Events

«Корея – Орталық Азия»

2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі өтеді.

Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы (Бас консул Ха Тэ Ук) «Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің табысты өтуіне қолдау көрсету мақсатында, сондай-ақ Корея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеп «Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» атты корей каллиграфиясы көрмесін ұйымдастырады.

2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағы Корея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді.

«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған.

Экспозицияда Орталық Азиядағы корей тілі мен мәдениетін сақтаудың бірегей символына айналған «Корё Ильбо» газетіне арналған туындылар ерекше орын алады. Келушілер назарына көрнекті каллиграф шебері Кан Бён Иннің «Корё Ильбо» газетінің 100 жылдық мерейтойына тарту еткен «Түп-тегіңе жақында» атты шығармасымен қатар, бірқатар каллиграфиялық жұмыстар ұсынылады. Басылым 1937 жылы Орталық Азияға күштеп қоныс аударылған кәрістердің ұрпақтарының күш-жігерімен бүгінгі күнге дейін жарық көріп, корё-сарам қауымының тілі мен мәдениетін, тарихи жадын сақтауға бағытталған орталық ретінде үздіксіз жарияланып келеді.

Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді. Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алады. Театр ұжымы көп жылдан бері сахна өнері арқылы корей тілін, ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұрасын сақтауда, насихаттауда тынбай еңбектеніп келеді. Ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін келушілер үшін корей ұлттық тағамдарының (K-Food) дәмін тату рәсімі мен корей каллиграфиясы бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылады. Бұл шара қатысушыларға дәстүрлі корей каллиграфиясының негізгі қағидаларымен және орындау техникасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулы Ха Тэ Ук өзінің құттықтау сөзінде «Корея – Орталық Азия» алғашқы саммиті Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара сенімге негізделіп, ортақ болашаққа бағдарланған ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңіне айналатынын атап өтеді. Бұл көрме Корея Республикасы мен Орталық Азия арасындағы мәдени байланыстарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарған адамдардың және Хангыль әліпбиінің тарихи әрі мәдени маңызын жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді әрі Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасында берік мәдени көпір орнататынына сенім білдіреді.

 

Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.

Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.

Көрме кураторы:

Айдымбаева А.А.,

Шетел өнері бөлімінің жетекшісі.

Latest Instagram News

Instagram
BalaGuide — дети в роли музейных гидов! 🎨

BalaGuide – уникальная рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, где юные исследователи знакомят вас с музейными экспонатами своим языком.

Без сложных терминов — только живой интерес, искренние эмоции и детский взгляд на искусство. ✨

В новом выпуске Анна приглашает вас в зал западноевропейского искусства и рассказывает о произведениях, которые особенно привлекли её внимание.

Смотрите новый выпуск “BalaGuide” и открывайте мир искусства глазами ребёнка! 💫

#BalaGuide BalaGuide — дети в роли музейных гидов! 🎨 BalaGuide – уникальная рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, где юные исследователи знакомят вас с музейными экспонатами своим языком. Без сложных терминов — только живой интерес, искренние эмоции и детский взгляд на искусство. ✨ В новом выпуске Анна приглашает вас в зал западноевропейского искусства и рассказывает о произведениях, которые особенно привлекли её внимание. Смотрите новый выпуск “BalaGuide” и открывайте мир искусства глазами ребёнка! 💫 #BalaGuide Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер

⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға.

Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады.

«Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар.

Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды.

«Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы.

Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер ⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы! Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға. Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады. «Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар. Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды. «Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы. Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media.

Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова.

Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа.

📌Экспозиция будет открыта до 18 августа.
​​​​​ ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media. Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова. Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа. 📌Экспозиция будет открыта до 18 августа. ​​​​​ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады.

Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨

✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory».

Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их.

📍 Выставка продлится до 24 августа.

Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады. Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory». Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их. 📍 Выставка продлится до 24 августа. Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 

🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.

Абайды тану – өзіңді тану!

@madeniet__aqparat__ministrligi 
@qaz.culture ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. 🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған. Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар. Абайды тану – өзіңді тану! @madeniet__aqparat__ministrligi @qaz.culture ✨10 тамыз — Абай күні

🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 
 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!

✨10 августа — День Абая

🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ✨10 тамыз — Абай күні 🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз. 🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін! ✨10 августа — День Абая 🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения. 🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя. 🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации!
VIRTUAL RECEPTION