ҚАСТЕЕВ ОҚУЛАРЫ — 2025

Жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2025» ғылыми-тәжірибелік конференциясы

ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ

90-ЖЫЛДЫҒЫ: ТАРИХ, ТӘЖІРИБЕ, ДАМУ

музей мерейтойына арналған

 

2025 жыл -  Қазақстанның жетекші өнер музейінің тарихы мен дамуындағы маңызды кезең болып табылады.  Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің құрылғанына 90 жыл толып отыр. Биылғы жыл музейдің Ұлттық мәртебеге ие болуымен қатар, маңызды ғылыми-көрме жобаларымен де ерекшеленді. Бұл оқиға жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2025» ғылыми-тәжірибелік конференциясының тақырыбын «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің 90 жылдығы: Тарих, тәжірибе, даму» деп белгілеуге негіз болды. 2025 – жылғы конференцияның негізгі бағыты – музейдің Республикадағы жетекші арт-ұйым ретіндегі маңызын анықтау болып табылады. Оның тарихи дамуының ерекшелігі мен коллекцияны қалыптастыру өзгешеліктерін зерттеу, музей құрылған күнінен бастап, бүгінгі күнге дейін негізгі қызмет салаларымен бірге,  көп қырлы жұмыстарын да қарастыруға бағытталады.

               Музей саласындағы маман, өнертанушы, мәдениеттанушы мен зерттеушілерді музей ісінің теориясы мен тәжірибесіндегі өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісуге, өнертанудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынуға, өңірлік көркемөнер мектептері мен қазіргі заманғы суретшілердің шығармашылығының дамуына талдау жасауға – конференцияның кәсіби диалог алаңына шақырамыз.

Конференция 2025 жылдың 2 қазан күні, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі өтеді.

 

Конференцияның мақсаты - қазіргі заманғы мәнмәтінінде мәдени мұраны зерттеу, сақтау және танымал ету жөніндегі миссияны іске асыруда, музей қызметінің тиімділігін арттыру үшін ғылыми жұмыстың нәтижесін ұсыну.

 

Конференцияның міндеттері:

  • Музей коллекциясының қалыптасу ерекшеліктері мен оның аймақтық және халықаралық мәдени саладағы маңыздылығын анықтау
  • Музей ісінің теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері
  • Өнертану теориясы мен тарихының мәселелері
  • Тарихи ретроспективада Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму парадигмасын пайымдау және талдау
  • Мәдени және көркем мұраны зерттеу мен өзектендірудің тиімді әдістерін іздеу
  • Музей тәжірибесіндегі интерактивті және ақпараттық технологиялар
  • Музей коллекциясын ғылыми зерттеудегі жаңа жаңалықтар
  • Музей мекемелерін дамытудағы инновациялық қызмет

Конференция жұмысының бағыттары: музеология, мәдениеттану, өнер тарихы, өнер философиясы, музей педагогикасы, музей саласындағы жаңа технологиялар мен құралдар.

Конференцияға қатысуға шақырылатындар:

Музей мамандары, өнертанушылар, әлеуметтік мәдениеттанушылар, тарихшылар, көркемдік ЖОО оқытушылары, аспиранттар, магистранттар.

 Негізгі мәселелер:

  • Қазақстанның бейнелеу өнерінің пайда болуынан бастап, қазіргі заманға дейінгі дамуы
  • Заманауи көркемдік үрдістің стиль қалыптастырушы тенденцияларын талдау
  • Қазақстанның бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің теориясы мен тарихының мәселелері мен тенденциялары
  • Заманауи көркемдік үдерістегі дәстүрлер мен инновациялар

 



Қастеев оқулары-2025 бағдарламасы.

Толық жинақты оқыңыз (PDF) >>>