Events

ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ

ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ

Сахи Романов, Бек және Дайыр Төлековтердің мерейтойлық көрмесі

2026 жылдың 22 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің ашылуы өтеді. Көрме Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романов (1926-2002) пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың (1926-2013) туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ экспозицияда Дайыр Төлековтың (1956-2016) шығармалары да ұсынылған.

Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік және адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің өмірге келуіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.

Бұл көрме көрерменді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың шығармашылығымен де таныстырады. Ол қазақ бейнелеу өнері тарихында монументалды мүсін өнерінің көрнекті шебері ретінде танылған. Бек Төлеков Қазақстандағы қалалық саябақтық мүсін өнерінің негізін қалаушылардың бірі саналады. Бек Төлеков Актөбе облысында дүниеге келген. 1956 жылы Алматы көркемөнер училищесінің мүсін бөлімін үздік аяқтаған. 1951 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі, ал 1960 жылдан халықаралық, одақтық және республикалық көрмелерге тұрақты қатысып келеді. Оның ең танымал еңбектерінің қатарында Мұхтар Әуезовке (1972, Алматы), Мәншүк Мәметоваға (1978, Невель), Ж. Қуанышбаевқа және В. Чапаевқа (1982, Орал) арналған ескерткіштер бар. Бек Төлеков шығармалары монументалды пішін айқындығымен, эпикалық сипатымен және жоғары көркемдік шеберлігімен ерекшеленеді.

Экспозицияда ұлттық мүсіншілердің орта буын қатарына жататын Дайыр Төлековтың шығармалары да ұсынылған. Ол 1978 жылы Н. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін тәмамдаған. Шығармашылық жолын белсенді түрде 1980 жылдары бастап, 1985 жылы И. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын (М. Аникушин шеберханасы) аяқтағаннан кейін кәсіби тұрғыда қалыптасты. Көрмеде ұсынылған камерлік мүсіндерінде бейнелеу тілі шарттылыққа, метафоралық астарлы ойға және символдық мәнге құрылып, дәстүр мен заманауи үрдістің өзара байланысы айқын көрінеді. Автордың шығармаларынан күнделікті тіршіліктен тыс жасырын мағыналар мен терең рухани белгілерді танытуға ұмтылыс байқалады.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің қорынан және суретшінің отбасылық қорынан алынған туындылар өмірдің өткіншілігі мен мәңгілігі, өмірдің шынайы құндылықтары туралы ойға жетелейді. Сондай-ақ олар суреткердің өз дәуірінің рухын, болмысын бейнелеу жолындағы биік жауапкершілігін айқындайды.

 

 

Көрме кураторы – А. Джадайбаев,

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының

Ұлттық өнер музейінің «Қазақстанның бейнелеу өнері»

бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері,

өнертану кандидаты

Latest Instagram News

Instagram
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі:

🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік
29.05-31.08.2026

🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі
02.07-26.07.2026

🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме
03.07-26.07.2026

🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 
14.07-02.08.2026

🔹Арухан «Жад бедері»
24.07-23.08.2026

⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль:

🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев»
29.05–31.08.2026

🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника»
02.07–26.07.2026

🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома»
03.07–26.07.2026

🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути»
14.07–02.08.2026

🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти»
24.07–23.08.2026 ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі: 🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік 29.05-31.08.2026 🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі 02.07-26.07.2026 🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме 03.07-26.07.2026 🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 14.07-02.08.2026 🔹Арухан «Жад бедері» 24.07-23.08.2026 ⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль: 🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев» 29.05–31.08.2026 🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника» 02.07–26.07.2026 🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома» 03.07–26.07.2026 🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути» 14.07–02.08.2026 🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти» 24.07–23.08.2026 ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы

🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді:

▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі;
▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар;
▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады.

✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз!

⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory»

🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа:

▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай;
▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой);
▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти.

✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы 🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді: ▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі; ▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар; ▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады. ✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз! ⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory» 🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа: ▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай; ▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой); ▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти. ✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады.

🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді.

 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады. 🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.
 
🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 

🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 

🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 

📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.   🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді.

🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 

🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған.

Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! 

⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 

🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 

🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа.

Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді. 🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған. Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! ⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа. Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни

В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24».

📌Выставка продлится до 26 июля. Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24». 📌Выставка продлится до 26 июля.
VIRTUAL RECEPTION