2021 жылдың 15 қазан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Байтұрсын Есжанұлы Өмірбековтың «АҚШАМДА» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозиция мерейтойлық датаға – суретшінің туғанына 75 жыл толуына арналған.
Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ресей Көркемсурет академиясының құрметті академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ең ірі, жетекші көркемурет музейі – Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейін басқарды, Қазақстан Суретшілер одағының төрағалығына сайланды, бірқатар мемлекеттік марапаттарға ие болды. Б.Е. Өмірбеков Жоғары білім беру мектебі – Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының басы-қасында болды, сонда ұзақ жылдар бойы ұйымдастыру-оқытушылық қызмет атқарды. Ол – Академиядағы графикалық дизайн кафедрасының ашылуын және суретші-реставратор мамандығын оқу бағдарламасына енгізуді Қазақстанда алғаш қолға алған адам.
Бірнеше теориялық басылымдарың авторы. «Заттық-кеңістіктік ортадағы түс», оқу құралы, Қазақ КСР Жоғары оқу орындары министрлігінің басылымы, 1990; «Түр-түс әлемі» – «Ана тілі», 1986; «Түр-түстердің қазақ тіліндегі көріністері», «Қазақстан» баспасы, 1987. Қазақстанның өнері жайлы мақалалары түрлі жинақтар мен кітаптарда жарық көрді. Мерзімдік басылымдарда өнер проблемалары жайлы жиі жазып тұрды. Б. Өмірбеков қазақ және орыс тілдеріне аудармашы ретінде де танымал: 2014 жылы С. Әжіғалидің «Маңғыстау ескерткіштері» атты зерттеу еңбегін («Өнер» баспасы) қазақ тіліне аударды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша 2019 жылы «Phaiden press» баспасының лицензиясымен қазақ тіліне аударылған әлемге кеңінен белгілі зерттеуші Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» кітабы – Б. Өмірбековтің маңызды еңбегі. Осындай қауырт әрі жауапты жұмыстарды атқару жастық шағында таңдаған мамандығын толығымен жүзеге асыруға, өнерге сүңгіп, кескіндемемен айналысуына, көркем картиналарда өмірге деген көзқарасын көрсетуіне уақыты болмады. Адам ретінде де, жаратушы ретінде де өзіне терең әсер еткен адамдардың бейнелеріне жүгінді. Бірақ соңғы жылдары осындай мүмкіндіктің көзі ашылды. Б.Е. Өмірбековтің өзінің мерейтойы мен Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көптен күткен жеке көрмесін осы мүмкіндіктің жемісі деп білеміз.
Көрмеге қойылған шығармаларындағы әлем – Байтұрсын Есжанұлы үшін аса маңызды. Бұлар – ол өзі терең құрметтейтін және олардың таланты мен рухани күшіне, тұлғалардың тарихи маңыздылығына шын жүректен тамсанатын адамдардың портреттері. Жанына ең жақын адамдар – жан жарының, балаларының, анасының, әкесінің портреттері ерекше орын алады, өйткені бұл жұмыстар суретшінің олармен байланысының тереңдігін көрсетеді. Шығармашылық арқылы табиғатқпен етене болу – Өмірбековтің өмірінің маңызды бөлігі. Ол өзі өмір сүретін және көрнекі-сезімдік әсерлері жүрекке мәңгі енген көрікті ортаның әсем көріністері жанының бір бөлігіне, тыныс табуына, Отанын қажетті де маңызды сезінуінің көрінісіне айналды. Аздаған натюрморттары суретшінің шығармашылық көріністегі кескіндемелік-пластикалық процестің маңызды құрамдас бөлігі болатын заттық-материалдық әлемге, оның формаларына, бояуларына, жарық-көлеңке және кеңістіктік өзара әрекеттесуге деген қызығушылығын білдіреді.
Б.Е. Өмірбековтің алғашқы жеке көрмесі оны педагог, басшы, қоғам қайраткері ретінде ғана емес, сонымен қатар шығармашылықтағы, лирикадағы және романтикадағы өз басымдықтарымен терең ой жүгіртетін, табиғаттың ұлы күшіне бас иетін адамдарды жақсы көретін суретші ретінде де көпшілік үшін жаңа қырынан көрсетеді. Бұл экспозиция мерейтойлық датаға – суретшінің туғанына 75 жыл толуына арналған. Осы көрмеден Байтұрсын Есжанұлы үшін өмірінің жаңа кезеңі – ұзақ шығармашылық ғұмыры басталады.