30 мая 2021 года в 12.00 состоится открытие выставки учеников «Арт-лаборатории» Центральном выставочном зале ГМИРК им. А. Кастеева - «Полифония цвета».
13 мая 2021 года в 12.00 в «Парке скульптуры» Государственного музея искусств РК им. А. Кастеева состоится открытие малой архитектурной формы «Солнечные часы», посвященной памяти дизайнера, архитектора, художника-постановщика кино Алима Сабитова (1956-2019)
May 18, 2021 at the State Museum of Arts of the Republic of Kazakhstan named after A. Kasteev will host an annual large-scale project dedicated to the International Museum Day. The theme of this year's event, according to the concept of the International Council of Museums ICOM: "The Future of Museums - Recover and Reimagine". In 2021, due to the unstable epidemiological situation in the country and the world, the main events of the annual festive action "NIGHT IN THE KASTEEV MUSEUM" will be held online. The main broadcasting platform is FaceBook and Youtoobe, with replay on the museum's website. For visitors wishing to visit the OFLINE expositions on this day, the museum will also be open as usual from 10:00 to 18:00. The entrance for museum visitors is free throughout the day.
4 мая 2021 года в 16:00 в ГМИ РК им. А. Кастеева открывается персональная выставка казахстанского художника Вячеслава Люй-ко «Вчера. Сегодня. Завтра». Пресс-тур для журналистов в 15:00.
May 1, 2021 at 15:00 State Museum of Arts of the Republic of Kazakhstan named after A. Kasteeva, within the framework of the celebration of the Day of the Unity of the Peoples of Kazakhstan, a press tour and the opening of the personal exhibition of the Kazakh artist Nurshidin Baratov "The sky is getting closer" will take place.
The exhibition features over 80 paintings by the artist.
Latest Instagram News
Instagram
«История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева.
Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи.
#ИсторияОдногоШедевра
⚜️2026 жылғы 22-26 маусым аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық семинар өтті.
🔹Бес күнге созылған халықаралық семинар музей ісіндегі заманауи үрдістерді, мәдени мұраны цифрландыру мен басқарудың озық тәжірибелерін талқылауға арналды. Семинар барысында Түркияның музей саласындағы жетекші мамандары музей қорларын цифрландыру, коллекцияларды басқарудың ұлттық жүйелері, виртуалды музейлер, экспозиция және уақытша көрмелерді жобалау, музейдегі әлеуметтік желілер мен мәдени коммуникация, келушілер тәжірибесін жетілдіру, музейлік білім беру бағдарламалары, сондай-ақ халықаралық музей ынтымақтастығын дамыту бағыттары бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді.
🔸Бағдарлама аясында қатысушылар музей ісіндегі цифрлық технологияларды енгізу, музей қорларын сақтау мен есепке алу, көрме кеңістігін ұйымдастыру, келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері және мәдени мұраны кеңінен қолжетімді етудің тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар семинар практикалық тапсырмалар, пікірталастар және тәжірибе алмасу форматында өтті.
🔺Халықаралық семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 90-нан астам музей мамандары қатысты. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің атынан «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің Кескіндеме және театр-декорация өнері секторының жетекшісі Мамытова Самал Мұхтарқызы қатысып, музей ісін цифрландырудың халықаралық тәжірибесімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты.
⚜️2026 жылдың 28 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🔹Көрмеде 80-нен астам туынды ұсынылды. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар қойылды. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілді. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынды.
🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Америка Қрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетті.
🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түсті. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынды.
📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері.
⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті.
🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады.
🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды.
⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ».
🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию.
🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе.
⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.
🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды.
🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.
🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды.
🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан.
Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті.
Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз.






