Оқиғалар

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырған «Тұлғалардың ізімен» атты көрмесі ашылады.

2024 жылғы 11 қазанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырған «Тұлғалардың ізімен» атты көрмесі ашылады. Экспозицияға «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерінің шығармалары кіреді.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өнердің түрлі салаларында мамандар даярлауды жүзеге асыратын Орталық Азия мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Академия республика суретшілері үшін беделді мектеп болып табылады. Бейнелеу өнері факультетін қалыптастырудың бастауында Қазақстанның ұлттық көркем кескіндеме, мүсін және графика мектебінің негізін қалаған Қ. Тельжанов, М. Кенбаев, Х. Наурызбаев, К. Шаяхметов, Е. Сергебаев,

Д. Сулеев, Б. Түлкиев, Д. Шоқпаров сияқты көрнекті суретшілер болды.

Көрмеде 50-ден астам шығарма ұсынылады, олардың көпшілігі түлектердің дипломдық жұмыстарынан тұрады, сонымен қатар әртүрлі курс студенттерінің оқу жұмыстары кіреді. Көрерменге монументалды және станоктық кескіндеме, баспа графикасы, сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі түрлері: гобелен, батик, ши, кескіндеме, сондай-ақ зергерлік өнер сияқты бейнелеу өнерінің түрлері ұсынылады.

Экспозицияда ежелгі қазақ мифологиясына, халық ертегілері мен аңыздарынан, сондай-ақ дала халықтарының тарихынан алынған бейнелерге байланысты бірқатар туындылар көрсетіледі. Ә. Омарқұлдың «Бабалар сөзі», С. Мұхтарқызының «Жезтырнақ» сияқты шығармаларында суретшілер халық ауыз шығармашылығының мұрасына назар аудара отырып, өткеннің бейнелерін қазіргі заманның интепретациясында бейнелейді. Бұл жұмыстарға қазіргі таңда танымал жапон анимациясы әсер етті, ол өзінің жарқын визуалды және кинематографиялық әсерлерімен ерекшеленеді. Көрмеде студенттер Академияның оқу шеберханаларын бейнелейтін бірқатар көркем туындыларды көруге болады. М. Жигаленоктың «Шеберхана» композициясы қызығушылық тудырады, онда автор оқу үрдісінің бір сәтін бейнелейді. Экспозицияға қолданбалы өнер туындылары енгізілген бөлімі қызығушылық тудырады.

Бұл көрме кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің соңғы жылдардағы қызметі туралы есеп берудің бір түрі. Факультет деканы Б.Байділданың оқу үрдісін жетілдіруде, бейнелеу өнері саласына жас мамандарды даярлау әдістемесін әзірлеуде қосқан үлесін атап өткім келеді.

 

 

Көрме 2024 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады.

 

Көрме кураторы:

  Әбілхан Қастеев атындағы МӨМ

 «Қазақстанның бейнелеу өнері»

 бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Айжан Қалшора

photo2024-10-0718-09-39
photo2024-10-0718-09-36
photo2024-10-0718-09-56
photo2024-10-0718-09-42
photo2024-10-0718-09-59
photo2024-10-0718-09-29
photo2024-10-0718-09-33