Приветствие

қош келдіңіз

Музей келушілерге күн сайын дүйсенбі мен әр айдың соңғы күнінен басқа күндері сағат
10.00-ден 18.00-ге дейін ашық
Касса сағат 10.00-ден 17.30-ға
дейін жұмыс істейді

Объявление
Құрметті коллекционерлер мен өнер сүйер қауым!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі музейдің сараптама комиссиясының жұмысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Сіздер әлі әзір көркемсурет галереяларының нертанушылары мен жеке сарапшыларына жүгіне алсыздар.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі музейдің сараптама комиссиясының жұмысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Сіздер әлі әзір көркемсурет галереяларының өнертанушылары мен жеке сарапшыларына жүгіне алсыздар.

previous arrow
next arrow
4 announcement
"Омикрон" штаммының таралуына және коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайының күрделене түсуіне байланысты Алматы қаласының тұрғындары арасында инфекцияны одан әрі болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2, 3, 5, 7 тармақтарына сәйкес, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ келушілер үшін уақытша жабық. Алайда, музей өз жұмысын онлайн режимінде жалғастырады.
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясы бар. Онда батыс, орыс және кеңес  өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағы орын алған.

19-20 ғасырлардағы қазақ қолданбалы өнерінің бай коллекциясы қазақ қол өнерінің жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Олардың ішіндегі ең көбі – күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, киіздер мен текеметтер, түкті және тақыр кілемдер, кестелі кілемдер. Мұражай коллекциясында ағаш пен теріден жасалған заттар да бар.

Жинақтаманың басым бөлігі ­– Қазақстан кескіндемесі, графикасы және мүсіні. Олардың ішінде – Қазақстанның тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің, сондай-ақ, Хлудов пен Черкасскийдің, Мәмбеев пен Телжановтың, Кенбаев пен Ғалымбаеваның, Жүсіпов пен Шәрденовтің, Сыдыхановтың, Айтбаев пен Сариевтің кескіндемелері, Сидоркин мен Зальцманның, Пак пен Әжиевтің графикалық парақтары, Наурызбаевтың, Төлеков пен Досмағамбетовтің, Рахманов пен Мергеновтің, Рапопрот пен Есенбаевтың мүсіндік жұмыстары бар.

Мұражай қорында кеңес өнерінің даму тарихын жүйелеуге қажетті жәдігерлер жеткілікті. Розанова мен Петров-Водкин, Фальк пен Кузнецов, Сарьян мен Таңсықбаев, Никонов пен Андроновтармен белгілі қылқалам шеберлерінің тізімі тоқтап қалмайды. Ресей мен Украинаның. Арменияның, Грузия мен Әзірбайжанның, Молдавия мен Белоруссияның, Балтық және Орта Азиядағы кеңестік республикалардың суретшілерінің туындылары Қазақстанның бейнелеу өнері жүйесінің тілі ерекшелігін баса көрсетеді.

18-20 ғасырлардағы орыс өнері қорынан Рокотов пен Левицкийдің, Боровикоский мен Кипренскийдің, Верещагин мен Айвазовскийдің. Репин мен Крамскойдың, Саврасовтың, Шишкин мен Левитанның түпнұсқа туындыларын да көруге болады. «Орыс суретшілерінің одағы», «Өнер әлемі», «Голубая роза», «Бубновый валет» жылжымалы көрме суретшілерінің және т.б. бағыттағы қылқалам шеберлерінің туындылары бар.

Мұражай коллекциясынан төрт ғасырлық Еуропа өнерінің бейнесін көрсететін 16-19 ғасырлардағы Италия мен Францияның, Голландия мен Фландрияның, Германияның, Англия мен Австрия суретшілерінің жұмыстарын да табасыз. 16 ғасырдағы итальян суретшісі Камбиазоның, 17 ғасырдағы голланд суретшілері Хальстің, Бейерен мен Кейптің ғажап туындылары да осында. Рембрандтың жұмысын да осы арадан кезіктіресіз. Франс, Кіші Поурбус пен Денистің жұмыстары арқылы Фландрияның өнерін тамашалайсыз.

18 ғасырдағы француз кескіндемешілері Дюге мен Бурдонның картиналары кімді де болса еліктіріп әкетеді. Мұражай қоржынында Гудон мен Куазевоның мүсіндік туындылары да орын тапқан. Француз графиктері Каллоның, Домье мен Гаварнидің және неміс графиктері Шонгруэрдің, Дюрер мен Үлкен Кранахтың парақтары өз елдерінің өнерін айғақтайды.

Қытай, Жапония, Үндістан заттары мен дұңған, ұйғыр, корей шеберлерінің жекелеген туындылары Шығыс елдері өнерінің қоржынын толтырып тұр.

Мұражай адамның өзі мен қоршаған ортаны таныстыратын көркемдік қызметінің материалдық айғақтарын жинап, сақтап отырады, зерттеп-зерделейді, көрмеге қойып, көрерменге таныстырады. Жыл сайын республикалық және халықаралық семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады. 

Ә. Қастеев атындағы өнер музейі. Барлық құқылар қорғалған ©

Барлық анықтамаларды +7 (727) 394 57 15 телефоны арқылы алуға болады. Баспасөз қызметінің жетекшісі - 394-57-18; +7 702 903 2157, 

Музейдің мекенжайы: Көктем-3, 22/1 ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі (ҚР Ұлттық банкінің қарсысында)

Оқиғалар

Коллекция

РЕСМИ ҚҰЖАТТАР

Толығырақ
Коллекция

МУЗЕЙДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Толығырақ