facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

 3 zaly

Құрметті алматылықтар және қала қонақтары!

Еліміздегі сақтық шаралары мен көпшілікке арналған іс-шараларды өткізудің тоқтатылуына байланысты, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі бұған дейін жарияланған төмендегі іс-шаралардың болмайтынын хабарлайды:
топтық экскурсиялар, соның ішінде әр бейсенбі сайын өтетін тегін экскурсиялар, «Музейдегі Наурыз», «Сиқырлы шам», «Әжемнің ертегілері».

Музей залдары күнделікті тәртіппен жұмыс істейді.

gumarov 12020 жылдың 6 наурыз күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде әйгілі қазақстандық суретші Сәкен Ғұмаровтың (1937-1995) шығармашылығына арналған «Құс жолы» жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Танымал қазақстандық суретші Сәкен Ғұмаровтың (1937 - 1995) шығармашылығы ХХ ғасырдың аяғындағы ұлттық бейнелеу өнеріндегі бірегей құбылысты көрсетеді.Көрерменнің назарына ұсынылып отырған көрме суретшінің 1950-1990 жылдар аралығында жазған жеке коллекциясындағы 30 жуық туындыдан тұрады.

stadnichuk 12020 жылдың 5 наурыз күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде танымал қазақстандық суретші Иван Стадничуктің (1913-2000) «Шебердің оралуы» жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің музей қорынан және отбасы жинағынан алынған 50 астам кескіндемелік және акварельдік туындылары қойылған. Иван Стадничук - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның ірі суретшілерінің бірі. Оның шығармашылығы Қазақстан кескіндеме мектебінде үлкен орын алады. Шебердің туындылары, құдды бір табиғатпен үндесуге бәсекелескендей екпінді, түрлі-түсті палитрамен біріктірілген, автордың әрбір жағысында оның жарқын мінезі көрініс тапқандай.

babalar amanaty 12020 жылдың 4 наурызында сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Бабалар аманаты» Республикалық көрмесінің ашылуы өтеді. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп отырған бұл көрменің мақсаты – Республикамыздағы бүкіл көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосу, болашақта өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесімен білім негізін ұштастыру, сондай-ақ әр қилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағлымына терең бойлата отырып, осы ұстаздардың арқасында көрерменге жеткізу.

tan sholpan 12020 жылдың 20 ақпан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Таң-шолпан» Халықаралық тәуелсіз әйел суретшілері қоры көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. «Таң Шолпан» қорының атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені бұл – қайта туылу, таңғы жұлдыз және әйелдің шығармашылық қуатымен байланысты. Қорда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Австралия, Германия, Канада, АҚШ елінен кәсіби суретшілер біріккен.