2023 жылғы 1 қарашада сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Лидия Вайнның «Моншақтар. Жанасу» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
Моншақтар – өркениет пайда болғаннан бері адамзат қолданып келе жатқан тарихтағы ең көне әшекей. Олар ежелгі салт-дәстүрлердің ажырамас бөлігі болып табылады. Әрине, бүгінгі күнге дейін дарынды шеберлер моншақ иесінің бейнесін безендіру және жеке стилін айрықша көрсету ісінің маңызды бағытын сақтады.
LATUHA жеке брендінің негізін қалаушы Лидия Вайн он бес жылдан астам уақытын арнап, зерттеген моншақтарды өнер ретінде қабылдайды. Ол осы уақыт ішінде ерекше зергерлік бұйымдардан өзінің танымал стилін тауып қана қоймай, сонымен қатар этно сәні стилінде жасалған зергерлік бұйымдар мен моншақтардың авторы ретінде халықаралық деңгейде танылды.
Шығармашылығын моншақтар мен зергерлік бұйымдардан бастаған LATUHA бренді авторлық көзқараспен этникалық кодтардың трансформациясы негізінде дизайнерлік киім топтамаларын жасауға кірісті. LATUHA бренді бойынша белсенді шығармашылық ізденістерді қызы Лолита мен ұлы Алилеониджан жалғастырды. Олар отбасылық бренд аясында көне дәуірлер мен қазіргі заман, дәстүр мен жаңашылдық, Шығыс пен Батыс тоғысқан бірегей туындылар жасайды.
Лидия Вайн-сәндік - қолданбалы өнер суретшілерінің шығармашылық одағының мүшесі (Санкт-Петербург қ.), сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің өңіраралық қоғамдық ұйымының мүшесі, wwc-ASIA PACIFIC өңірінің мүшесі, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, Қырғыз Республикасының дизайнерлер Одағының мүшесі, Еуразиялық этнодизайнерлер қауымдастығының (ЕАЭО) мүшесі. Ол сонымен қатар көптеген сән көрсетілімдерінің, зергерлік бұйымдар көрмелерінің және жәрмеңкелердің қатысушысы.
Көрме 2023 жылғы қарашаға айының 30-на дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі - Ақжарқын Құмарбаева