Оқиғалар

Суретші Бәйтенов Мәжит Садықұлының 75 жылдығына орай «Ұлы дала аңыздары» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 12 қаңтар күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Бәйтенов Мәжит Садықұлының 75 жылдығына орай «Ұлы дала аңыздары» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

 

«Ұлы дала аңыздары» атты көрмеге суретшінің 75 кескіндемелік туындылары ұсынылады. Туындылар қылқалам шеберінің тәуелсіздік жылдарынан кейінгі, басым бөлігі соңғы бес жылдықтағы және бұл туындылар  шығармашылығының бір бөлігі болып табылады. Тақырыпқа сай ұлы даланың аңыздары ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлі дүние танымы автордың көзқарасы арқылы суреттелген. Суретшінің авторлық қолтаңбасына түстік түзілімінің қанықтығы, жазықтықтың нұсқалық түрленуі, фактуралық үйлесім, стилизация және пішіндердің трансформациялануы тән. Шебердің «Түрленуден қорықпаймын» - деген  қанатты сөзі жаңа эксперименттерге дайындығын және ішкі көпқырлы ұмтылысын көрсетеді. 

Мәжит Байтенов суретші-график, кескіндемеші, өнертану доценті, С. Сейфуллин атындағы Каз АТУ профессоры, ҚР көркемсурет Академиясының академигі, ҚР СО мүшесі және Халықаралық Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі. Ол 1949 жылы 21 маусымда Петропавл (Қызылжар) қаласында дүниеге келген, шығармашылық ғұмырының біраз жылын Қарағанды қаласында өткізіп,  қазіргі таңда Астана қаласында тұрады. 1965-69 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Н.В. Гоголь (қазір О.Таңсықбаев ат. Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) атындағы көркемсурет училищесін бітірген. В. Лебедев, А. Бортников және Б. Тәбиев сынды озат суретшілерден дәріс алған. 1976 жылдан КСРО СО мүшесі. 1972 жылдан көптеген халықаралық, республикалық көрмелердің қатысушысы, 2005 жылы осы өнер ошағында «Балбалтас» және 2019 жылы «Ұлы дала сыры» атты жеке шығармашылық көрмесін өткізген болатын.

Көрмеде таныстырылатын «Күлтегін», «Азиямен қауышу», «Жағажайдағы демалыс», «Саукеле», «Қобызшы» және т.б. туындылары кескіндемелік сызықтар мен таңбалық сызықтар арқылы түрлі бояулы жағындылармен ізденген кескіндемелі қолтаңбаны байқайсыздар. Мысалы, «Азиямен қауышу» туындысында таңбалық жағындылар арқылы тақырыптық сұлбаларды енгізген. Бір қарағанда түсініксіз болып көрінетін туындылары суретшінің қалыптасқан кубизмдік стилінің таңбалық-сызықтық әдіске трансформацияланғанын байқауға болады.

Мәжит Байтенов ескі мен жаңаның арасындағы көпір секілді. Суретші қалыптасқан қолтаңбасы арқылы ұлы даладағы аңыздарды, философиялық ойларды және рухани үдерістерді кенеп бетіне түсіруден жалыққан емес.  Ұлттық нақыштағы терең философиялық және шығармашылық ізденіске толы әлемі көрмеде орын тапты. Жарқын бояулар мен түркі әлемінің таңбалары суретшінің кенеп беттерінде ерекше көрініс табуда.

Мәжит Байтенов - еліміздің аға буын суретшілер арасында қазақ өнеріне өнегелі үлес қосып жүрген, дамылсыз еңбек етуден жалықпайтын нағыз ізденісшіл қылқалам шебері.

 

Көрме ақпан айының 11-не дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі: Ақжігіт Нүсіп

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті.

🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады. 

🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды.

⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ».

🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию.

🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе. ⚜️2026 жылдың 28 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтті. 🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістерін және қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылады. 🔸Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болды. Сондай-ақ суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылды. ⚜️28 июня 2026 года в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоялся круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ». 🔸В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудили творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание было уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию. 🔹Также участники рассмотрели творческий подход художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также отметили его место и роль в современном художественном процессе. ⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.

🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды.

🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана  шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.

🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды. ⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды. 🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді. 🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды. 🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан.
Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып  жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті.
Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз. 🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан. Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті. Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз. 📸28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
 
💫Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, осы салада еңбек етіп жүрген барша журналистер мен медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер – ел мен мемлекет ортасында берік мәміле орнатар сенімді көпір, қоғам өміріндегі маңызды оқиғалардың жаршысы және ізгі бастамалардың насихатшысысыздар. Мемлекетіміздің құндылықтарын дәріптеу мен мәдениетімізді кеңінен танытуда атқаратын рөлдеріңіз орасан зор.

👏Баршаңызға шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, және жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

📸 28 июня – День работников средств массовой информации

💫 Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева сердечно поздравляет журналистов и представителей медиасферы с профессиональным праздником – Днём работников средств массовой информации!

Вы играете важную роль в жизни общества, являясь надёжным связующим звеном между народом и государством, оперативно освещая значимые события и поддерживая общественно важные инициативы. Ваш вклад в сохранение, популяризацию и продвижение культурного наследия и национальных ценностей Казахстана заслуживает искреннего признания и уважения.

👏 Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, творческих успехов, профессионального роста и новых достижений в вашей ответственной и благородной деятельности! 📸28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні 💫Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, осы салада еңбек етіп жүрген барша журналистер мен медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Сіздер – ел мен мемлекет ортасында берік мәміле орнатар сенімді көпір, қоғам өміріндегі маңызды оқиғалардың жаршысы және ізгі бастамалардың насихатшысысыздар. Мемлекетіміздің құндылықтарын дәріптеу мен мәдениетімізді кеңінен танытуда атқаратын рөлдеріңіз орасан зор. 👏Баршаңызға шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, және жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілейміз! 📸 28 июня – День работников средств массовой информации 💫 Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева сердечно поздравляет журналистов и представителей медиасферы с профессиональным праздником – Днём работников средств массовой информации! Вы играете важную роль в жизни общества, являясь надёжным связующим звеном между народом и государством, оперативно освещая значимые события и поддерживая общественно важные инициативы. Ваш вклад в сохранение, популяризацию и продвижение культурного наследия и национальных ценностей Казахстана заслуживает искреннего признания и уважения. 👏 Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, творческих успехов, профессионального роста и новых достижений в вашей ответственной и благородной деятельности! «ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ» мерейтойлық көрмесінің дөңгелек үстелі

26 маусым, 15:00

⚜️2026 жылдың 26 маусымы күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрмені қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтеді. Көрмеде Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың туындылары ұсынылған. Жиында аталған қаламгерлердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланып, олардың шығармашылығы кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі көзқарас тұрғысынан пайымдау аясында қарастырылады. Сондай-ақ бұл мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына ықпалына назар аударылады. Іс-шараға өнертанушылар, кураторлар, суретшілер, журналистер және көркемөнер жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі, 2-қабат, рекреация залы.

Басталуы: 15:00.

Круглый стол по юбилейной выставке «ПРОСТРАНСТВО ПАМЯТИ»

26 июня, 15:00

 ⚜️26 июня в 15:00 в Национальном музее искусств РК имени А. Кастеева состоится Круглый стол по итогам юбилейной выставки «Пространство памяти», представляющей произведения Народного художника Казахстана Сахи Романова, Заслуженного деятеля искусств Казахстана Бека Тулекова и известного скульптора Даира Тулекова. Темой обсуждения станет оценка вклада представленных мастеров в развитие национального изобразительного искусства, анализ их творчества с позиций современного понимания культурного наследия советской эпохи и его влияния на эволюцию искусства независимого Казахстана. К участию приглашаются искусствоведы, кураторы, художники, журналисты, студенты художественных Вузов.

📍Место проведения: Национальный музей искусств РК имени А. Кастеева. Второй этаж. Зал рекреации. Начало – 15 00. «ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ» мерейтойлық көрмесінің дөңгелек үстелі 26 маусым, 15:00 ⚜️2026 жылдың 26 маусымы күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрмені қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтеді. Көрмеде Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың туындылары ұсынылған. Жиында аталған қаламгерлердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланып, олардың шығармашылығы кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі көзқарас тұрғысынан пайымдау аясында қарастырылады. Сондай-ақ бұл мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына ықпалына назар аударылады. Іс-шараға өнертанушылар, кураторлар, суретшілер, журналистер және көркемөнер жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. 📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі, 2-қабат, рекреация залы. Басталуы: 15:00. Круглый стол по юбилейной выставке «ПРОСТРАНСТВО ПАМЯТИ» 26 июня, 15:00 ⚜️26 июня в 15:00 в Национальном музее искусств РК имени А. Кастеева состоится Круглый стол по итогам юбилейной выставки «Пространство памяти», представляющей произведения Народного художника Казахстана Сахи Романова, Заслуженного деятеля искусств Казахстана Бека Тулекова и известного скульптора Даира Тулекова. Темой обсуждения станет оценка вклада представленных мастеров в развитие национального изобразительного искусства, анализ их творчества с позиций современного понимания культурного наследия советской эпохи и его влияния на эволюцию искусства независимого Казахстана. К участию приглашаются искусствоведы, кураторы, художники, журналисты, студенты художественных Вузов. 📍Место проведения: Национальный музей искусств РК имени А. Кастеева. Второй этаж. Зал рекреации. Начало – 15 00. ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

🔹Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылады. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енген. Бұл – Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытатын көрме. 

🔸«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияның бір бөлігін шебердің кескіндемелік туындылары құрайды. «Ұрпақ сабақтастығы» шығармасында әже мен немере арасындағы рухани байланыстың көркем көрінісі берілген. Алдыңғы пландағы бесік пішініндегі жетіген бейнесі қазақ даласының мәдени кеңістігін, ұлт руханиятының бастауын меңзейді. Суретшінің «Тасқа жазылған аңыз» атты картинасы қазақ жеріндегі тарихи кезеңдердің сабақтастығын бейнелейді. Бұл шығармада автор қазақ даласының сан ғасырлық тарихын бір көркем жазықтықта тоғыстырады. Туындының негізгі идеясы – адамзат өркениетінің сан алуан кезеңдері алмасқанымен, олардың үнсіз куәгері ретінде табиғат пен жартас қана қалатынын меңзеу. Жартастарға қашалған белгілер арқылы суретші уақыттың үзілмес сабақтастығын, тарихи жадының мәңгілігін бейнелейді. Жалпы, Алтынбек Құмаровтың кескіндемелік туындылары тарихи жады, ұлттық дүниетаным және күнделікті тұрмыс тақырыптарын арқау етеді.

📍Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 🔹Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылады. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енген. Бұл – Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытатын көрме. 🔸«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияның бір бөлігін шебердің кескіндемелік туындылары құрайды. «Ұрпақ сабақтастығы» шығармасында әже мен немере арасындағы рухани байланыстың көркем көрінісі берілген. Алдыңғы пландағы бесік пішініндегі жетіген бейнесі қазақ даласының мәдени кеңістігін, ұлт руханиятының бастауын меңзейді. Суретшінің «Тасқа жазылған аңыз» атты картинасы қазақ жеріндегі тарихи кезеңдердің сабақтастығын бейнелейді. Бұл шығармада автор қазақ даласының сан ғасырлық тарихын бір көркем жазықтықта тоғыстырады. Туындының негізгі идеясы – адамзат өркениетінің сан алуан кезеңдері алмасқанымен, олардың үнсіз куәгері ретінде табиғат пен жартас қана қалатынын меңзеу. Жартастарға қашалған белгілер арқылы суретші уақыттың үзілмес сабақтастығын, тарихи жадының мәңгілігін бейнелейді. Жалпы, Алтынбек Құмаровтың кескіндемелік туындылары тарихи жады, ұлттық дүниетаным және күнделікті тұрмыс тақырыптарын арқау етеді. 📍Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ