Оқиғалар

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз-Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған Алматы облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін интерактивті шығармашылық сабақтарын өткізіледі.

         2024 жылғы 4,5,6,7 наурызда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз-Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған (1904-1973) Алматы облысының жалпы білім беретін мектептерінің (Талғар, Есік, Қаскелен, Қонаев қалалары) оқушылары үшін интерактивті шығармашылық сабақтарын өткізіледі.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз – Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты көркемдік білім беру жобасы Мемлекеттік өнер музейінің  көшпелі бағдарламалары аясында тиімді шығырмашылық тәжірибе және білім беру платформасы болып табылады.

«Мобильді музей. Мектептегі музей» тақырыбында музей мамандары суретшілермен және мұғалімдермен бірлесе отырып, Қазақстанның ұлттық өнерін насихаттауға, балаларды музей әлемімен және шығармашылықпен, мәдениет пен бейнелеу өнерімен таныстыруға өзіндік үлесін қосады.

            Осы  білім беру шығармашылық жобасының демеушілері  «KMF» МҚҰ-ның компаниялар тобы және «KMF-Демеу» корпоративтік қоры болды, ол халықтың бизнесі мен кәсіпкерлікті бастап, жастардың дамуын қолдайтын әлеуметтік жобаларды, коммерциялық емес сипаттағы мәдени-білім беру жобаларын іске асыруда. Қор Алматы облысы мектептерінің оқушыларына арналған білім беру көшпелі бағдарламасын іске асырудағы музей бастамасын қолдап, сол арқылы еліміздің көркемдік мұрасын танымал етуге өз үлесін қосады. Жоба аясында, музей мамандары Алматы облысындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін интерактивті шығармашылық сабақтарын өткізеді. Оған Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын презентация-дәрісі; «Өнер білгірлері. Қастеев әлемі» атты викторина ойыны кіреді. Оқу үдерісінде балалар суретшінің Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің қорындағы табиғат сұлулығын, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін, Қазақстанның көрнекті тұлғалары бейнеленген туындыларымен танысады. Бағдарламаның бір бөлігі «Ә.Қастеев шығармалары негізіндегі көркем Қазақстан» акварель бояуы бойынша мастер-класс сабағы, 6-7 сынып оқушыларына кәсіби суретшілердің тәжірибесі мен шеберлігін үйрену, бірлесіп орындау арқылы шығармаларды салу техникасын меңгеруге мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның танымал суретшілері қатысуда:

- Нысанбаев Марлан Кеңесұлы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер одағы хатшылығы мен басқармасының мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері, Исатай Исабаев сыйлығының лауреаты, ҚР Өнер академиясы ҚҚ-ның вице-президенті, Лондон Еуразиялық шығармашылық гильдиясының елшісі.

- Мақсат Қырғызбайұлы Кантарбаев - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР СО Басқарма мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері, ҚР Өнер академиясының ҚҚ-ның корреспондент мүшесі, Лондон Еуразиялық шығармашылық гильдиясының мүшесі.

- Дроздова Лидия Дмитриевна – суретші-педагог, ҚР Суретшілер одағы басқармасының мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері, арт-блогер, «Яблоневая палитра» студиясының жетекшісі, Mondial Art Француз Академиясының елшісі, Лондондағы ЕТТ-ның сараптау комиссиясының мүшесі.

- Асқар Әбдібекұлы Бейшекеев – суретші-педагог, ҚР Ұлттық дизайн академиясының академигі.

Іс-шараның белсенді қатысушылары, «Өнер білгірлері» викторинасының жеңімпаздары «KMF-Демеу» корпоративтік қоры мен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі атынан Ә.Қастеевтің 120 жылдығына орай төс белгі, диплом және сертификаттармен марапатталады.

 

 

Жобаның кураторы - Кущенко Анна, Ә.Қастеев атындағы ҚР  МӨМ

 «Маркетинг және жобалау қызметі» бөлімінің жетекшісі

 

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.

🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды.

🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана  шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.

🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды. ⚜️2026 жылдың 26 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрменің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔸Іс-шара аясында Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланды. Қатысушылар суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесін саралап, олардың туындыларын кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдау аясында қарастырды. Сонымен қатар бұл көркем мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылды. 🔹«Естеліктер мекені» атауы өткенді еске алумен ғана шектелмей, тарихи жады мен рухани құндылықтардың сабақтастығын айшықтайтын маңызды ұғым ретінде көрініс тапты. Басқосу барысында өнер туындыларының ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудегі, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы және көркем өнердің үздік дәстүрлерін жалғастырудағы маңызы ерекше атап өтілді. 🔺Қорытындылай келе, дөңгелек үстел өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты, кескіндеме мен мүсін өнерін өзара сабақтастырған мазмұнды мәдени сұхбат алаңына айналды. 🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан.
Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып  жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті.
Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз. 🎨 «Қылқалам сыры» музей айдарының кезекті қонағы – кәсіби суретші Құмар Омархан. Бұл сұхбатта суретші Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылып жатқан «Ұлы рух» атты көрмесі туралы, шығармашылық жолы, өнерге келуі және өмірбаяны жайында сыр бөлісті. Сұхбаттан қылқалам иесінің шығармашылық ұстанымы, өнерге деген көзқарасы мен жаңа көрменің идеялық мазмұны туралы қызықты мәліметтерді біле аласыз. 📸28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
 
💫Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, осы салада еңбек етіп жүрген барша журналистер мен медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер – ел мен мемлекет ортасында берік мәміле орнатар сенімді көпір, қоғам өміріндегі маңызды оқиғалардың жаршысы және ізгі бастамалардың насихатшысысыздар. Мемлекетіміздің құндылықтарын дәріптеу мен мәдениетімізді кеңінен танытуда атқаратын рөлдеріңіз орасан зор.

👏Баршаңызға шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, және жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

📸 28 июня – День работников средств массовой информации

💫 Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева сердечно поздравляет журналистов и представителей медиасферы с профессиональным праздником – Днём работников средств массовой информации!

Вы играете важную роль в жизни общества, являясь надёжным связующим звеном между народом и государством, оперативно освещая значимые события и поддерживая общественно важные инициативы. Ваш вклад в сохранение, популяризацию и продвижение культурного наследия и национальных ценностей Казахстана заслуживает искреннего признания и уважения.

👏 Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, творческих успехов, профессионального роста и новых достижений в вашей ответственной и благородной деятельности! 📸28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні 💫Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, осы салада еңбек етіп жүрген барша журналистер мен медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Сіздер – ел мен мемлекет ортасында берік мәміле орнатар сенімді көпір, қоғам өміріндегі маңызды оқиғалардың жаршысы және ізгі бастамалардың насихатшысысыздар. Мемлекетіміздің құндылықтарын дәріптеу мен мәдениетімізді кеңінен танытуда атқаратын рөлдеріңіз орасан зор. 👏Баршаңызға шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, және жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілейміз! 📸 28 июня – День работников средств массовой информации 💫 Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева сердечно поздравляет журналистов и представителей медиасферы с профессиональным праздником – Днём работников средств массовой информации! Вы играете важную роль в жизни общества, являясь надёжным связующим звеном между народом и государством, оперативно освещая значимые события и поддерживая общественно важные инициативы. Ваш вклад в сохранение, популяризацию и продвижение культурного наследия и национальных ценностей Казахстана заслуживает искреннего признания и уважения. 👏 Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, творческих успехов, профессионального роста и новых достижений в вашей ответственной и благородной деятельности! «ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ» мерейтойлық көрмесінің дөңгелек үстелі

26 маусым, 15:00

⚜️2026 жылдың 26 маусымы күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрмені қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтеді. Көрмеде Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың туындылары ұсынылған. Жиында аталған қаламгерлердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланып, олардың шығармашылығы кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі көзқарас тұрғысынан пайымдау аясында қарастырылады. Сондай-ақ бұл мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына ықпалына назар аударылады. Іс-шараға өнертанушылар, кураторлар, суретшілер, журналистер және көркемөнер жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі, 2-қабат, рекреация залы.

Басталуы: 15:00.

Круглый стол по юбилейной выставке «ПРОСТРАНСТВО ПАМЯТИ»

26 июня, 15:00

 ⚜️26 июня в 15:00 в Национальном музее искусств РК имени А. Кастеева состоится Круглый стол по итогам юбилейной выставки «Пространство памяти», представляющей произведения Народного художника Казахстана Сахи Романова, Заслуженного деятеля искусств Казахстана Бека Тулекова и известного скульптора Даира Тулекова. Темой обсуждения станет оценка вклада представленных мастеров в развитие национального изобразительного искусства, анализ их творчества с позиций современного понимания культурного наследия советской эпохи и его влияния на эволюцию искусства независимого Казахстана. К участию приглашаются искусствоведы, кураторы, художники, журналисты, студенты художественных Вузов.

📍Место проведения: Национальный музей искусств РК имени А. Кастеева. Второй этаж. Зал рекреации. Начало – 15 00. «ЕСТЕЛІКТЕР МЕКЕНІ» мерейтойлық көрмесінің дөңгелек үстелі 26 маусым, 15:00 ⚜️2026 жылдың 26 маусымы күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Естеліктер мекені» атты мерейтойлық көрмені қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтеді. Көрмеде Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бек Төлековтың және белгілі мүсінші Дайыр Төлековтың туындылары ұсынылған. Жиында аталған қаламгерлердің ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланып, олардың шығармашылығы кеңестік кезеңнің мәдени мұрасын қазіргі көзқарас тұрғысынан пайымдау аясында қарастырылады. Сондай-ақ бұл мұраның тәуелсіз Қазақстан өнерінің қалыптасуы мен дамуына ықпалына назар аударылады. Іс-шараға өнертанушылар, кураторлар, суретшілер, журналистер және көркемөнер жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. 📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі, 2-қабат, рекреация залы. Басталуы: 15:00. Круглый стол по юбилейной выставке «ПРОСТРАНСТВО ПАМЯТИ» 26 июня, 15:00 ⚜️26 июня в 15:00 в Национальном музее искусств РК имени А. Кастеева состоится Круглый стол по итогам юбилейной выставки «Пространство памяти», представляющей произведения Народного художника Казахстана Сахи Романова, Заслуженного деятеля искусств Казахстана Бека Тулекова и известного скульптора Даира Тулекова. Темой обсуждения станет оценка вклада представленных мастеров в развитие национального изобразительного искусства, анализ их творчества с позиций современного понимания культурного наследия советской эпохи и его влияния на эволюцию искусства независимого Казахстана. К участию приглашаются искусствоведы, кураторы, художники, журналисты, студенты художественных Вузов. 📍Место проведения: Национальный музей искусств РК имени А. Кастеева. Второй этаж. Зал рекреации. Начало – 15 00. ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

🔹Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылады. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енген. Бұл – Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытатын көрме. 

🔸«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияның бір бөлігін шебердің кескіндемелік туындылары құрайды. «Ұрпақ сабақтастығы» шығармасында әже мен немере арасындағы рухани байланыстың көркем көрінісі берілген. Алдыңғы пландағы бесік пішініндегі жетіген бейнесі қазақ даласының мәдени кеңістігін, ұлт руханиятының бастауын меңзейді. Суретшінің «Тасқа жазылған аңыз» атты картинасы қазақ жеріндегі тарихи кезеңдердің сабақтастығын бейнелейді. Бұл шығармада автор қазақ даласының сан ғасырлық тарихын бір көркем жазықтықта тоғыстырады. Туындының негізгі идеясы – адамзат өркениетінің сан алуан кезеңдері алмасқанымен, олардың үнсіз куәгері ретінде табиғат пен жартас қана қалатынын меңзеу. Жартастарға қашалған белгілер арқылы суретші уақыттың үзілмес сабақтастығын, тарихи жадының мәңгілігін бейнелейді. Жалпы, Алтынбек Құмаровтың кескіндемелік туындылары тарихи жады, ұлттық дүниетаным және күнделікті тұрмыс тақырыптарын арқау етеді.

📍Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп ⚜️2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алтынбек Құмаровтың «Уақыт бедері» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 🔹Көрмеде автордың 40-тан астам туындысы ұсынылады. Экспозицияға кескіндемелік, мүсіндік, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі қару-жарақ үлгілері, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері енген. Бұл – Қазақстанның бейнелеу өнерінде сирек кездесетін, бірнеше шығармашылық бағытты қатар меңгерген бесаспап шебердің көпқырлы өнерін танытатын көрме. 🔸«Уақыт бедері» көрмесі суретшінің шығармашылық әлемін жан-жақты танытып, оның түрлі әдіс-тәсілдегі туындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияның бір бөлігін шебердің кескіндемелік туындылары құрайды. «Ұрпақ сабақтастығы» шығармасында әже мен немере арасындағы рухани байланыстың көркем көрінісі берілген. Алдыңғы пландағы бесік пішініндегі жетіген бейнесі қазақ даласының мәдени кеңістігін, ұлт руханиятының бастауын меңзейді. Суретшінің «Тасқа жазылған аңыз» атты картинасы қазақ жеріндегі тарихи кезеңдердің сабақтастығын бейнелейді. Бұл шығармада автор қазақ даласының сан ғасырлық тарихын бір көркем жазықтықта тоғыстырады. Туындының негізгі идеясы – адамзат өркениетінің сан алуан кезеңдері алмасқанымен, олардың үнсіз куәгері ретінде табиғат пен жартас қана қалатынын меңзеу. Жартастарға қашалған белгілер арқылы суретші уақыттың үзілмес сабақтастығын, тарихи жадының мәңгілігін бейнелейді. Жалпы, Алтынбек Құмаровтың кескіндемелік туындылары тарихи жады, ұлттық дүниетаным және күнделікті тұрмыс тақырыптарын арқау етеді. 📍Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп ⚜️Сіздерді 2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуында күтеміз!

🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияғаавтордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі.

📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.
 

⚜️Приглашаем вас на торжественное открытие юбилейной персональной выставки мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника», которое состоится 2 июля 2026 года в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева.

🔹Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения.

📍Выставка продлится до 26 июля 2026 года. ⚜️Сіздерді 2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуында күтеміз! 🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияғаавтордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі. 📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.   ⚜️Приглашаем вас на торжественное открытие юбилейной персональной выставки мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника», которое состоится 2 июля 2026 года в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. 🔹Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения. 📍Выставка продлится до 26 июля 2026 года.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ