Оқиғалар

Ұстап көретін фотосуреттер: Алматыда зағип және нашар көретін өнер сүйер жандарға арналған «Көрінбейтін әлем» атты ерекше көрме өтеді.

Ұстап көретін фотосуреттер: Алматыда зағип және нашар көретін өнер сүйер жандарға арналған «Көрінбейтін әлем» атты ерекше көрме өтеді. Көрменің ашылу салтанаты 2024 жылғы 24 қыркүйекте сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) өтеді.

 

Canon компаниясы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің қолдауымен Қазақстанда көру қабілеті бұзылған адамдар мен көздері жақсы көретін жандар арасындағы шекараны жою мақсатында «Көрінбейтін әлем» көрмесінің өтетіндігін мақтанышпен жариялайды. Алматыда алғаш рет өтетін бұл оқиға инклюзивтілік жолындағы және заманауи өнер мен технологиялар әлемді әртүрлі қабылдауға  қарамастан адамдарды қалай біріктіре алатынын түсінуге маңызды қадам болмақ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде 2,2 миллиардтан астам адам көру қабілетінің бұзылуының әр деңгейдегі түрлерімен бетпе-бет келеді және олардың көпшілігі үшін фотосурет құпия болып қалып отыр.  Қазақстанда 160 мыңға жуық адам осындай шектеулермен өмір сүреді. "Көрінбейтін әлем" көрмесі кедергілерді жойып, көру қабілетіне қарамастан өнерді барлығына қолжетімді етеді.

Көрмеде танымал фотографтардың рельефтік суреттермен, дыбыстық сипаттамалармен, сондай-ақ мәтіндері Брайль шрифтімен орындалған жұмыстары ұсынылады. Бұл тактильді және аудиовизуалды элементтер нашар көретін және зағип адамдарға шеберлер айтқан бейнелер мен әңгімелер әлеміне еніп, жанасу мен дыбыс арқылы фотосуреттерді сезінуге ерекше мүмкіндік береді.

Көру қабілеті жақсы көрермен үшін көрме жоғары сапалы фотографиялық өнермен кездесу ғана емес, сонымен қатар көру қабілеті бұзылған адамдардың көзімен әлемді сезіну мүмкіндігі болып отыр. Арнайы көзілдірік-симуляторлардың көмегімен глаукомадан диабеттік ретинопатияға дейінгі әртүрлі визуалды патологиялардағы көрермендер кескіндерді қабылдаудың қалай өзгеретінін көре алады.

"Canon - да біз суреттердің әлемді өзгерте алатын күшіне сенеміз және "Көрінбейтін әлем" көрмесі инновацияның өнерді баршаға қолжетімді ете алатынының мысалы. Заманауи суретті басып шығару технологиялары көру қабілеті шектеулі адамдар үшін қабылдаудың жаңа көкжиегін ашатын жанасып "көруге" болатын кескіндерді жасауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Canon компаниясының өкілі.

Бұл көрме тек мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар әркім өнерге қол жеткізуге құқылы болатын, неғұрлым инклюзивті қоғамға жасалған маңызды қадам. "Көрінбейтін әлем" өнердің қандай болатыны және мәдени іс-шаралардың болашағы қандай болуы мүмкін деген ұғымды өзгертеді.

 

Көрмені 2024 жылдың 24 қазанына дейін тамашалауға болады.

Жұмыс уақыты: 10-00-19-00. Демалыс күні: дүйсенбі

 

Көрме кураторы:  Айсұлу Үсентаева