Events

Түркістан

2026 жылдың 20 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мәдениет және өнер» факультеті «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, профессор Жорабеков Серікбай Құлышұлының «Түркістан – екі дүние есігі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

«Жады»

14 мамыр күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Зейнелхан шығармашылық әулетінің «Жады» атты көрмесіне арналған дөңгелек үстел өтеді. Қатысушылар қатарында Мұхамеджан Зейнелхан,

Гүлжай Құсман және Ботакөз Зейнелхан бар.

Бояулар құпиясы

2026 жылғы 13 мамыр күні сағат 10:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Бояулар құпиясы» атты республикалық жас суретшілер байқауының қалалық кезеңінің көрмесі ашылады. Көрмені ұйымдастырушылар – Алматы қаласы Білім басқармасы мен «Өнер мектебі» КМҚК.

Үш өзек

2026 жылдың 12 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында белгілі қазақстандық апалы-сіңлілі суретшілер - Ғалия және Балхия Құсаиыновалардың «ҮШ ӨЗЕК» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

«Музей түні 2026»

2026 жылдың 16 мамырында сағат 16:00-00:00 аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Халықаралық музей күніне орай жыл сайын өтетін дәстүрлі «Музей түні - 2026» мәдени- ағартушылық акциясы ұйымдастырылады. 2026 жылға арналған ИКОМ ұсыныстарына сәйкес кештің тақырыбы – «Әлемдер тоғысқан музейлер».

Official Instagram Page