facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

Angels program 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Ресейдің Қазақстандағы Бас консулдығымен, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен және «Әлем қуыршақтарының орталығы» Қазақстан қуыршақшылары қауымдастығымен бірлесіп, муковисцидозбен ауыратын балаларға көмек ретінде үшінші қайырымдылық аукционының жыл сайынғы «Періштелер уақыты» интерьерлік қуыршақтар көрмесін ұсынады. Көрменің өтетін орны – Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Арт-зертханасы. Өтетін уақыты: 2020 жыл 11-25 қаңтар, сағат 10.00-18.00, дүйсенбіден басқа күндері күн сайын. Көрме 11 қаңтарда сағат 12.00-де ашылады. БАҚ өкілддері үшін баспасөз туры – 11 қаңтар сағат 11.00. Аукциондық сауда-саттық 25 қаңтарда сағат 14.00-де болады.

klim lee 12020 жылдың 8 қаңтар күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде РФ еңбек сіңірген суретшісі, Ресей Көркемсурет академиясының құрметті академигі Клим Лидің «Айналар парадоксы» көрмесінің ашылуы өтеді. Клим Ли И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербург Мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институтының графика факультетін он жылдан астам басқарған, қазір осы жоғарғы оқу орнында өзінің жеке шеберханасына жетекшілік етеді. Тамаша ұйымдастырушы және ұстаз ғана емес, қазіргі заманның көрнекті суретшісі, түрлі графикалық техникалардың асқан шебері.

tashkent 1Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналған кең ауқымды «Қазақстан – таулар мен дала рухы» көрмесі Ташкент қаласында 2019 жылдың 20 - 24 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінде өтеді.

gulmira 12019 жылдың 12 желтоқсан күні, сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Гүлмира Садықованың «Инемен жазылған кескіндеме» авторлық кесте тігу өнерінің алғашқы жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

«Инемен жазылған кескіндеме» – Гүлмира Садықованың бірінші көрмесінің атауы ғана емес, оның шығармашылығының концепциясының мәні. Егер де кескіндемешілер өздерінің туындыларына композиция құрарда, сурет жоспарлап, кенепке қылқаламын жақындатып, түстік акценттерін қоятын болса, ісмер-кестешінің қолындағы ине – қылқаламның, ал мата – кенептің ролін атқарады. Ол суретті инемен ғажап етіп салады, суретші үшін әрбір жіп аралығы кескіндеменің жағындысына тең.

tolesh 12019 жылдың 11 желтоқсан күні, сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық мүсінші Шоқан Төлештің 65-жылдық мерейтойына арналған «Қола мүсіндер симфониясы» жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрмеде Қазақстандағы заманауи мүсіншілердің бірі Шоқан Төлештің 70 аса туындылары ұсынылады. Оның қолада, мәрмәрда, ағаш пен шыныда орындалған композициялары сыртқы баяндау мен құрғақ шындықтан ада. Керісінше, олар әрдайым жарқын метафора, гротеск, көп өлшемділік пен бейненің символдық тереңдігіне ие. Шоқан Төлештің мүсіндік туындылары күрделі пластикалық формуланы білдіреді, олар өздерінің дәлелсіздігімен, лирикалық өткірлігімен және пластикалық өрнегінің мәнерлілігімен қызықтырады.