы көп жағдайда еуропалық бастаулармен бірігеді және өз кезегінде, жаңа жетілген формаларды жасайды. Заманауи «сосаку ханга» гравюрасында – авторлық шығармашылық тұлғаны, өз мәнерін, автордың темпераментін білдіру үшін жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, шығармашылық гравюра ұжымдық болуды тоқтатады.    
Көрмеде ұсынылған топтамадағы туындылар қарапайым әрі көп сөзді емес, тыныштық сезімімен орындалған, нәзік лиризмге, ішкі философиялық мағынаға толы, ол мәнерліліктің жаңа үлгілерімен, жасалуының жоғары деңгейімен адам жанының эмоциялық қылына әсер етеді.