Оқиғалар

ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлының «БҰЛ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу өтеді.

2024 жылдың 26 қаңтар күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлының «БҰЛ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу өтеді. Көрмеге суретшінің әр жылдары жасалған 70-ке жуық  кескіндеме, графика және гобеленнен құралған туындылары ұсынылады.

 

Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлы 1947 жылы Луговой кентінде қызметкер отбасында дүниеге келген.  1978 жылы Украина Республикасының Львов қаласындағы Мемлекеттік қолданбалы – сәндік өнер институтын бітірген. Рақымжан Садығұловтың шығармашылығы жан-жақты әртүрлі техникамен, жанрмен, бейнелеу өнерінің түрлілігімен ерекшеленіп, өзінің  қайталанбас жеке қолтаңбасымен айқындалады. Р. Садығұлов  өз шығармашылығымен қатар 30 жылдан астам ұстаздық қызметін де бірге алып жүрген суретші.

1979 – 2001 жж. аралығында Темірбек Жүргенов атындағы  Алматы мемлекеттік көркемсурет және театр өнері институтында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, оқу ісінің проректоры, ректордың міндетін атқарушысы, 2001-2008 жж. Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің директоры, 2008 – 2010 жж. Абай атындағы  ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі сынды жоғары лауазымды қызметтер атқарды.

Садыгулов Р.С.  – Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, шығармашылық одақ басқармасының мүшесі, 1984 жылдан бастап республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушысы.

         Теория мен практиканы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесін жетік меңгерген кәсіби деңгейі жоғары маман Р. Садығұлов, «Сәндік-қолданбалы өнер» мамандығы бойынша бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми мақалалардың және «Бейнелеу өнері мамандандырылған терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша түсіндірме сөздігі», О.Таңсықбаев шығармашылығына арналған кітаптың авторы. Сонымен қатар, 150-ден астам шығармашылық жұмыстар, оның ішінде кескіндемелік сериялық жұмыстары «Абылай хан», «Мұхамед - Хайдар Дулати» мен «Жер әлеміне бейбітшілік», «Жаңа қала», «Менің бағым», «Томирис», «Шамандар», «Мәңгілік», «Аңырақай шайқасы»  атты ірі гобелендердің авторы.  

Экспозиция 2024 жылдың  16 ақпанына  дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі – Әбілдаева Лаура

2
1
5
3
6
7