Оқиғалар

«Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы достық» атты халықаралық көрмеcі

Әбілхан Қастеев атындағы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылдың 22-24 тамыз күндері Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті,  «Chine Post Group» корпорациясы,  Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның  Сиандағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белбеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына  орай «Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы  достық» атты халықаралық көрме өтеді. Көрме «Бір белбеу, бір жол» жобасының аясында Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар, олардың сауда-экономикалық қарым-қатынасы, тарихы мен мәдениетін дәріптеу, екі ел арасындағы мәдени байланысты дамыту,  Қытай және Қазақстан жасөспірімдерінің  сурет салу өнері бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылады.  Көрмеге Қытай мен Қазақстанның өнерлі жасөспірімдерінің 80 жұмысы қойылады.

Осы орайда,  Әбілхан Қастеев атындағы  ҚР Мемлекеттік өнер музейі 8-13 және 14-18 жас аралығындағы балалар арасында сурет салу өнері бойынша «Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар,  олардың сауда-экономикалық қарым-қатынасы, тарихы мен мәдениеті» тақырыбында балалар шығармашылығының байқауын жариялайды. Байқауға іріктеу кезеңдерінен өткен Қытай тарапынан 40 жұмыс және Қазақстан тарапынан   40 жұмыс  Әбілхан Қастеев атындағы  ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтетін «Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы  достық»  халықаралық көрмесіне қатысады.  

Байқауға Алматы қаласындағы барлық өнер мектептері мен студияларының  оқушылары қатыса алады.

Байқау екі кезеңмен өтеді.

  • 1 кезең 20.06. - 02.08.2023 ж. (көрмеге қойылатын жұмыстарды іріктеу, жұмыстар электронды форматта қабылданады);
  • 2 кезең  22-24.08.2023 ж. (1 іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар көмеге қойылып, қорытындысы жасалады)

Байқаудың демеушілері: Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті,  «Chine Post Group» корпорациясы,  Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның  Сиандағы Бас консулдығы.

Жүлде қоры: 8-13  және 14-18 жас (Бірінші орын – 1; Екінші орын – 2; Үшінші орын – 5)  Диплом және қосымша сыйлықтар, көрмеге қатысқан барлық  қатысушыларға қатысқандығы туралы сертификат.

 

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  1. Барлық орындалған жұмыстар байқаудың тақырыбына сай болуы қажет;
  2. Бір қатысушы тек 2 жұмыс қана ұсына алады;
  3. Жұмыстың техникасы: акварель, тушь;
  4. Өлшемі: А3 формат (ескерту: А3 форматтан үлкен жұмыстар қабылданбайды);
  5. Байқаудың 1 іріктеу кезеңінде барлық жұмыстар электронды нұсқада Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасы арқылы қабылданады;
  6. 2 іріктеу кезеңіне өткен жұмыстар көрме экспозициясына  қою үшін рамаға салынып, беті әйнек немесе плексигласспен қапталып, музейге алып келінеді.  

 

Қосымша ақпарат:

  • Көрменің салтанатты ашылуы: 22 тамыз 2023 жыл
  • 23.08.2023 ж. көрмеге қатысушы екі елдің жасөспірімдерінің қатысуымен музей алаңында пленер
  • 24.08.2023 ж. шеберлік-сабақ, байқауға қатысушыларды марапаттау  

 

Байқау туралы толық ақпаратты қосымша беріліп отырған Ережеден көруге болады.

Көрменің кураторлары: Айдымбаева Ақмарал Алтайқызы 87753409967;

                                          Азат Дидар 87003690823