Оқиғалар

Жыл сайын өтетін дәстүрлі «Музей түні - 2025» мәдени-білім беру акциясы, сағат 14:00-00:00 ұйымдастырылады. Биылғы іс-шара ұлт өнерінің қарашаңырағы саналатын музейдің 90 жылдық мерейтойы аясында өтеді.

2025 жылғы 18 мамырда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық музей күніне орай жыл сайын өтетін дәстүрлі «Музей түні - 2025» мәдени-білім беру акциясы, сағат 14:00-00:00 ұйымдастырылады. Биылғы іс-шара ұлт өнерінің қарашаңырағы саналатын музейдің 90 жылдық мерейтойы аясында өтеді.

Кештің тақырыбы — «Өзгермелі әлемдегі дәстүр мен заманауилық». Іс-шараның стилистикалық бағыты — винтаж эстетикасы.

* Демеуші - DAMIANI зергерлік үйі

Қазақстандық дарынды суретші, кескіндеме магистрі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Индира Бадамбаеваның «Мәңгілік көктем» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2025 жылдың 14 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық дарынды суретші, кескіндеме магистрі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Индира Бадамбаеваның «Мәңгілік көктем» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

 

«Мәңгілік көктем» – Индира Бадамбаеваның көрерменге жол тартатын бесінші дербес көрмесі. Бұл – көктем мезгіліне арналған, табиғатты тірі және нұрлы кеңістік ретінде қабылдау идеясын жалғастыратын ерекше туынды.

Индира Бадамбаева – кескіндеме және графика саласында жұмыс істейтін көп қырлы дарын иесі. Оның стилі академиялық мектептің, табиғатқа рухани категория ретінде қызығушылықтың және жарыққа деген ұмтылыстың тоғысқан жерінде қалыптасқан. Суретші пейзаж бен натюрмортқа да, мифологиялық бейнелер мен форманың ішкі қозғалысы оқылатын тұжырымдамалық сериялар жасауға да қызығушылық танытады.

Светлана Александровна Полянскаяның «Көңіл күй симфониясы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 13 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Светлана Александровна Полянскаяның «Көңіл күй симфониясы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияға 60-тан астам кескіндеме және графика туындылары қойылады.

 

Светлана Полянская Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 76 жасында шығармашылыққа шын мәнінде қызығушылық танытып, өнерге ерекше көңіл бөле бастады. Суретші қала пейзаждарын, натюрморт мен портреттерді орындау үшін, майлы бояу және акварель техникаларын пайдаланады. 2024 жылы Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде «Дебют» атты алғашқы жеке көрмесі өтті. Сол жылы С.А. Полянская Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде ұйымдастырылған «Көктемгі рапсодия» атты қалалық көрмесіне қатысты.

Алматы қаласы Білім басқармасының «Өнер мектебі» ҚМҚК-ның ұйымдастыруымен, «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің Республикалық байқауы көрмесінің қалалық кезеңі өтеді.

13-мамыр 2025-жылы сағат 10:00-де Әбілхан Кастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан 137), Алматы қаласы Білім басқармасының «Өнер мектебі» ҚМҚК-ның ұйымдастыруымен, «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің Республикалық байқауы көрмесінің қалалық кезеңі өтеді.

22-сәуірде Орталық көрме залында Алматы қаласы бойынша аудандық кезеңдердің жеңімпаздары арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқауға 12-17 жас аралығындағы балалар қатысты.

   Байқау жұмыстарын бағалау кезінде тақырып пен идея тереңдігі, мағынасы мен көркемдік шеберлігі, күрделілік деңгейі, түпнұсқа пен әсерлілік, композициялық құрылым, түстік шешіммен қатар, шығармашылық тәсіл ескерілді. Байқаудың мақсаты – жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарларын ынталандыру. Байқаудың міндеті – жас суретшілерде эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерді қалыптастыру, әлемдік және отандық өнер дәстүрлеріне жеке қызығушылықтарын ояту болып табылады.

Жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесі ашылады. Көрме Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына және 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады.

2025 жылы 12 мамырында сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан 137) жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесі ашылады. Көрме Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына және 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады.

Музей қызметкерлерінің «Көктем нұры» көрмесі жақсы дәстүрге айналып, 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Экспозицияда 180-нен астам жұмыстар ұсынылған. Бұл кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары. Аталмыш көрмеге 33 суретші қатысуда.