2023 жылғы 3 наурызынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Наурыз мерекесіне арналған «Көктем өрнегі» көрмесі көрермен назарына ұсынылады.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан дайындалған посткеңестік республикалар туындыларының көрмесі ұсынылған экспозициямен аяқталады. Жоба 2017 жылы басталған болатын. Көрермен Балтық, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Украина, Молдова, Беларусь шеберлерінің шығармашылығымен қатар, Ресей Федерациясының 1930-1950 жылдардағы өнер туындыларымен танысуға мүмкіндік алды.
2023 жылы 15 ақпанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған, испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Ай сәулесі» көрмесінің ашылуы өтеді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Герман Титовтың «Бірге болу сезімі» атты жеке көрмесін ұсынады. Көрменің салтанатты ашылуы 2023 жылдың 27-ші қаңтарында сағат 16.00-де өтеді.
2023 жылдың 13 қаңтарында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Тараз қаласының суретшілері Елена Панина мен Диана Шайхеслямованың «Қазақстан халқына сүйіспеншілікпен – бүкіл әлем ғажайып бояуда» атты көрмесі ашылады.