Оқиғалар

Мүсінші Сарбасов Даниярдың ERKINDIK атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

        2024 жылғы 7 ақпанында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде мүсінші Сарбасов Даниярдың ERKINDIK атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге мүсіншінің отызға жуық мүсіндік туындылары қойылмақ.

        Жас мүсінші Сарбасов Данияр өзінің ERKINDIK атты алғашқы жеке шығармашылық көрмесін көпшілік назарына ұсынады. Көрменің атауы суретші үшін шығармашылық еркіндіктің, ой еркіндігінің маңыздылығын көрсететін терең мазмұнға ие. Сондай-ақ, көрмеге қойылған осы аттас «Еркіндік» (2020) мүсінінде бір арнаға тоғысқан жылқы мен бүркіттің біртұтас бейнесі еркін қалықтап, осы сезімді ұғынуға жетелейді.  

Сарбасов Данияр – талантты мүсінші, тарихи және анималистік жанрдағы көптеген станоктық және монументалды мүсіндердің авторы. Оның шығармашылық ізденістері түрлі бағыттарды қамтиды, реалистік және стильденген тәсілдерімен ерекшеленеді. Көрмеге қойылған жұмыстар 2013-2023 жылдар аралығында сомдалған. Автордың сүйікті тақырыптарының біріне айналған жылқы оның шығармаларының негізгі элементі болып табылады. Мүсінші өз туындыларында жылқы бейнесін: бәйге жылқысы мен асау тұлпардан, Ақан серінің Құлагері мен мифтік жаратылыс – қанатты пыраққа дейін әр түрлі интерпретациялайды. Оның мүсіндеріндегі аттар динамикалық және күрделі қозғалыста өмірге келеді. Автордың өзі айтқандай: «ең қиыны жылқының қимыл-қозғалысын көрсету: олар шапшаң, көз ілеспейтін қимыл. Мен оларды сезім ретінде сомдау керектігін түсіндім. Ол жылқыда басты ұстаным болса, ал адамда ең бастысы – ерік пен еркіндік екені сөзсіз»....  

Даниярдың жылқылар мен жануарлар әлеміне деген қызығушылығы соншалық, осы тақырыпта көптеген композициялар жасап, өзін анималист-мүсіншісі ретінде танытып жүр. Сонымен қатар ол скиф-сақ мәдениетін терең зерттеуінің нәтижесінде бірқатар туындыларды өмірге әкелді. Олардың қатарында өзіндік көркемдік шешімімен, пластикалық пішінімен ерекшеленетін «Романтик», «Кербұғы» (2015) және «Талпыныс» (2018) шығармаларында әр ұсақ бөлшекке ерекше назар аудара, егжей-тегжейлі мұқият көрсете отырып аң стиліне қызығушылығы айқындалды. Композициясы еркін және ырғақты теңдестірілген «Туған жер» (2016) мүсінінін сұлбаның айқындылығы мен пластикалық массаларды бөлудегі қатаңдық ерекшелей түседі. Ал, «Жошы хан» мүсіні (2021) – портреттік және анималистік жанрлардың жарқын үйлесіміне жақсы мысал бола алады. Тарихи тақырыптағы осы композицияның басты кейіпкері – жылқының тізгінін ұстаған ер адам, батыр Жошының көркем бейнесі. Жылқы бейнесі, оның тұрған кейпі, мінезі аса шынайы дәлдікпен сомдалған. «Құлагер» (2016), «Жүйрік ат» (2018) «Талпыныс» сынды шығармаларында мүсінші түрлі материалдармен жұмыс жасаудағы шеберлігін көрсетеді. Қола және алюминий сияқты құрылымы әртүрлі екі материалдың байланысы үйлесімді берілуі, автордың жоғары кәсіби шеберлігін көрсетеді.

Көрмеге сонымен қатар «Мейірім» (2022) және «Үміт» (2023) атты ана тақырыбындағы шығармалар қойылған, мұнда ана бейнесі отбасы, ошақ қасын берік ұстаушы ретінде бейнелейтін басты кейіпкерге айналады.

Автор туралы:

Сарбасов Данияр 1990 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келді.

«Шабыт» XVIII Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты және гран-при иегері және Халықаралық TURAN сыйлығының лауреаты.

2008 жылы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжін «мүсін» мамандығы бойынша бітірді.

2013 жылы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА бакалавриатын «мүсін» мамандығы бойынша тәмамдады.

2010 жылдан бастап – қалалық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы.

2013-2018 жж. – Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжінде оқу шебері болып жұмыс істеді.

2018-2019 жж. – ҚазБСҚА-да оқытушы және профессордың ассистенті болды.

2019 жылы достарымен бірге «Арт Альянс» ЖШС құрып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде мүсіндік ескерткіштерді сомдауда жобаларды іске асырып келеді.

2022 жылдан бері ҚР Суретшілер одағының мүшесі.                 

Экспозиция ақпан айының 28-не дейін жалғасады.                                                      

 

                                                                                   Көрме жетекшісі – Самал Мамытова

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі:

🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік
29.05-31.08.2026

🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі
02.07-26.07.2026

🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме
03.07-26.07.2026

🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 
14.07-02.08.2026

🔹Арухан «Жад бедері»
24.07-23.08.2026

⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль:

🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев»
29.05–31.08.2026

🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника»
02.07–26.07.2026

🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома»
03.07–26.07.2026

🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути»
14.07–02.08.2026

🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти»
24.07–23.08.2026 ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі: 🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік 29.05-31.08.2026 🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі 02.07-26.07.2026 🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме 03.07-26.07.2026 🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 14.07-02.08.2026 🔹Арухан «Жад бедері» 24.07-23.08.2026 ⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль: 🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев» 29.05–31.08.2026 🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника» 02.07–26.07.2026 🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома» 03.07–26.07.2026 🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути» 14.07–02.08.2026 🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти» 24.07–23.08.2026 ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы

🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді:

▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі;
▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар;
▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады.

✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз!

⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory»

🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа:

▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай;
▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой);
▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти.

✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы 🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді: ▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі; ▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар; ▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады. ✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз! ⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory» 🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа: ▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай; ▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой); ▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти. ✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады.

🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді.

 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады. 🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.
 
🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 

🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 

🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 

📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.   🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді.

🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 

🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған.

Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! 

⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 

🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 

🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа.

Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді. 🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған. Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! ⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа. Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни

В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24».

📌Выставка продлится до 26 июля. Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24». 📌Выставка продлится до 26 июля.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ