Оқиғалар

«Қазақстан суретшісі сөйлейді. 2021-2012» кітабының таныстырылымы

27 мамырда сағат 15:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан суретшісі сөйлейді. 2021-2012» кітабының таныстырылымы өтеді.

Дина Дуспулованың «Қазақстан суретшісі сөйлейді. 2012-2021» атты жаңа кітабының беттерінде қазақстандық отыз жетекші кескіндемеші, мүсінші, график, қолданбалы өнер шеберлері шығармашылық пен өнердің жоғары миссиясы туралы әңгіме қозғайды. Қылқалам шеберлерінің ой-толғамдары Қазақстанның қазіргі заманғы көркемдік атмосферасының ахуалын көрсетеді.

Жобаның демеушісі – Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бәтима Зәуірбекова.