Оқиғалар

Қазақстандағы Қытай түрлі-түсті кескіндемесінің «Жібек жолында армандар құру – 2024» атты халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 20-дан астам қытай суретшілерінің жұмыстары қойылады.

2024 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстандағы Қытай түрлі-түсті кескіндемесінің «Жібек жолында армандар құру – 2024» атты халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 20-дан астам қытай суретшілерінің жұмыстары қойылады.

 

«Жібек жолы» халықаралық мәдени алмасу орталығы «Қазақстан-Қытай көркем және мәдени алмасу - Бір белдеу, бір жол» аясында Қазақстанда «Ұлы Жібек жолында армандар құру - 2024» атты халықаралық қытай кескіндемесінің көрмесін көрермен назарына ұсынады. Аталмыш көрме Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара көркем тәжірибе алмасуға назар аудара отырып, екі ел арасындағы мәдени байланыстың алаңы болып табылады, сонымен қатар екі елдің ортақ мұрасына, қазіргі шығармашылығына назар аударуға мүмкіндік береді.

Қашғар қаласының ғажайып көріністері мен табиғатын бейнелейтін 40-қа жуық қытай суретшілердің пленэр жұмыстары көрменің «Ұлы Жібек жолында армандар құру» тақырыбын толықтай ашады. Бұл тақырып өркениеттерді сауда, мәдениет және өнер арқылы байланыстыратын тарихи жол – Жібек жолының ертеден жалғасып жатқан мәңгілік рухын көрсетеді. Бұл іс-шараның мақсаты – келушілерге қытайлық көркем тәжірибенің тереңдігі мен алуан түрлілігін сезінуге мүмкіндік бере отырып, қытай кескіндемесінің бай дәстүрлері мен заманауи көріністерін жандандыру болып табылады. Аталмыш өнер туындылары арқылы көрмеге ұсынылған жұмыстар көркем жетістіктерді дәріптеп қана қоймай, мәдени өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.

 

Көрме 2024 жылдың 24 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

Барлық өнер сүйер қауымды салтанатты шараға шақырамыз!

 

 

Көрме кураторы: Азат Дидар