Оқиғалар

Наурызнама онкүндік іс-шаралары бойынша 21-23 наурыз күндері «Ұлыстың рухы» - Наурыз мерекесіне шақырады!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік өнер музейі Наурызнама онкүндік іс-шаралары бойынша

21-23 наурыз күндері  «Ұлыстың рухы» - Наурыз мерекесіне

шақырады!

 

Наурыз - көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы. Өткенге салауат айтып, келер жылдан «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!» деп береке тілеп, бата алған ұлтпыз.

          Ұрпақтар сабақтастығында, ұлттық рухты сақтау мақсатында музейдің жыл сайынғы жобасы бойынша «Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесі әр түрлі жастағы аудиторияға арналған мәдени іс-шаралар мен көркем-танымдық тақырыптық бағдарламалар кешенімен қамтылған.

 

Мерекелік бағдарламада:

 

  • 21, 22, 23 наурыз күндері сағат 10:00-17:00 (мектеп оқушыларына кіру тегін)

музей залдарында экскурсия жүргізіледі

Тақырыптық экскурсия -2000тг

Шолу экскурсия - 5000тг

 

  • 21, 22, 23 наурыз күндері сағат 10:00-17:00

Мультфильмдер көрсетіледі  (Конференц зал)

 

  • 21, 22, 23 наурыз күндері сағат 10:00-18:00

Шеберлер жәрмеңкесі өтеді

 

  • 21 наурыз күні сағат 14.00-де - Дәріс. Конференц зал

«КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ: ҚАЗАҚТЫҢ АТ-ӘБЗЕЛДЕРІ» (қазақ тілінде) (тегін)

 

  • 23 наурыз күні сағат 11.00 экспозиция залдарында

«САҚА» - танымдық және интерактивті квест ойындары өткізіледі

 

  • 23 наурыз сағат 11.00

Пленэр (кіру билетімен қатысады – 300 тг)

 

  • 23 наурыз күні сағат 14.30

Қолөнер саласынан шеберлік сабақтар (әр түрлі жастағы аудиторияға)

- Өрнектеп киіз басу (2500 тг)

- Мүсіндік фигуралар жасау (2500 тг)

- Сазбалшықтан бұйым жасау (гончар) (2500 тг)