facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

2021 ж. 10 наурызынан бастап, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жинақтамасынан Еуропа баспа графикасымен (гравюра және офорт) таныстыратын «16-17 ғасырлардағы Еуропа графикасы» көрмесі ашық. Экспозицияға Германия, Франция және Голландия суретшілері Альбрехт Дюрер, Жак Калло, Рембрандт Ван Рейн, Антони Ватерло, Ян Ливенс сынды белгілі қылқалам шеберлерінің 100-ден астам туындысы қойылды.

 

      Жаһандық әлемді құру жолындағы бетбұрыс кезеңі деп аталған 16-17 ғасыр әлемдік тарихтың маңызды кезеңдердің бірінен саналады. Дәл сол жылдары графиканың офорт деп аталатын түрі баспа графикасының танымдық, ғылыми және діни мазмұндағы суреттерін тарататын осынау ыңғайлы әрі арзан құралды қолдана бастайды.
Көрмеге француз графика мектебін таныстыратын XVII ғасырдағы көрнекті шебер, өзінің замандас суретшілерін, олардың арасында Рембрандтқа да елеулі ықпал жасаған Жак Каллоның (1592-1635) туындылары қойылды. Каллоның «Соғыстың кіші апаттары» (1632) және «Соғытың үлкен апаттары» (1634) топтамаларынан француз әскерінің оның туған Лотарингиясын басып алған қайғылы көрінісін суреттейді. Оның композицияларынан зорлық-зомбылық пен соғысқа деген қарсы наразылықтың үнін естиміз.
Экспозицияның негізгі бөлігін туындылары әлемдік бейнелеу өнерінде үздік түпнұсқа болып саналатын көрнекті голланд суретшісі Рембрандт Ван Рейннің (1606-1669) түпнұсқа туындыларынан жасалған офорттары алады.

Музейге әйгілі орыс коллекционері әрі суретшісі, Рембрандтың шығармашылығын аса сүюші Н. Мосоловтың (1847-1914) коллекциясынан түскен бұл графикалық туындылар ұлы шебердің жауһарларының ерекшеліктерін жеткізуде орындау шеберлігімен және асқан дәлдігімен дара тұр. Экспонаттардың арасынан Рембрандтың «Киелі отбасы» (1645), «Түнгі бақылау» (1642), «Алдасқан ұлдың оралуы», «Даная» сынды белгілі картиналарының офорттарын көруге болады. Осы көрмеге қойылған туындылардың ішінен оның ертеректегі «лейден» кезеңінде орындалған Рембрандтың «Қайыршы» (1630) композициясы ерекше қызықтырады. «Адамның сыртқы келбетін түзетуге қанағаттанбайтын, бірақ оның ішкі жағдайын анықтауға тырысатын» (Е.Левитин) Рембрандттың көлемі шағын офорты оның суреткер ретінде жоғары шеберлігін көрсетеді.

Көрермен ұлы голланд суретшісінің шығармашылығына арналған әр жылдардағы сирек кітап басылымдарын да көріп тамашалай алатын болады. Экспозицияның аталған бөлімі – Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің кітапхана қорындағы бірегей жиинақтама аясында танысуға болатын «Өнердің жарқын беттері» деп аталатын музей жобасының жалғасы.