Page 24 - Живописи
P. 24

КАТАЛОГҚА ТҮСІНІКТЕМЕ


                 Қазақстан бейнелеу өнерінің ішінара ақ-қара суреттермен көркемделген және барлық өнер түрлері туралы мәліметтері бар
            алғашқы каталогы 1971 жылы жарық көрді. Осы жылдар аралығында жинақтама едәуір өсті. Коллекцияны зерттеу үшін үлкен ғылы-
            ми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижесі «Қазақстан бейнелеу өнері. Кескіндеме» жаңа каталогының І томында көрініс
            тапты.
                 Театрлық көріністердің түпкі ойын білдіретін декорация, костюм, бутафория, реквизиттердің және белгілі шеберлердің қо-
            лымен жасалған нобайлары ІІ томға (Л−Я) «Қазақстанның театрлық кескіндемесі» қосымшасында жеке беріледі.
                 Басылымға  С.  Калмыковтың  кескіндеме,  баспа  және  түпнұсқа  графикада  орындалған  1100  жұмыстан  тұратын  шығар-
            машылығы енгізілмеді. Сондықтан да оның туындыларының жеке каталогын шығару жөнінде шешім қабылданды. Жоба 2017 жылы
            жүзеге асырылды.
                 Суретшінің өзі және еңбектері жөніндегі деректер барлық томдарда бірыңғай үлгі бойынша беріледі. Томдар бір ұстаным
            бойынша құрылған – суретшілердің есімдері мен мәліметтері қазақ тілінің әліпбиі тәртібімен, әрбір шебердің шығармалары хроно-
            логиялық бірізділікпен орналасқан.
                 Туындыларды мерзімдеу авторлық қолтаңба, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің құжаттамасы, сондай-ақ, ҚР
            Орталық мемлекеттік мұрағаты қорының мәліметтері негізінде берілді.
                 Аталмыш басылым тек қана кескіндемеге арналады және 1936 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Өмірбаяндық
            анықтамалардың қысқаша әрі ақпараттық үлгісі оқырмандарға суретші мен оның туындылары жөнінде қажетті мағлұмат береді.
                 Каталогты қолданар алдында мына бір шындықты – өнер тарихы Кеңес Одағының тарихымен тығыз байланысты екенін ескеру
            қажет. Қазақстанның кескіндеме коллекциясының өзіне тән ерекшелігі, оның құрамында Қазақстанда еңбек еткен өзге республикалар-
            дың қылқалам шеберлерінің суреттері болуында. Каталог түпкі ойы республикада жүзеге асырылған туындыларды қамтыған.
                 Айта кетерлік маңызды жайт, картиналар музейдің қор-сатып алу комиссиясының шешімімен ғана алынған жоқ, сондай-ақ,
            ҚР  Мәдениет  министрлігінің  Көркемсурет  көрмесінің  дирекциясы  мен  ҚазКСР  Суретшілер  одағының  Көркемсурет  қорынан  жі-
            беріліп отырды, сонымен бірге Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне суретшілердің өздері мен жеке коллекциялардан
            сыйға берілді. Есімдері музейдің каталогтары мен түгендеу кітаптарында мәңгіге қалатын сыйға тартушыларға алғысымыз шексіз.
                 Каталогтың құрастырушы-авторлары, мақсаты ғылыми әлеуетті ынталандыруды көздейтін кез-келген ғылыми басылымға тән
            болашақ зерттеулер барысында келтірілген мәліметтердің толықтырылуы мен түзетулер енгізілуі мүмкін екендігін жете ұғынады.
                 Аса тыңғылықты орындалған еңбектің І томының басылымы KPMG компаниясының қолдауымен жарыққа шықты. ІІ томды
            2018 жылы шығару жоспарланып отыр.
                 Музей коллекциясының қалыптасу кезеңінен басталған музей қызметкерлерінің талай буыны еңбек еіп, жарық көрген ба-
            сылым Қазақстанның музей қорын каталогтауға пайдалы әрі маңызды үлес қосып, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музей-
            інің жинағын дәріптейді деп үміттенеміз.

                                                                     С. Көбжанова,
                                                                     Өнертану ғылымдарының кандидаты
                                                                     Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ директорының
                                                                     ғылым жөніндегі орынбасары






           24      ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОЕ ИСКУССТВО КАЗАХСТАНА. ЖИВОПИСЬ
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29