Оқиғалар

"Ұлы тауларының шыңдары" көрмесі

8 қазан 2021 ж. сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ұлы тауларының шыңдары" көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Арт-симпозиум Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде бейнелеу өнері саласы бойынша кәсіби тәжірибе алмасу, Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің мәдени кеңістіктегі үрдістерін насихаттау және таныстыру мақсатында өткізіледі.

Арт-симпозиум барысында көрменің салтанатты ашылуы, каталогтың тұсаукесері және сағат 14.30-да бейнелеу өнерін мемлекеттік қолдау туралы мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтеді.

Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасын, халық тарихын, дәстүрлі мәдениет әлемін және бүгінгі күнді 60-тан астам көркем шығармалар көрсетеді. Көрмеге еліміздің: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей, Талдықорған, Орал, Шымкент  сияқты 10 өңірінен 45 суретші қатысады.

Көрмеге қазақстандық кәсіби, талантты суретшілердің үздік шығармашылық жұмыстары, соның ішінде әйел суретшілер, 30 жасқа дейінгі жас суретшілер және ерекше қажеттіліктері бар суретшілердің қатысуы іріктелді.

Суретшілер өз шығармаларында Тәуелсіздік идеясын жүзеге асыра отырып, халықтың сан ғасырлық тарихы мен дәстүрлі мәдениет әлемінен бүгінгі күннің сюжеттерін табады. Кейбіреулері көркем баяндауларға барса, енді бірі өткен мен қазіргі заманның кескіндемелік метафораларын жасайды, басқалары – уақыт арасындағы үздіксіз байланысты ашады. Осы 30 жылда Қазақстанның бейнелеу өнері айқындайтын: тарихи және мәдени жадының мызғымастығы, адам мен табиғат бірлігін сақтау – көшпелі мәдениеттің аксиомасы болды.

Арт-симпозиумның өткізілуі тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық өнердің жетістіктерін суретшілер шығармашылығы арқылы көрсетуге, жаңа есімдерді ашуға және бейнелеу өнерінің өзекті мәселелерін талқылау үшін алаң құруға мүмкіндік береді.

Көрме осы жылдың 8 қарашасына дейін жалғасады. Сонымен қатар, виртуалды көрмені ұйымдастырушылардың ресми сайттарында көруге болады

Арт-симпозиумды ұйымдастырушылар:

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;

- "Social Development Center"қоғамдық қоры;

- Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі

art-simpo-002
art-simpo-001
art-simpo-003
art-simpo-004
art-simpo-005