Оқиғалар

Жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2024» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізетіні туралы хабарлайды. Сіздерді конференцияға қатысуға шақырамыз.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2024» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізетіні туралы хабарлайды.

Сіздерді конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

2024 жылғы «ҚАСТЕЕВТЫҢ МҰРАСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ МӘНМӘТІНІНДЕ» атты конференция Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналады. Конференцияның негізгі бағыты шебердің шығармашылық жетістіктерін қайта қарастыруға және оның кәсіби ұлттық көркемсурет мектебінің қалыптасуына әсерін бағалауға бағытталған.

Конференция 2024 жылғы 2 қазан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,  Көктем-3 ы.а., 22/1 мекенжайы бойынша өтеді.

Қатысуға Ресей мен Өзбекстаннан, сондай-ақ Қазақстанның Алматы, Астана, Павлодар, Семей, т.б қалаларынан өңірлік және шетелдік өнертанушылар мен музей саласының түрлі бағыттағы мамандары шақырылды.

      Конференция бағдарламасында қырыққа жуық жарияланымды қамтыған жинақ бар.

      Конференцияның мақсаты – қазіргі заманғы болмыс контекстінде мәдени мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі миссияны іске асыруда музей қызметінің тиімділігін арттыру үшін ғылыми жұмыстың нәтижесін ұсыну.

Сала мамандары үшін конференцияға қатысу музей ісінің теориясы мен тәжірибесін, өнертанудың өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынуға, өңірлік көркемөнер мектептері мен қазіргі заманғы суретшілердің шығармашылығының дамуына талдау жасауға мүмкіндік береді. Біз Сізді сындарлы кәсіби сұхбатқа шақырамыз.

 

 

 Анықтама үшін тел.: 394 57 05

Программа конференции Кастеевские чтения-2024 (PDF)