Events

«ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ»

2026 жылдың 4 тамыз 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозиция суретшінің шығармашылық жолын кең көлемде қамтитын оқиғаға айналмақ, 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады.

Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді. Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілер көшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі.

Көрмеде автордың елу жылдық шығармашылық жолын айғақтайтын туындылары ұсынылады. Келушілер станоктық мүсіндерді, портреттік жұмыстарды, анималистік композицияларды, философиялық және абстрактілі ізденістерді, сондай-ақ Қазақстанның әр өңірінде орналасқан монументалды шығармалардың фотоматериалдарын тамашалай алады. Экспозициядағы негізгі кураторлық назар – соңғы жылдары дүниеге келген жаңа туындыларға бағытталған. Олардың басым бөлігі көрермен назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Көрменің басты тұжырымдамасы – суретші шығармаларының қалалық кеңістіктегі тағдыры туралы баяндауы болмақ. Павел Шороховтың көптеген мүсіндері Қазақстанның мәдени ландшафтының ажырамас бөлігіне айналғанымен, кейбірінің тағдыры күрделі болды. Жекелеген туындылар қоғамдық кеңістікте із-түссіз жоғалды, кейбірі жойылып кетті, кейбірінің тек архивтік суреттері ғана бар, кейбірі тек қала тұрғындарының жадында ғана сақталған. Көрме Павел Шороховтың шығармашылық мұрасын таныстырумен ғана шектелмейді, сонымен қатар алаң-саябақтардағы монументалды мүсіндерінің сақталуы мен қаланың мәдени жадын қорғау мәселелерін назарға алатын мәдени жоба ретінде де қарастырылады.

Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады. Мерейтойлық көрме Павел Шороховты монументалды ескерткіштер мен мүсіндік ансамбльдердің авторы ретінде ғана емес, сонымен қатар станоктық мүсін өнерінің нәзік те терең шебері ретінде де жаңа қырынан танытады. Оның туындыларының ішкі қозғалысы мен өміршең қуатын айқын сезіндіреді. Ол суретшілік пен мүсін өнерінің көркемдік мүмкіндіктерін кәсіби деңгейде игерген әмбебап шебер ретінде көрінеді.

Көрме өнертанушыларға, сәулетшілерге, суретшілерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ Қазақстанның заманауи бейнелеу өнері мен ұлттық мүсін өнерінің тарихына қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналған.

 

БАҚ өкілдеріне арналған ПРЕСС-КӨРМЕ. Алдын ала аккредитациядан өту – 4 тамыз, 14:00. Музейдің баспасөз қызметі: +7 707 781 67 27

Көрменің салтанатты ашылуы 4 тамыз, 16:00. Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. (WhatsApp: +7 777 298 90 49).*

Latest Instagram News

Instagram
BalaGuide — дети в роли музейных гидов! 🎨

BalaGuide – уникальная рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, где юные исследователи знакомят вас с музейными экспонатами своим языком.

Без сложных терминов — только живой интерес, искренние эмоции и детский взгляд на искусство. ✨

В новом выпуске Анна приглашает вас в зал западноевропейского искусства и рассказывает о произведениях, которые особенно привлекли её внимание.

Смотрите новый выпуск “BalaGuide” и открывайте мир искусства глазами ребёнка! 💫

#BalaGuide BalaGuide — дети в роли музейных гидов! 🎨 BalaGuide – уникальная рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, где юные исследователи знакомят вас с музейными экспонатами своим языком. Без сложных терминов — только живой интерес, искренние эмоции и детский взгляд на искусство. ✨ В новом выпуске Анна приглашает вас в зал западноевропейского искусства и рассказывает о произведениях, которые особенно привлекли её внимание. Смотрите новый выпуск “BalaGuide” и открывайте мир искусства глазами ребёнка! 💫 #BalaGuide Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер

⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға.

Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады.

«Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар.

Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды.

«Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы.

Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер ⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы! Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға. Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады. «Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар. Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды. «Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы. Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media.

Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова.

Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа.

📌Экспозиция будет открыта до 18 августа.
​​​​​ ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media. Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова. Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа. 📌Экспозиция будет открыта до 18 августа. ​​​​​ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады.

Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨

✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory».

Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их.

📍 Выставка продлится до 24 августа.

Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады. Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory». Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их. 📍 Выставка продлится до 24 августа. Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 

🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.

Абайды тану – өзіңді тану!

@madeniet__aqparat__ministrligi 
@qaz.culture ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. 🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған. Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар. Абайды тану – өзіңді тану! @madeniet__aqparat__ministrligi @qaz.culture ✨10 тамыз — Абай күні

🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 
 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!

✨10 августа — День Абая

🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ✨10 тамыз — Абай күні 🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз. 🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін! ✨10 августа — День Абая 🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения. 🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя. 🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации!
VIRTUAL RECEPTION