Оқиғалар

Тоқыма өнері индустриясындағы ең көрнекті әрі көптен күткен оқиғалардың бірі жыл сайынғы Квилт-фестивалі өтеді.

«Қазақстан құрақ құрау шеберлері қауымдастығының» ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Жануарлар әлемін қорғайық» халықаралық квилт-фестивалі өтеді

2023 жылы 18 қарашада  Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде тоқыма өнері индустриясындағы ең көрнекті әрі көптен күткен оқиғалардың бірі жыл сайынғы Квилт-фестивалі өтеді. Дәл осы күні бір жерде этно-дизайн, көркем квилт, пэчворк (құрақ) әлемінің хас шеберлері мен жанкүйерлері, сонымен қатар Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келген креативті киім дизайнерлері жиналмақ.

Ұзақ жылдар бойы іс-шараның ұйымдастырушысы әрі идеялық шабыттандырушысы «RIVIA тігін машиналары үйімен» және  «BERNINA» брендімен тығыз ынтымақтаса отырып жұмыс істейтін «Қазақстан құрақ құрау шеберлері қауымдастығы» болып табылады.

Қауымдастықтың басшысы Тамара Бекмұратқызы Штошерердің айтуы бойынша қауымдастықтың басты миссиясы – Қазақстанда «Құрақ» техникасымен құрақ құрау, көркем квилт және ежелгі қолөнердің бірегей мұрасын қолдау және дамыту, сондай-ақ оны заманауи тігін жабдықтарын пайдалана отырып, танымал ету әрі жаңа инновацияларды енгізу болып табылады. Биыл өтетін фестиваль ерекше әсерлі болмақ, өйткені ол «RIVIA тігін машиналары үйінің» 30 жылдығымен және  швейцариялық «BERNINA» компаниясының құрылғанына 130 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Алайда бұл квилт-фестивальді ерекше ететін осы компаниялардың ұзақ жылдар бойғы табысты қызметі ғана емес. Сонымен қатар осы іс-шара арқылы біз сирек кездесетін жануарлардың түрін қорғау және сақтап қалу тәрізді маңызды мәселеге қоғамның назарын аудару. Осы мақсатта біз «Жануарлар әлемін қорғайық» атты пэчворк-байқау жарияладық, мұнда әрбір қатысушы өзінің ойы мен сезімін тігін шеберлігі арқылы білдіре алады. Тоқыма шеберлерінің қолындағы ине қылқаламға, ал мата қалдықтары бояуларға айналмақ. Байқау нәтижелері, сондай-ақ оның жеңімпаздары фестиваль барысында жарияланатын болады.

Жалпы алғанда бағдарлама өте жарқын әрі бейнелі болмақ. Қатысушылар төмендегі керемет көрмелердің куәгері бола алады:

  • «Magic Quilt» пэчворк клубының бірегей «Джинса матасы бөлмесі» көрмесі: мұнда барлық заттар апсайклинг техникасында қайта пайдаланылған материалдардан жасалған;
  • Қазақстандық квилт-шеберлерінің туындылары көрмесі;
  • Өзбекстандық дизайнер және «BERNINA» брендінің амбассадоры Марианнаның таңғажайып топтамасы («Өзгеше киім» бренді);
  • ҚР еңбек сіңірген сәндік-қолданбалы өнер суретшісі, «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының» профессоры, халықаралық республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты Сәуле Бапанованың топтамасының көрсетілімі;
  • Қазақстандық жас дизайнер Тамерлан Имминиязовтың жапондық Boro техникасындағы топтамасының көрсетілімі ("Sober Files" бренді);
  • «BERNINA» машиналарында тігілген «RIVIA тігін машиналары үйінің» эксклюзивті жейделер топтамасының көрсетілімі;
  • Дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымының «Сапа белгісінің» иегері, АҚШ, Жапония, Германия, Италия, Франция және басқа елдердегі халықаралық сән және сән көрсетілімдері конкурстарының тұрақты қатысушысы және Гран-при иегері Қырғызстандық «CHAPANSAR» брендінің коллекциясы;
  • «BERNINA» премиум санатындағы тігін-кесте тігу машиналарын таныстыру және шеберлік сағаттары.

Биылғы квилт-фестивальдің ерекшелігі қонақтар арасында естелік жүлделерге және  сыйлықтарға  ҰТЫС ойыны ойнатылады. Әрбір келушінің бас жүлдені, яғни ТІГІН МАШИНАСЫН ұтып алу мүмкіндігі бар.

Негізгі ақпарат:

Фестивальдің жұмыс уақыты:  2023 жылғы 18 қараша, сағ. 10:00 бастап 18:00 дейін.

Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейі, Алматы қ., Көктем-3, 22/1. Фестивальдің салтанатты ашылуы және топтамалардың көрсетілімі: 14:00.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау: сағ. 16:00

Бізге қолдау көрсеткендер:

  • Ә. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейі.
  • “BERNINA International AG” (Швейцария) – тігін машиналарының әлемдік жетекші өндірушісі.
  • "Rivia тігін машиналарының үйі" - "VERITAS" брендінің иесі, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағындағы "Bernina" (Швейцария) және “CROWN Technics AG” (Германия) компанияларының ресми және эксклюзивті дистрибьюторы.
  • “Тігін әлемі” инновациялық оқыту орталығы.
  • “Eurasian Fashion Week”.
  • “Алматы сән және дизайн колледжі”.

«Жануарлар әлемін қорғайық» квилт-фестивалі шабыттануға, сұлулықты сезінуге және шексіз шығармашылық энергия сыйлайды деп күтілуде. Баршаңызды шығармашылық әлеміне, идеялармен алмасуға және табиғатқа, экологияға және тоқыма бұйымдарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

Құрметпен, «Қазақстан құрақ құрау шеберлері қауымдастығының» Президенті - Штрошерер Тамара

Фестивальға кіру тегін.

 

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ атынан квилт-фестивальдің жетекшісі - Кущенко Анна