Вчера в Музее им. А. Кастеева состоялось торжественное открытие 4-ой международной выставки авторской интерьерной куклы "Вместе Навсегда". В выставке принимают участие множество мастеров из Казахстана, России, Беларуси, Украины и Франции. Выставку открывали директор ГМИ РК Гульмира Кенжеболатовна Шалабаеваи Генеральный Консул Российской Федерации в Казахстане Евгений Петрович Бобров
28 октября 2020 года в 12:00 - В Государственном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялось торжественное открытие выставки под названием «Этот удивительный и хрупкий мир». Выставка картин, организованная Ассоциацией экологических организаций Казахстана в рамках социального проекта «Stop Musor», призвана обратить внимание посетителей на проблему возрастающего замусоривания, как в городах, так и на природе.
В Центральном выставочном зале ГМИ РК им. А.Кастеева 20 октября 2020 года в 16.00 состоится открытие персональной выставки Тюнина Ивана Васильевича «Палитра поколений».
С раннего детства Ваня страстно хотел рисовать. По пути в школу и домой, он наблюдал всю красоту наступающего дня, его краски и оттенки. Творческое начало, заложенное в ребенке, позволяло мальчику замечать мелкие детали и красоту мира. Осенний алтайский лес пылал багрянцем, зимний снег лежал искристым покрывалом, весна просыпалась неимоверным буйством красок. Как же хочется перенести это все на бумагу! Но шел 47-й год, страна только поднималась из послевоенной разрухи, был тотальный дефицит всего, в том числе и обычных красок. И чтобы продолжать самостоятельные занятия рисованием, парню приходилось использовать уголь и самодельные краски.
Сегодня в Музее Искусств им. А. Кастеева состоялось торжественное открытие выставки алматинского художника Галыма Оспанова.
Творческая выставка «Эйкос +» знакомит зрителя с работами художника, выполненными в последние два года. Значение слова эйкос является равнозначным древнему греческому эквиваленту слова экология (лат. оіkos – дом, жилище; logos – учение). На выставке представлены более 30 живописных произведений в жанре натюрморта. Работы затрагивают актуальные мировые вопросы и проблемы нашей родины: экология, пандемия.
Выставка "Эйкос+" открыта для публики ежедневно, за исключением понедельников, с 10-00 до 18-00.
Музей Искусств им. А. Кастеева с радостью сообщает об открытии выставки, посвященной 90-летию со дня рождения Евгения Сидоркина - лауреата Государственной премии Казахской ССР им. Ч. Валиханова. Выставка «Мой Казахстан» открывается для публики 9-го октября 2020 года. По случаю юбилея художника, было также опубликовано второе издание монографии творчества Евгения Сидоркина, авторства профессора Гульмиры Кенжеболатовны Шалабаевой. Мы приглашаем всех ценителей искусства ознакомиться с уникальными работами из фондов, которые с сегодняшнего дня представлены в экспозиции ГМИ РК им. А.Кастеева. Книга о творчестве народного художника Казахской ССР, переведенная на три языка, может быть приобретена в нашем сувенирном магазине.
Latest Instagram News
Instagram
⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қабырғасында суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы.
🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе.
🔺Жобаның тарихы 2015 жылы The Ritz-Carlton Moscow қонақүйінде өткен «Анар қашан гүлдейді?» атты топтамадан бастау алады. Сол кезде он бес картинадан тұратын топтама алғаш рет біртұтас көркемдік тұжырым ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Өткен он жыл ішінде жоба талай рет түрлі кеңістіктерде таныстырылып, картиналар әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Экспозиция үнемі жаңа туындылармен, тың бояулармен, жаңа сюжеттермен және терең философиялық ой-толғамдармен толықтырылып отырды.
🔺Әрбір жаңа көрме өзінің негізгі идеялық өзегін сақтай отырып, көрерменмен сұхбат құрудың өзгеше формасына ие болды. Уақыт өте келе жоба дәстүрлі көрме шеңберінен шығып, кескіндеме, кеңістік пен көрермен біртұтас көркем әрекетке айналатын «көрме-қойылым» сипатына ие болды. Осылайша анар ағаштарының бейнесі біртіндеп «Анар бағына» айналды.
🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады.
🔺Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады.
📌Көрме кураторлары - Екатерина Дильбази, Емангалиева К.А
⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
🔸Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылды. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік шығармалар, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енді. Бұл Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытқан көрме болды.
🔹«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Алтынбек Құмаровтың ерекше ден қойып, ыждағатпен айналысқан қолөнер саласының бірі – сирек кездесетін ұлттық музыкалық аспаптар болды. Шебер қазақ мәдениетінде сирек сақталған көне үлгідегі қосарлы аспаптарды қайта жаңғыртып, олардың жаңа тыныс алуына ықпал етті.
🔺Көшпелі өмір кеңістігінде, жалпы қазақ қоғамында шеберлердің орны айрықша болған. Ағашты, металды, теріні және өзге де қолөнер түрлерін бірдей меңгерген әмбебап шеберлер аса жоғары бағаланған. Киіз үйдің құрылымынан бастап жылқы тағасына дейін өз қолымен жасайтын адам еркін ойлы, дербес тұлға саналған. «Қазақ» атауының түп-төркіні де осындай еркіндік ұғымымен астасып жатқаны айтылды. Ғасырлар бойы екшеліп, кемелденген жасалу дәстүрін игеру, оны өз талғамымен әрлеп, көркем біртұтастыққа айналдырып ұсыну – шынайы шеберліктің көрінісі екені көрме барысында айқын аңғарылды. Алтынбек Мұқамедрахимұлы дәстүрлі өнердің сабақтастығын жалғап тұрған алтын көпір іспетті тұлға ретінде танылып, оның шығармашылық мол мұрасы уақыт бедерінде өшпес із қалдырған асыл қазынаға айналды.
📌Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп
«История одного шедевра» продолжает знакомить вас с выдающимися произведениями из собрания Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева.
Героиней второго выпуска стала легендарная Шара Жиенкулова, запечатлённая в картине Гульфайрус Исмаиловой «Казахский вальс». Это не просто портрет выдающейся артистки, а яркий художественный образ, в котором оживают красота казахского танца, национальный колорит и дух целой эпохи.
#ИсторияОдногоШедевра
⚜️2026 жылғы 22-26 маусым аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық семинар өтті.
🔹Бес күнге созылған халықаралық семинар музей ісіндегі заманауи үрдістерді, мәдени мұраны цифрландыру мен басқарудың озық тәжірибелерін талқылауға арналды. Семинар барысында Түркияның музей саласындағы жетекші мамандары музей қорларын цифрландыру, коллекцияларды басқарудың ұлттық жүйелері, виртуалды музейлер, экспозиция және уақытша көрмелерді жобалау, музейдегі әлеуметтік желілер мен мәдени коммуникация, келушілер тәжірибесін жетілдіру, музейлік білім беру бағдарламалары, сондай-ақ халықаралық музей ынтымақтастығын дамыту бағыттары бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді.
🔸Бағдарлама аясында қатысушылар музей ісіндегі цифрлық технологияларды енгізу, музей қорларын сақтау мен есепке алу, көрме кеңістігін ұйымдастыру, келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері және мәдени мұраны кеңінен қолжетімді етудің тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар семинар практикалық тапсырмалар, пікірталастар және тәжірибе алмасу форматында өтті.
🔺Халықаралық семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 90-нан астам музей мамандары қатысты. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің атынан «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің Кескіндеме және театр-декорация өнері секторының жетекшісі Мамытова Самал Мұхтарқызы қатысып, музей ісін цифрландырудың халықаралық тәжірибесімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты.
⚜️2026 жылдың 28 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🔹Көрмеде 80-нен астам туынды ұсынылды. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар қойылды. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілді. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынды.
🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Америка Қрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетті.
🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түсті. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынды.
📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері.
⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті.
🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады.
🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды.
⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ».
🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию.
🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе.






