Зерттеулер

Мақым Қисамединов туындыларындағы бейнелердің

Самал Мамытова

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының кіші ғылыми қызметкері

   ХХ ғасырдың 60–70-жылдарында Қазақстанның бейнелеу өнері елеулі оқиғалар мен жаңалықтарға, ізденістерге толы болды. Әрбір суретшінің еркіндікке бет бұрып, алға ұмтылуы нәтижесінде өз ой-пікірлері мен мақсаттары іске асырылып жатты. Осы кезеңде көркемөнердің әр саласында туындаған күрделі де көркем шығармалар бейнелеу өнері тарихының маңызды беттерінен орын алды.
 Сондай туындылар қатарында «Махамбет» топтамасында батыр бейнесін ұтымды кескіндеген болашаққа үлкен сеніммен қараған М.Қисамединовтің шығармашылық мұрасы ерекше.
Осы жылдары көрме залдарының төрінен орын алған, көрермен қауымның көңілінен шыққан «Махамбет» (1973) топтамасы – суретшінің графикалық шығармаларының ең төресі.
     «...Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Ерлердің ісі бітер ме?»...
 – деп жырлаған ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын, батыр Махамбеттің нақты портретін жасауда суретші үлкен жетістікке қол жеткізді. Жалпы бейнелеу өнерінің өзге де түрлерінде кескіндеме немес мүсінде болсын Махамбет батырдың бейнесін керемет етіп, әр қырынан сомдалған туындылар баршылық. Әйтсе де, Мақымның «Махамбеті» өзіндік ерекшеліктермен айқындала түседі. Осы орайда суретшінің бірер парақтарына қысқаша тоқталып өтейік. Жүріп келе жатқан Махамбет тұлғасының алыптығы соншалық, жазықтықтың жоғарыдан төмен барлық бөлігінде бейнеленген. Батыр үстіне шапан жамылып, аяғына биік қонышты етік, белдігіне байланған қылыш, сол қолында кітап ұстаған кейіпте. Яғни, суретші Махамбетті киім үлгісі, қару-жарағы арқылы батыр ретінде, сонымен қатар кітапты бейнелеуде ақындық қырын көрсеткен. Желбіреген шапанның бір ғана қою қара түстілігі батырдың алып денесін бірінші жазықтыққа айқындап тұр. Сонымен қатар суретші композицияны шешуде бейтарап фонды қолдануы көрермен назарын тек батыр тұлғасына ерекше аударуға негіздеген. Махамбеттің отты жанарынан, ірі кескінді жазық маңдайынан, батыр жүрісінің екпінінен рухы күшті көшбасшы көрініп тұр. Міне, бұл графикалық парақта суретші батырдың бойындағы қасиеттің бір қырын ашып көрсеткен. Келесі шығармада көрерменнің көз алдына тақала, күрделі ракурста өте ауқымды, алып денелі Махамбеттің бейнесі. Оң жақ иық бөлігіндегі домбыраны тартып, терең ойға шомып толғаныс, тебіреніс күйін оның жұмылған көзінен байқауға болады. Жоғарғы оң жақ бөлікте қазақ халқының еркіндігін білдіретін кең-байтақ далада құйындай жүйткіген жылқылар батырдың жүрегінен шыққан домбыраның тулаған әуенімен қатарласа керемет үйлесім тапқан. Сондай-ақ парақтың сол жақ жоғарғы бөлігіндегі бірер қисық сызықтар қар басқан тау шыңдарын білдіреді. Бұл шығармада Махамбеттің сезімге толы рухани жан-дүниесі сырт өмірмен іштей байланыста. Үшінші топтамада шығыстық дәстүр бойынша екі аяғын айқастыра, малдас құрып отырған, екі иығын тік ұстаған өзіне сенімді, парасатты, білектері күшке толған батыр бейнесі. Оң қолында қалам, ал сол қолымен тізесін таяна отырған кейпі батырдың өр мінезді, өткір тілді тұлға екенін сездіреді. Әр бөлікте алыптың бойындағы түрлі қасиеттері тереңінен зерттеліп, Махамбеттің рухы күшті ақындық, батырлық, ерлік, азаматтық кескін-келбеті көрініс тапқан.
 Мақымның шығармашылық жолындағы алғашқы туындыларының бірі – линогравюра әдісінде орындалған «Тағы да күн шығады» (1968) графикалық парақтары. Ақ қағаз бетіндегі алуан түрлі дақтар, нүктелер, күрделі сызықтар графикалық парақтардың негізгі құрамдас бөлігі. Олар өзара алуан түрлі жолмен байланысады, бірін-бірі толықтырады, жалғастырады, қиылысады. Бұл сызықтармен таңдаулы форманы айрықша, әрі нақты айқындау негізгі композицияны құрастыруда аса қажетті. Осы  құбылыстардың барлығы Мақым шығармаларында айқын көрініс тапқан. Автор жоғарыда аталып өткен «Тағы да күн шығады» композициясында адам өмірмен қоршаған ортаның тығыз байланысын, табиғаттың сұлулығын, түр-түсін ақ пен қара – екі түс арқылы ашып көрсетеді. Шығыстан шуағын шашып күн көтерілгенде адамдар күнделікті тіршілігін бастайды. Бірі төрт-түлік малды өріске айдап, екіншісі таңмен таласа су тасып, үй шаруасына кіріседі. Суретші әр топтамадағы кейіпкерлерін осы кеңістіктегі басқа дүниелермен салыстырғанда анағұрлым ауқымды, қонымды ірі етіп көрсеткен. Яғни, суретші барлық күштердің негізі – адам деп сенген. Сол адам бейнесін сомдауда, оны басқа қырынан танытуда суретші келесі бір «Бір өмірдің бейнелері» (1974) топтамасын жазады. Бұл шығарма бірнеше парақтардан тұратын Мақым шығармашылығындағы ерекше туындының бірі, туған-туыстарының портреттері: «Ана портреті», «Ләйлә» және «Махмұт». Үш туынды да Сенеждегі тамаша графика шеберханасы бар Суретшілер одағының шығармашылық базасында автолитография тәсілімен орындалған. Әр бөлікте суретші тастың қаттылығына қарамастан кейіпкерлерінің мінез-құлқын шебер оя білген. «Ана» атты бөлікте суретші өз анасының образы арқылы бүкіл қазақ халқының анасының бейнесін ашып көрсеткен. Алыстағы ұлынан алған хатын оқу сәті, оның көзіндегі мұңы, сағынышы шебер көрсетілген. Ал Ләйлә образын суреттеуде суретші ерекше көңіл-күйді ақ және қара жеңіл штрихтар арқылы керемет сездірген. Кейіпкердің толқынды бұйра шашы, ірі денесі, отырған аса күрделі отырысы басын солға бұрып қабырғаға тақай көзін жұмып өткен өмірін, не бір өткен оқиғасын, алыстағы жолдасын еске түсіріп терең ойға батқан күйін оның екі қолын екі жаққа бос тастауынын яғни еркін денесінен, жұмылған көзінен анық байқалады. Үшінші бөліктегі Махмұт бейнесінде аталып өткен екі туындыға тән көңілсіздік, мұңлы күй айқын ашыла түседі. Суретші өз жақындарының мінез-құлқын танытуда, жалпы адам баласының көңіл-күй, сана-сезім, дүниетанымға байланысты көзқарасын, толғаныстарын күнделікпен бөлісіп отырған: «..ішкі дүниең бос немесе солқылдақ болмауы маңызды. Әрбір күнде, сенің өміріңдегі соңғы күн секілді, сондай жеңіл әрі адал еңбек етуің маңызды. Саған ешкім жүктемеген қарыздар мен міндеттерді өз мойныңа алма. Ұйқыдан ояна салып, жаңа күніңе шүкіршілік ет және бұл күнмен саған келетіндердің бәріне риза боламын деп өзіңе-өзің уәде бер...» – деген әсерлі жолдарынан Мақымның әр күнін бағалауын, өмірге деген үлкен махаббатын, талпынысын аңғаруға болады. Суретші, керемет тұлға келер ұрпаққа ой тастайтын, шабыттандыратын, белсенділігін арттыратын осындай ғажайып пікірлерін қалдырған.
Өмірді бағалауда өз ғұмырының қысқа боларын сезгендей үнемі жанталаса жұмыс істейтінМақым Қисамединов үлкен жауапкершілікті қажет ететін топтамаға кіріседі. Ол линогравюралық топтамасы – немістің ұлы ақыны И.В. Гете (1749-1832) шығармашылығының ең биік шыңы «Фауст» (1980) атты философиялық драмасына арналған жеке дара шығарма. Жалпы кітап көркемдеу өнері – соның ең негізгілерінің бірі – көркем безендіру, яғни сыртқы өңдеу мәселесі. Кітаптың мұқабасына, атау бетіне, ішкі бөлімдеріне, тарауларға алуан түрлі суреттер салынады, тіпті, ешқандай арнайы сурет, өрнек болмаған күннің өзінде шырайлы кейіпке келтіру қажет. Кітап өңдеудегі тізбектелген барлық жұмыс – суретшілер қауымына тиесілі. Осы орайда суретші Мақым Қисамединовтің кітап безендіру ісінде қалдырған еңбектері көрерменді өмірді терең түсінуге, тазалық пен шындықтан көңілге қонымды әсер алуға үндейтін таңғажайып дүниелер. Ол тізімдегі жоғарыда аталып өткен «Фауст» кітабын безендіруге арналған композицияда суретші өзінің осы драманы оқу сәтін көрсетуімен ортаңғы бөлікте Гетені бейнелеуден бастап, кейінгі бөліктерде оқиға желісі бойынша әр образды өзіндік ерекшеліктерімен бедерлеген. Сонымен қатар оқиғадағы адамдардың көңіл-күйін табиғатпен ұштастыра отырып тек екі түстің – ақ, қара реңдері арқылы өте шебер көрсеткен. Шығарма мазмұнын терең аша отырып, суретші әр бөлікте драманы оқу барысында Фауст, Мефистопель, Маргарита тағы басқа кейіпкерлердің басынан өткен қуаныш пен қайғыға ортақтасқан куәгер ретінде өз автопортретін айқын бейнелеуінен көруге болады. Осы шығарма «Кітап өнері» атты Бүкілодақтық конкурста жоғары сапасы үшін бірінші дәрежелі дипломға ие болады. Аталмыш драманы иллюстрациялау суретшінің соңғы туындыларының бірі еді.

Аса дарынды суретшінің әрбір шығармашылық туындысынан өзінің тұлғалық мінезі ерекше танылады. Осы орайда Мақым Қисамединовтің күнделігіне көз жүгіртсек өзінің өмірі мен өнеріне мінездеме берген қара сөзінде: «...Суретшінің білімі өте терең болуы керек... Диқан тәрізді жердің иісін сезінуі және Кампанелла тәрізді үнемі өзінің күн сәулелі қаласын көре алуым шарт...» – деп жазған. Міне, бұл жолдардан Мақымның өнерге деген құштарлығы мен көздеген мақсат-мұратына жете білетін қайсар мінезді жанды байқаймыз.Қысқа ғана жиырма жылдық шығармашылық ғұмырында артына өзінің құнды графикалық парақтарын қалдырып кетті. Бір ғана Махамбет батырдың бейнесі немесе өзге көптеген шығармалары арқылы Мақым Қисамединов – жиырмасыншы ғасырдағы қазақ бейнелеу өнерінде танылып, мадақталған жаңа бір тұлға ретінде үлкен санатқа енген суретші болып өнерсүйер қауым, ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
📸28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
 
💫Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, осы салада еңбек етіп жүрген барша журналистер мен медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер – ел мен мемлекет ортасында берік мәміле орнатар сенімді көпір, қоғам өміріндегі маңызды оқиғалардың жаршысы және ізгі бастамалардың насихатшысысыздар. Мемлекетіміздің құндылықтарын дәріптеу мен мәдениетімізді кеңінен танытуда атқаратын рөлдеріңіз орасан зор.

👏Баршаңызға шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, және жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

📸 28 июня – День работников средств массовой информации

💫 Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева сердечно поздравляет журналистов и представителей медиасферы с профессиональным праздником – Днём работников средств массовой информации!

Вы играете важную роль в жизни общества, являясь надёжным связующим звеном между народом и государством, оперативно освещая значимые события и поддерживая общественно важные инициативы. Ваш вклад в сохранение, популяризацию и продвижение культурного наследия и национальных ценностей Казахстана заслуживает искреннего признания и уважения.

👏 Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, творческих успехов, профессионального роста и новых достижений в вашей ответственной и благородной деятельности! 📸28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні 💫Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, осы салада еңбек етіп жүрген барша журналистер мен медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Сіздер – ел мен мемлекет ортасында берік мәміле орнатар сенімді көпір, қоғам өміріндегі маңызды оқиғалардың жаршысы және ізгі бастамалардың насихатшысысыздар. Мемлекетіміздің құндылықтарын дәріптеу мен мәдениетімізді кеңінен танытуда атқаратын рөлдеріңіз орасан зор. 👏Баршаңызға шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, және жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілейміз! 📸 28 июня – День работников средств массовой информации 💫 Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева сердечно поздравляет журналистов и представителей медиасферы с профессиональным праздником – Днём работников средств массовой информации! Вы играете важную роль в жизни общества, являясь надёжным связующим звеном между народом и государством, оперативно освещая значимые события и поддерживая общественно важные инициативы. Ваш вклад в сохранение, популяризацию и продвижение культурного наследия и национальных ценностей Казахстана заслуживает искреннего признания и уважения. 👏 Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, творческих успехов, профессионального роста и новых достижений в вашей ответственной и благородной деятельности! «ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ» мерейтойлық көрмесінің дөңгелек үстелі

26 маусым, 15:00

⚜️2026 жылдың 26 маусымы күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрмені қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтеді. Көрмеде Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың туындылары ұсынылған. Жиында аталған қаламгерлердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланып, олардың шығармашылығы кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі көзқарас тұрғысынан пайымдау аясында қарастырылады. Сондай-ақ бұл мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына ықпалына назар аударылады. Іс-шараға өнертанушылар, кураторлар, суретшілер, журналистер және көркемөнер жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі, 2-қабат, рекреация залы.

Басталуы: 15:00.

Круглый стол по юбилейной выставке «ПРОСТРАНСТВО ПАМЯТИ»

26 июня, 15:00

 ⚜️26 июня в 15:00 в Национальном музее искусств РК имени А. Кастеева состоится Круглый стол по итогам юбилейной выставки «Пространство памяти», представляющей произведения Народного художника Казахстана Сахи Романова, Заслуженного деятеля искусств Казахстана Бека Тулекова и известного скульптора Даира Тулекова. Темой обсуждения станет оценка вклада представленных мастеров в развитие национального изобразительного искусства, анализ их творчества с позиций современного понимания культурного наследия советской эпохи и его влияния на эволюцию искусства независимого Казахстана. К участию приглашаются искусствоведы, кураторы, художники, журналисты, студенты художественных Вузов.

📍Место проведения: Национальный музей искусств РК имени А. Кастеева. Второй этаж. Зал рекреации. Начало – 15 00. «ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ» мерейтойлық көрмесінің дөңгелек үстелі 26 маусым, 15:00 ⚜️2026 жылдың 26 маусымы күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрмені қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтеді. Көрмеде Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың туындылары ұсынылған. Жиында аталған қаламгерлердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланып, олардың шығармашылығы кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі көзқарас тұрғысынан пайымдау аясында қарастырылады. Сондай-ақ бұл мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына ықпалына назар аударылады. Іс-шараға өнертанушылар, кураторлар, суретшілер, журналистер және көркемөнер жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. 📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі, 2-қабат, рекреация залы. Басталуы: 15:00. Круглый стол по юбилейной выставке «ПРОСТРАНСТВО ПАМЯТИ» 26 июня, 15:00 ⚜️26 июня в 15:00 в Национальном музее искусств РК имени А. Кастеева состоится Круглый стол по итогам юбилейной выставки «Пространство памяти», представляющей произведения Народного художника Казахстана Сахи Романова, Заслуженного деятеля искусств Казахстана Бека Тулекова и известного скульптора Даира Тулекова. Темой обсуждения станет оценка вклада представленных мастеров в развитие национального изобразительного искусства, анализ их творчества с позиций современного понимания культурного наследия советской эпохи и его влияния на эволюцию искусства независимого Казахстана. К участию приглашаются искусствоведы, кураторы, художники, журналисты, студенты художественных Вузов. 📍Место проведения: Национальный музей искусств РК имени А. Кастеева. Второй этаж. Зал рекреации. Начало – 15 00. ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

🔹Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылады. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енген. Бұл – Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытатын көрме. 

🔸«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияның бір бөлігін шебердің кескіндемелік туындылары құрайды. «Ұрпақ сабақтастығы» шығармасында әже мен немере арасындағы рухани байланыстың көркем көрінісі берілген. Алдыңғы пландағы бесік пішініндегі жетіген бейнесі қазақ даласының мәдени кеңістігін, ұлт руханиятының бастауын меңзейді. Суретшінің «Тасқа жазылған аңыз» атты картинасы қазақ жеріндегі тарихи кезеңдердің сабақтастығын бейнелейді. Бұл шығармада автор қазақ даласының сан ғасырлық тарихын бір көркем жазықтықта тоғыстырады. Туындының негізгі идеясы – адамзат өркениетінің сан алуан кезеңдері алмасқанымен, олардың үнсіз куәгері ретінде табиғат пен жартас қана қалатынын меңзеу. Жартастарға қашалған белгілер арқылы суретші уақыттың үзілмес сабақтастығын, тарихи жадының мәңгілігін бейнелейді. Жалпы, Алтынбек Құмаровтың кескіндемелік туындылары тарихи жады, ұлттық дүниетаным және күнделікті тұрмыс тақырыптарын арқау етеді.

📍Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 🔹Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылады. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енген. Бұл – Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытатын көрме. 🔸«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияның бір бөлігін шебердің кескіндемелік туындылары құрайды. «Ұрпақ сабақтастығы» шығармасында әже мен немере арасындағы рухани байланыстың көркем көрінісі берілген. Алдыңғы пландағы бесік пішініндегі жетіген бейнесі қазақ даласының мәдени кеңістігін, ұлт руханиятының бастауын меңзейді. Суретшінің «Тасқа жазылған аңыз» атты картинасы қазақ жеріндегі тарихи кезеңдердің сабақтастығын бейнелейді. Бұл шығармада автор қазақ даласының сан ғасырлық тарихын бір көркем жазықтықта тоғыстырады. Туындының негізгі идеясы – адамзат өркениетінің сан алуан кезеңдері алмасқанымен, олардың үнсіз куәгері ретінде табиғат пен жартас қана қалатынын меңзеу. Жартастарға қашалған белгілер арқылы суретші уақыттың үзілмес сабақтастығын, тарихи жадының мәңгілігін бейнелейді. Жалпы, Алтынбек Құмаровтың кескіндемелік туындылары тарихи жады, ұлттық дүниетаным және күнделікті тұрмыс тақырыптарын арқау етеді. 📍Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп ⚜️Сіздерді 2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуында күтеміз!

🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияғаавтордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі.

📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.
 

⚜️Приглашаем вас на торжественное открытие юбилейной персональной выставки мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника», которое состоится 2 июля 2026 года в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева.

🔹Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения.

📍Выставка продлится до 26 июля 2026 года. ⚜️Сіздерді 2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуында күтеміз! 🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияғаавтордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі. 📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.   ⚜️Приглашаем вас на торжественное открытие юбилейной персональной выставки мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника», которое состоится 2 июля 2026 года в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. 🔹Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения. 📍Выставка продлится до 26 июля 2026 года. ⚜️2026 жылғы 28 маусым күні сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді.

🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістері мен қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылайды. Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болып, суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылады.

📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі
Күні: 28 маусым 2026 жыл
Уақыты: 11:00

⚜️28 июня 2026 года в 11:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ».

🔹В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудят творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание будет уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию.
Также речь пойдёт о творческом подходе художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также о его месте и роли в современном художественном процессе.

📍Место проведения: Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева
Дата: 28 июня 2026 года
Время: 11:00 ⚜️2026 жылғы 28 маусым күні сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді. 🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістері мен қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылайды. Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болып, суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылады. 📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі Күні: 28 маусым 2026 жыл Уақыты: 11:00 ⚜️28 июня 2026 года в 11:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ». 🔹В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудят творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание будет уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию. Также речь пойдёт о творческом подходе художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также о его месте и роли в современном художественном процессе. 📍Место проведения: Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Дата: 28 июня 2026 года Время: 11:00 ⚜️2026 жылдың 28 маусымы күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

🔹Көрмеге 80-нен астам туынды ұсынылған. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар бар. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілген. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынады.

🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығы және Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетеді.

🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түседі. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынады.

📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері. ⚜️2026 жылдың 28 маусымы күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. 🔹Көрмеге 80-нен астам туынды ұсынылған. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар бар. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілген. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынады. 🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығы және Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетеді. 🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түседі. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынады. 📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ