facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

azhiev 12019 жылдың 5 желтоқсан күні, сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстан акварелінің шебері, қазақ өнеріне еңбегі сіңген өнер қайраткері, мәдениет пен бейнелеу өнері саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш президенті стипендиясының лауреаты, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Әжиев Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрмеге 70 астам графикалық және кескіндемелік туындылар қойылған. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясынан, сол сияқты суретшінің отбасылық жинағынан да алғаш рет қойылған туындылар бар. Үкі Әжиев өзінің көп қырлы шығармашылығында ұлттық акварель мектебінің қалыптасуы мен даму кезеңінің бүтін бір дәуірін бейнелейді. Тынымсыз шығармашылық ізденісі, адамға, айналасындағы бүкіл әлемге деген еркін сүйіспеншілігі, ол Қазақстандағы көркемдік үдерістің дамуындағы бірегей құбылыс ретінде лайықты мойындалды.

smurygin 42019 ж. 3 желтоқсанда сағат 16:00-де «Орталық көрме залында» «Евгений Смурыгин. Сәттің әдемілігі» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді.

Смурыгин Евгений Владимирович – заманауи қазақстандық суретші, кескіндемеші. Өнерде шынайы көрініс, гүл натюрморттары мен сюреалистік, философиялық пен тұрмыс композицияларына арнайы назар аударады.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің, көркем-графика факультетінің түлегі. Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі. Евгений Смурыгин алғашқы жеке көрмесін 2006 жылы осы ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында өткізген. Көрмедегі жұмыстары халықпен жоғары бағаланған. Бұл болашақта көптеген тематикалық шығармалардың салынуына әсер еткен.

shanghai 12019 жылдың 10 – 17 қарашасы аралығында Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің мамандары Қытайдың жетекші мәдени орталықтары – Шанхай мен Нанкинде тағылымдамадан өтті. Музей делегациясының құрамында музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева, Қытай өнерінің мамандары Мария Копелиович және Виолетта Вологодская, реставрация бөлімінің жетекшісі Гүлжан Қалдыбаева, баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева болды. Тағылымдама Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ұйымдастырылған. Мазмұнды бағдарламада әлемге әйгілі музейлер мен көрікті орындарды аралау, шеберлік сабақтары мен қытай өнерінің жетекші реставраторларынан кеңестер алу, өнертану бойынша құнды әдебиеттермен алмасу, бірегей шығыс сәулет өнері бар тарихи аудандармен, философиясымен және ұлттық асханасымен танысу болды.

union 2019 12019 жылдың 12 - 28 қараша күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан суретшілерінің жылдық есептік көрмесі» өтуде.

Көрмеге қазақстандық суретшілердің кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер туындылары (гобелен, киіз паннолар, шым ши, кушкон) қойылды. Республикалық көрмеге Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Өскемен өңірінен 130 суретші қатысып отыр.

pigmalion 12019 жылдың 22 қараша күні, сағат 11.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Pygmalion галереясының раритеттері: еуропалық баспа графикасы мен жапон гравюрасының үздік үлгілері» көрмесі бойынша баспасөз туры өтеді. Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің белсенді қолдауымен ұйымдастырылған. Көрме 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін жалғасады.

Бұл көрме – кемеңгер шеберлердің уақыт пен кеңістіктегі символдық сұхбаты. Pygmalion галереясының коллекциясы әлемдік деңгейдегі суретшілердің авторлық баспа графикасын ұсынады. Өткен шақ пен қазіргі кезең, Шығыс пен Батыс экспозицияның біртұтас кеңістігінде үндесе үйлесім табады.