facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo


2020 жылдың 10 қазан күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында жеке коллекциядан «Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.


2020 ж. 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы қаласы күніне арналған «c өтеді.

Экспозицияға 70-тен астам кескіндемелік туындылар қойылды.

Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Н.Г. Хлудовтың туғанына 175 жыл толуына арналған (1850-1935) суретші туындыларының «Азия аспаны астында» көрмесі ашылды.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Тенгри Умай» заманауи өнер галереясымен бірлесіп «Рустам Хальфин. Айналарсыз автопортрет» көрмесін ұсынады. Экспозицияда Хальфиннің 1980-2008 жылдардағы шығармашылық өмірбаянының әр түрлі кезеңдері ұсынылады. Шығармалардың көпшілігі суретшімен өмірінің соңғы жылдарында белсенді жұмыс жасаған «Тенгри-Умай» галереясымен ұсынылған.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Владимир Филатовқа Хальфиннің туындыларын сақтағаны үшін және осы көрмені өткізу бастамасы үшін алғыс білдіреді. Виртуалды көрменің ашылуы 2020 жылдың 17 шілдесінде, сағат 12.00-де болады.

2020 жылдың 12 маусымында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде заманауи жапон график суретшілерінің шығармашылығын көрсететін «НОРМАН ТОЛМАННЫҢ ҚҰНДЫ СЫЙЛЫҒЫ» ОНЛАЙН-көрмесі өтеді. Көрмеде 2012 жылы графиканың әр түрлі техникасында жасалған 8 туындыдан тұратын топтама ұсынылады. Онлайн-көрмені өткізудің негізгі алаңы – Facebook платформасы, онда 12 маусымда сағат 12.00-де ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕНІҢ ашылуы өтеді.