Оқиғалар

UMAI Classics: STEPPE SOUNDSCAPE – «Дала әуені: Қазақ классикалық музыкасына саяхат» атты Қазақстан композиторлары шығармаларының алғашқы жастар классикалық альбомын ұсынады.

UMAI Classics: STEPPE SOUNDSCAPE – «Дала әуені: Қазақ классикалық музыкасына саяхат» атты Қазақстан композиторлары шығармаларының алғашқы жастар классикалық альбомын ұсынады.

Шара 2024 жылдың 26 мамыры күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді. (Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер залы) Басталатын уақыты – 14:00.

UMAI Classics – Қазақстанның және бүкіл әлемнің ұлы композиторларының мұрасын қолдай отырып, жас таланттарды қанаттандыруға арналған мәдени-әлеуметтік жоба.  Классикалық музыканың өткені мен болашағы арасында алтын көпір бола отырып, шығармашылықта өсу және өзін-өзі көрсету платформасы болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты – шығармалардың заманауи үні арқылы мәдени мұраны сақтау және насихаттау, ұрпақтар мен мәдениеттерді біріктіру.

Жобаның көркемдік жетекшісі сопрано дауыс иесі, Абай атындағы ҚазҰТОБ жетекші солисі, «Құрмет» орденінің иегері – Зарина Алтынбаева.

«Альбом менің жаңа UMAI Classics атты жобамның демеушілігімен шығарылып отыр. Жобаға 2019 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және халықаралық дәрежеге шығуды жоспарлап отырған «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» балалар байқауының лауреаттары қатысқан. Жас дарындар үшін бұл жаңа тәжірибе, жаңа белес болмақ. Атап айтар болсам, жазбаның ең жас қатысушысы жақында 10 жасқа толды. Менің ойымша, осы дарынды балалар біздің ізбасарларымыз және Қазақстандағы музыкалық интеллигенцияның жаңа ұрпағын қалыптастырушылар болады. Білім, музыкалық байқаулар және біздің бірлескен жұмысымыз олардың болашақта халықаралық деңгейде танылуына және табысқа жетуіне негіз боларына сенімдімін!».

Альбомға пианист Айторе Азаматұлының орындауындағы «Дала» (Н.Мендіғалиев), жас скрипкашы Інжу Самсалиеваның орындауындағы «Романс» (А.Жұбанов) шығармасы, Анна Юденичтің Л.Хамидидің өңдеуінде «Елігай» атты қазақ халық әні, скрипкашы Сағадат Омарғазиннің «Ария» (А.Жұбанова) күйі енген. Сондай-ақ 2019 жылғы бірінші байқауымның Гран-при иегері скрипкашы Рамазан Көпбаев С.Жүсіпованың өңдеуімен «Япыр-ай» әнін, ал жас баритон Марғұлан Молдабеков Б.Ерзаковичтің «Қараторғай» әнін тамаша орындаған. Скрипкашы Назерке Мәдиниет «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» (Е.Брусиловский) балетінен соло ойнайды. Мұнымен қатар жас пианист Ашот Мхитарян Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Гүлжан Өзенбаеваның «Токка» әнін, Адина Болат талантты композитор Раушан Қалидің фортепианолық өңдеуінде  Естайдың «Құсни-Қорлан» әнін орындайды.

Альбом ірі музыкалық платформаларға жүктеледі.

 

Тұсаукесер барысында альбомға енген шығармаларды орындайтын жас музыканттардың қатысуымен концерт өтеді. Сонымен қатар, қонақтарға фотосуретші Николай Постниковтың тамаша портреттер көрмесі ұсынылады.

Іс-шара мен шақыру билеттері туралы толық ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі @zarina.altynbayeva.competition, @umai.classics  парақшаларынан біле аласыз.

Тіркелу үшін Алуа  (Whatsapp, Telegram) +7 7017599012, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды почтасына жазасыз.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде.

🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.

Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. 🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде. 🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады.

Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық.

🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады. Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық. 🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 

🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда.

⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien.

🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда. ⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien. 🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады.

🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді.

▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші.

📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00
Демалыс күні: дүйсенбі
📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. 🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді. 🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. ▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. 📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–19:00 Демалыс күні: дүйсенбі 📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 

🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді.

✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз!

📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі

⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 

🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира.

✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу!

📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года
Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. ✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз! 📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира. ✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу! 📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
 
🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған.

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. 🔸Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🔹Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтті. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ