facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

2021 жылдың 5 наурызынан бастап, ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің Орталық көрме залында «Тұмар - aрт» суретшілер қоғамдық бірлестігімен бірге ұйымдастырылған «Көктемгі шабыт» атты көрмесі ашылады.

 

          «Тұмар - арт» - бұл республикалық суретші-мұғалімдер қауымдастығы болып табылады. Оның негізгі қызметіне: халықаралық кеңістікте сурет көрмелерін ұйымдастыру; қоғамдағы шығармашылықты танымал ету; жас талантты суретшілерді қолдау; шеберлік сағаттарын және пленэрді ұйымдастыру кіреді. Бұл қоғамдық бірлестік 2020 жылы құрылды, оның құрамына 15-тен астам суретші - мұғалімдер кіреді.

         Мұғалімнің тәжірибесі мен білімінің салдарынан қазіргі қоғам үлкен рухани азық, эстетикалық тәрбие ала отырып, өнер әлемімен танысады, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ойлауға мүмкіндік алады.

        Бұл қауымдастық әр түрлі жанрлар мен стильдерде жұмыс істейтін, жұмыс тәжірибелері мол суртеші-мұғалімдерден тұрады, барлығын бір тұтастықта ұстап тұрған - Сұлулыққа деген табыныс пен Жасампаздыққа деген үлкен ниет жатыр.

        Барлық мұғалімдер халықаралық және республикалық сурет көрмелеріне үнемі қатысып отырады. Ал, олардың оқушылары әр түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары.

     Саванкина Лариса Владимировна - «Тұран» мектеп-лицейінің суретші-мұғалімі, жұмыс өтілі - 35 жыл. Ол көптеген жылдар бойы жас суретшілердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. «Подснежник» шығармашылық студиясының негізін қалаушы. Аңғал өнер стилінде жұмыс істейді. Халықаралық шығармашылық көрмелерінің қатысушысы және лауреаты.

     Балан Ирина Юрьевна - оқытушы және «Индиго» шығармашылық шеберханасының негізін қалаушы, жұмыс өтілі 30 жыл. Графика және кескіндеме техникасында жұмыс істейді.

     Приходченко Наталья Николаевна - Мирас мектебінің мұғалімі, педагогикалық өтілі 28 жыл. Әр түрлі бағытта жұмыс істейді, сюрреализм, поп-арт, примитивизм бағыттарын ұнатады.

     Michel Svetlana - Германияда тұрады және жұмыс істейді. 15 жылдан астам акварель техникасында жұмыс істейді.

     Лейнвебер Елена Владимировна - «Яблоко» Шығармашылық академиясында бейнелеу өнері мұғалімі, жұмыс өтілі 25 жыл. Классикалық кескіндеменің жанкүйері, реализмді артық көреді.

     Логвинова Лариса Александровна - №28 мектеп-лицейінің мұғалімі, 20 жылдан астам педагогикалық өтілі бар. Классикалық кескіндемені жақсы көреді.

     Севостьянова Лариса Владимировна - «Выше радуги» арт-студиясының жетекшісі, педагогикалық тәжірибесі 28 жыл. «Аңғал» стилінде жұмыс істейді.

     Сулейменова Зарима Абунакимовна - қалалық «Өнер мектебінің» меңгерушісі, сызу және графика пәнінің мұғалімі. Педагогикалық өтілі 20 жыл. Әр түрлі жанрлар мен бағыттарда жұмыс істейді, станок графикасының жанкүйері.

     Кобрина Алла Александровна - «Бөбек» ұлттық орталығының қосымша білім беретін мұғалімі, еңбек өтілі 20 жыл, «Март» арт-студиясының директоры. «Сказки на ночь» балаларға арналған кітабының авторы және суретшісі. Кескіндеме және графика техникасында жұмыс істейді.

     Көдеков Қанағат Қалиұлы - №148 гимназия мектебінің мұғалімі, педагогикалық өтілі 20 жыл, мүсінші және суретші, шығармаларында көбіне ұлттық көріністі бейнелейді.

     Нуранова Анара – «ArtУм» шығармашылық студиясының оқытушысы, 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Импрессионистік стильде жұмыс істейді.

     Романова Юлия Петровна - оқытушы және «Рембрандт» арт-студиясының негізін қалаушы, 15 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Классикалық реализм стилінде жұмыс істейді.

     Балан Виктория - «Индиго» студиясының жас суретші-мұғалімі.  Заманауи кескіндеменің ізбасары, экспериментатор.