Events

Таулар шақырады

2026 жылғы 16 маусымда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Виктор Викторович Баландин 1946 жылы Қытайдың Харбин қаласында эмигрант отбасында дүниеге келген. 1957 жылдан бері Алматы қаласында тұрады. Мәскеудегі Бүкілодақтық сырттай инженерлік-құрылыс институтының (ВЗИСИ) сәулет-құрылыс факультетінде білім алған. Ұзақ жылдар кітап графикасы саласында еңбек етіп, «Жалын» баспасынан жарық көрген бірнеше балалар кітабына иллюстрациялар жасаған. Сондай-ақ он жыл бойы «Алматыгороформление» комбинатында қызмет атқарған. Бүгінде суретшінің шығармалары әлемнің 16 астам елінде жеке коллекцияларда сақтаулы.

Асқар тау шыңдары мен қылқанды шыршалардың сүйір ұштары – суретшінің кенептерінде бәрі де өмір тынысымен, салтанатты асқақтықпен үндесіп жатады. Қылқаламының жеңіл де сенімді бояуы көрерменге асқақтық пен жеңілдік сезімін сыйлайды. Виктор Баландин шығармашылығымен алғашқы таныстық дәл осындай әсер қалдырады. Бірнеше жылдардың үлесіндегі жемісті шығармашылық жолында суретшінің үшінші жеке көрмесі ұсынылып отыр. Өнер иесі ешқашан атақ пен марапатқа, қоғамды мойындатуға ұмтылған емес. Ол өмір бойы өнерді табиғи қажеттілік ретінде қабылдап, ішкі жан дүниесінің даусын кенеп бетіне түсірумен болды. Сондықтан бүгінгі көрме – ең әуелі достары мен шығармашылығын бағалайтын көрермендерінің бастамасы, олардың суретші әлемін көпшілікке таныстыруға деген ықыласының нәтижесі. Виктор Баландин үшін шығармашылық – үздіксіз ізденіс пен тәжірибе алаңы. Әрбір туындысында ол жаңа пластикалық шешімдер мен бейнелік мүмкіндіктерді зерттейді. Өнер суретшінің өмір салтына айналды, ол өнерсіз өмір сүре алмады.

Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылған. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. Суретші бейнелеу өнерімен ғана шектелмейді: өлең жазып, гитарада ән шырқайды. Репертуарында белгілі авторлардың әндерімен қатар, юмор мен өмірлік пайымға толы өз шығармалары да бар. Табиғатқа деген махаббаты, оның сұлулығы мен адамға шабыт сыйлайтын қасиеті суретшінің болмысына елеулі ықпал еткен қайнар көздің бірі. Әсіресе таулар оның шығармашылық рухани тірегі, сарқылмас шабыт көзі. Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. Суретші шығармаларында ашық әрі мөлдір түстерге басымдық береді. Алтын реңктес түстердің үйлесіммен салқын күлгін түске ауысуы кенептерге ерекше әуезділік дарытады. Қысқы пейзаждардағы ақықтай жалқын бояулар кристалл тамшылардай жарқырап, кеңістікті нұрға бөлейді. Ал жазғы табиғат көріністері флора мен фаунаның сан қырлы байлығын паш ететін қанық бояу палитрасымен ерекшеленеді.

Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

Авторлық графика суретші шығармашылығында айрықша орын алады. Бұл туындылардан суреткердің табиғаттың әр сәттік күйін, мінезі мен болмысын шынайы бейнелеуге үлгеріп қалғысы келетін ұмтылысы анық сезіледі. Өз жұмыстарында ол қарындаш, көмір, сангина, пастель, маркер секілді түрлі графикалық материалдарды еркін қолданады. Пейзаждық нобайлар шапшаң әрі сенімді орындалған, әрбір сызық, штрих пен дақтың қағаз бетіне қалай шеберлікпен түскені бірден аңғарылады. Суретші ең басты образдық өзекті дәл таба отырып, ұсақ деталдарды да назардан тыс қалдырмайды: тау жоталары аясындағы кішкентай адам бейнесі, шырша бұтақтарының арасында көзге әрең шалынатын жазғы шатыр, алау жалыны мен асығыс қайнап жатқан шәйнек. Осындай деталдар арқылы көрермен суретшінің табиғаттың сырттай бақылаушысы ғана емес, сол әлемнің ажырамас бөлшегі екенін сезінеді. Ол табиғатпен бірге тыныстап, сұлулығын нәзік жүрегімен қабылдап, шығармалары арқылы сол сұлулыққа мадақ жырын арнайды.

Виктор Баландиннің акварельдік туындыларына тән басты ерекшелік – үлпілдеген әуедей кеңістігі, ішкі сәулеге толы мөлдірлігі мен барқыттай жұмсақ әсерінде. «Бір кезеңдері мен тек акварельмен ғана жұмыс істедім. Түрлі қағаздардың қасиеттерін зерттедім, дымқыл техникада жұмыс істеу үшін қағазды жібіту уақытын тәжірибе жүзінде анықтадым, гуашь, акрил, тушь секілді материалдарды араластырып, үздіксіз іздендім», – дейді суретші бір сөзінде. Кейбір шығармаларға көз салғанда, көрермен ертегілер әлеміне енгендей күй кешеді.

Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. «Ғибадатханалар аңғары» картинасы көрерменді ежелгі Үндістанның тылсым әлеміне жетелейді. Қызыл күннің жалындап батуы, көкке ұмтылған ғибадатхана күмбездері мен алып тау сілемдері бұл туындыға эпикалық сипат береді. Өзеннің ирелеңдеген арнасы әйгілі Брахмапутра өзенін елестетеді.

Суретшінің картиналарындағы сюжеттер – оның қиял әлемінен туған көркем бейнелер. Готикалық үлгідегі асқақ сарайлар, көкке ұмтылған сәулелер, өзімен бірге ғимараттарды, түрлі заттарды, гүлдерді, инеліктер мен көбелектерді ілестіре көтеріп бара жатқандай әсер қалдырады. «Табиғатқа немесе нақты нысанға қарамай, өз қиялыммен жұмыс істеген кезде мені ештеңе шектемейді. Мұндай туындыларда шығармашылық еркіндік әлдеқайда мол болады. Ал фотосуретке сүйенген сәтте қолым өзімдікі емес секілді сезіледі. Ішкі дүнием қарсылық білдіріп, еркіндік пен өзіндік көркем ойды талап етеді. Сондықтан менің жұмыстарымда нақты бір тау немесе белгілі бір мекен жоқ. Олардың бәрі – табиғаттың шынайы бейнелерінен, тау сілемдерінің сұлулығы мен пейзаждардың әсерінен нәр алған қиялымның жемісі», – дейді.

Тау, поэзия, музыка мен өнерге деген шынайы сүйіспеншілік – Виктор Баландин тұлғасының қалыптасуына негіз болған басты құндылықтар. Суретшінің бай рухани әлемі де осы бастаулардан нәр алады. Ұлы табиғатпен сырласқан сәттерде жүрекке ұялаған ең таза әрі ең жарқын сезімдер оның полотноларында көркем бейнеге айналған. Баландин шығармаларындағы табиғат кейде қол жетпес жұмбақ әлемдей алыстап кетсе, кейде көрерменге мейлінше жақын әрі таныс болып көрінеді. Алайда ол қашан да асқақ әрі айбынды қалпынан айнымайды. Бұл кеңістікте адам да табиғаттың ажырамас бөлшегі ретінде көрінеді. Ол – мәңгілік жолаушы. Кейде ұзақ сапардан кейін тыныстап отырған саяхатшы, кейде жаңа бағындырған шыңнан ашылған көрініске сүйсіне көз тіккен жан. Көркем табиғат аясында тігілген шатырлар, альпинистің құралдары, от басында қайнап тұрған қара қазан, рухтас жандармен өрілген сырлы әңгімелер, гитара үні, түнгі салқын ауада маздаған алау жалыны мен тау тыныштығының әсем әуені – мұның бәрі Баландин пейзаждарының ажырамас бөлшегіне айналған.

Виктор Баландин шығармашылығының өзегінде шынайылық, өмірсүйгіштік пен еркіндік рухы жатыр. Оның туындылары табиғат сұлулығын жырлайтын, өмір мен қарапайым адам бақытына арналған көркем гимн іспетті. Көптеген жұмыстарында ғарыштық кеңістік пен әлем тұтастығы идеясы да көрініс табады. Бұған «Әлемдердің тоғысуы», «5 күн» секілді шығармалары дәлел.

Суретшінің туындылары ерекше ішкі қуатымен тартымды, көрерменді әлі бағындырылмаған биіктерге, адамзаттың болашақ мұраттарына қарай жетелейді. Оның картиналарында жанның ең терең түкпіріне әсер ететін бір құпия сыр бар. Ол бір мезетте әрі жұмбақ, әрі қарапайым, әрі мөлдір. Бұл туындыларды тамашалағанда саф бұлақтың мұздай мөлдір суынан сусындағандай күй кешесің. Өмірдің өз болмысындай табиғи, шынайы әрі жанға қуат беретіндей тамаша әсер қалдырады.

 

Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00–19:00

Демалыс күні: дүйсенбі

Көрме кураторы: Наталия Баженова.

Latest Instagram News

Instagram
📢 📢📢 📢 📢📢 «Жад бедері/ Matter of Memory»
Арухан (Гаухар Бисенғалиева)

⚜️2026 жылдың 24 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қазақстандық суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиеваның) «Жад бедері / Matter of Memory» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2026 жылдың 23 тамызына дейін ашық болады.

🔸Арухан – киіз, дала шөптері мен өзге де табиғи материалдарды шығармашылығының өзегіне айналдырған заманауи қазақстандық суретші. Ол өз туындыларында жад, уақыт, мәдени мұра һәм адам мен оның қоршаған ортамен байланысы сынды тақырыптарды зерделейді. Суретші аталған материалды сәндік дәстүрдің ғана көрінісі емес, өз алдына дербес көркемдік тілге ие медиум ретінде қарастырады.

🔸Жадтың материал бойында қалай таңбаланатыны туралы ой, оның уақытпен бірге қалай түрленетіні туралы толғаныс көрмеге өзек болған. Аруханның туындылары жадты көзге көрінбейтін абстракт ұғым ретінде емес, заттың беткі бедері мен қат-қабат қатпарларына, яки өне бойына сіңіп, уақытпен бірге ғұмыр кешетін тірі физикалық құбылыс ретінде танытады. Аруханның өзі қалыптастырған киізді табиғи жолмен ескірту тәсілі материалға уақыттың табын дарытып, оны адамзат тәжірибесі қатталған мұрағатқа айналдырады.

Кураторы: Ақжарқын Құмарбаева
Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина

📍 Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі
🕓 Ашылуы: 24 шілде,16:00
🗓️2026 жыл 24 шілде – 23 тамыз аралығында «Жад бедері/ Matter of Memory» Арухан (Гаухар Бисенғалиева) ⚜️2026 жылдың 24 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қазақстандық суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиеваның) «Жад бедері / Matter of Memory» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2026 жылдың 23 тамызына дейін ашық болады. 🔸Арухан – киіз, дала шөптері мен өзге де табиғи материалдарды шығармашылығының өзегіне айналдырған заманауи қазақстандық суретші. Ол өз туындыларында жад, уақыт, мәдени мұра һәм адам мен оның қоршаған ортамен байланысы сынды тақырыптарды зерделейді. Суретші аталған материалды сәндік дәстүрдің ғана көрінісі емес, өз алдына дербес көркемдік тілге ие медиум ретінде қарастырады. 🔸Жадтың материал бойында қалай таңбаланатыны туралы ой, оның уақытпен бірге қалай түрленетіні туралы толғаныс көрмеге өзек болған. Аруханның туындылары жадты көзге көрінбейтін абстракт ұғым ретінде емес, заттың беткі бедері мен қат-қабат қатпарларына, яки өне бойына сіңіп, уақытпен бірге ғұмыр кешетін тірі физикалық құбылыс ретінде танытады. Аруханның өзі қалыптастырған киізді табиғи жолмен ескірту тәсілі материалға уақыттың табын дарытып, оны адамзат тәжірибесі қатталған мұрағатқа айналдырады. Кураторы: Ақжарқын Құмарбаева Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина 📍 Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 🕓 Ашылуы: 24 шілде,16:00 🗓️2026 жыл 24 шілде – 23 тамыз аралығында ⚜️2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphyкорей каллиграфиясы көрмесі өтеді.
Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді.

🔹2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағыКорея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді.

🔸«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфияассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері – 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған.

🔺Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphyкорей каллиграфиясы көрмесі өтеді. Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді. 🔹2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағыКорея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді. 🔸«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфияассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері – 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған. 🔺Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ✨ Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында өтіп жатқан «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрмені тамашалап үлгеріңіздер!

Көрме көрерменді ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылықтары және адам өміріндегі ең жақын әрі қымбат жандар туралы ой қозғауға жетелейді.

📍 Сіздерді ерекше көрме кеңістігін тамашалап, суретшілердің туындылары арқылы отбасы тарихы мен рухани сабақтастықтың көркем бейнесін бірге сезінуге шақырамыз.

✨ Успейте посетить групповую выставку «Действие семейного альбома», которая проходит в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева!

Выставка приглашает зрителей задуматься о преемственности поколений, семейных ценностях и самых дорогих людях в жизни каждого человека.

📍 Приглашаем вас познакомиться с уникальным выставочным пространством и через произведения  художников почувствовать художественное осмысление семейной истории, памяти и духовной преемственности.

@qazartconsult ✨ Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында өтіп жатқан «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрмені тамашалап үлгеріңіздер! Көрме көрерменді ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылықтары және адам өміріндегі ең жақын әрі қымбат жандар туралы ой қозғауға жетелейді. 📍 Сіздерді ерекше көрме кеңістігін тамашалап, суретшілердің туындылары арқылы отбасы тарихы мен рухани сабақтастықтың көркем бейнесін бірге сезінуге шақырамыз. ✨ Успейте посетить групповую выставку «Действие семейного альбома», которая проходит в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева! Выставка приглашает зрителей задуматься о преемственности поколений, семейных ценностях и самых дорогих людях в жизни каждого человека. 📍 Приглашаем вас познакомиться с уникальным выставочным пространством и через произведения художников почувствовать художественное осмысление семейной истории, памяти и духовной преемственности. @qazartconsult ⚜️«Отбасылық альбомның әсері» көрмесінің іс-шаралар бағдарламасы

🔺Сіздерді кураторлық экскурсияларға, балаларға арналған арт-медиацияға және суретшілермен өтетін қорытынды кездесуге шақырамыз.

🔸Бұл — көрмені тамашалап қана қоймай, оның идеялары туралы пікір алмасуға, авторлармен танысуға және кураторға өз сұрақтарыңызды қоюға тамаша мүмкіндік.

📌11 шілде (сенбі), 12:00
— Кураторлық экскурсия

📌18 шілде (сенбі), 12:00
— Балаларға арналған арт-медиация және кураторлық экскурсия

📌25 шілде (сенбі), 16:00
Финисаж
— Artist Talk: куратор мен суретшілердің қатысуымен өтетін кездесу. Көрменің идеясы, жасалу үдерісі және жоба қорытындылары туралы әңгіме.

📍 Орталық көрме залы
Желтоқсан көшесі, 137, Алматы.

🎫Кіру — музей билетімен. Алдын ала тіркелу қажет емес.

Қосымша кураторлық экскурсиялар алдын ала Direct арқылы жазылу негізінде, іс жүзінде кез келген күні ұйымдастырылады.

Көрме 26 шілдені қоса алғанда жалғасады.

⚜️Программа мероприятий выставки «Действие семейного альбома»

🔺Приглашаем вас на кураторские встречи, детскую медиацию и финальную встречу с художниками. Это возможность не только увидеть выставку, но и поговорить о её идеях, познакомиться с авторами и задать вопросы куратору.

📌11 июля (суббота), 12:00
— Кураторский тур

📌18 июля (суббота), 12:00
— Детская медиация и кураторский тур для детей

📌25 июля (суббота), 16:00
Финисаж
— Artist Talk с куратором и художниками. Разговор о выставке, её создании и итогах проекта.

📍 Центральный выставочный зал. Желтоксан, 137, Алматы.

🎫Вход — по билету музея, регистрация не требуется.

Дополнительные кураторские туры возможны по предварительной записи в Direct — практически в любой день.

Выставка открыта до 26 июля включительно. ⚜️«Отбасылық альбомның әсері» көрмесінің іс-шаралар бағдарламасы 🔺Сіздерді кураторлық экскурсияларға, балаларға арналған арт-медиацияға және суретшілермен өтетін қорытынды кездесуге шақырамыз. 🔸Бұл — көрмені тамашалап қана қоймай, оның идеялары туралы пікір алмасуға, авторлармен танысуға және кураторға өз сұрақтарыңызды қоюға тамаша мүмкіндік. 📌11 шілде (сенбі), 12:00 — Кураторлық экскурсия 📌18 шілде (сенбі), 12:00 — Балаларға арналған арт-медиация және кураторлық экскурсия 📌25 шілде (сенбі), 16:00 Финисаж — Artist Talk: куратор мен суретшілердің қатысуымен өтетін кездесу. Көрменің идеясы, жасалу үдерісі және жоба қорытындылары туралы әңгіме. 📍 Орталық көрме залы Желтоқсан көшесі, 137, Алматы. 🎫Кіру — музей билетімен. Алдын ала тіркелу қажет емес. Қосымша кураторлық экскурсиялар алдын ала Direct арқылы жазылу негізінде, іс жүзінде кез келген күні ұйымдастырылады. Көрме 26 шілдені қоса алғанда жалғасады. ⚜️Программа мероприятий выставки «Действие семейного альбома» 🔺Приглашаем вас на кураторские встречи, детскую медиацию и финальную встречу с художниками. Это возможность не только увидеть выставку, но и поговорить о её идеях, познакомиться с авторами и задать вопросы куратору. 📌11 июля (суббота), 12:00 — Кураторский тур 📌18 июля (суббота), 12:00 — Детская медиация и кураторский тур для детей 📌25 июля (суббота), 16:00 Финисаж — Artist Talk с куратором и художниками. Разговор о выставке, её создании и итогах проекта. 📍 Центральный выставочный зал. Желтоксан, 137, Алматы. 🎫Вход — по билету музея, регистрация не требуется. Дополнительные кураторские туры возможны по предварительной записи в Direct — практически в любой день. Выставка открыта до 26 июля включительно. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі өтуде.

🔸Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі.

🎥Бейнебаян: Abai TV телеарнасы

⚜️ В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит юбилейная выставка мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника».

🔸 Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения.

🎥 Видеосюжет: телеканал Abai TV ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі өтуде. 🔸Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі. 🎥Бейнебаян: Abai TV телеарнасы ⚜️ В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит юбилейная выставка мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🔸 Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения. 🎥 Видеосюжет: телеканал Abai TV
VIRTUAL RECEPTION