Оқиғалар

Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВТЫҢ «СУРЕТШІ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ. ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 6 қараша күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВТЫҢ «СУРЕТШІ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ. ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 15:00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтеді. Сонымен қатар, Нұрмұхаммедовтың 100 жылдық мерейтойын атап өтуде суретші тұрған үйде мемориалдық тақта ашылады және дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Қылқалам шеберінің туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме суретшінің негізгі туындыларын ұсынады. Нұрмұхаммедов қырық жылға жуық шығармашылығында артында үлкен мұра қалдырды. Үздік туындылары оны кең тақырыпты, ауқымды көзқарасты суретші ретінде танытады.

          Көрнекті кескіндеме шеберінің шығармашылығы ауқымды да сан алуан – портреттер, пейзаждар, жанрлық композициялар - өз заманының көркем бейнесін көрсетеді. Оның өмірбаяны сан түрлі оқиғаларға толы. Суретші Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, орден-медалдар иегері, көп саяхаттаған, қоғамдық өмірде өте белсенді болған, өнер туралы кітаптар жазған. Н.Нұрмұхаммедовтың жасаған барлық істерінде әрдайым елге, өз халқына, оның өмірі мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімі болды.

Суретшінің «М.В. Фрунзенің Самарқандтағы жасақтары алдында сөйлеген сөзі» (1953), «Д.А. Фурманов Верный қаласындағы халық жасақтары арасында» (1954-1958) атты алғашқы жұмыстарынан ақ,  дарындылығын байқауға болады. Ол өзін сюжеттік кескіндеменің жетілген шебері ретінде танытты және республиканың бейнелеу өнеріндегі тарихи кескіндеменің дамуына лайықты үлес қосты.

1959 жылы Теміртауға жасаған сапарының әсерінен туындаған «Қазақстан Магниткасында» атты жұмыстар топтамасында сол кезеңнің шынайылығы көрініс тапқан. Сайын далада елдің көз алдында қуатты металлургиялық зауыт салынып, жаңа Теміртау қаласы бой көтеріп жатқаны, әрине, әсерлі болды. Оның шығармалары қарапайым да ғажап адамдар туралы, олардың өз жерімен ажырамас байланысы  туралы әңгіме іспетті.

Әсіресе, Әскери-теңіз флотына арналған жұмыстар сериясы суретшіге ерекше қымбат және оның өмірбаянының бір бөлігі болды. Ол теңіз офицерлерінің, даңқты теңізшілердің портреттерін үлкен сезіммен салған.

Нұрмұхамедов шығармашылығының жарқын беті оның шет елдерге жасаған саяхаттары. Ол қай жерде болса да – Еуропада, Жапонияда не Бразилияда, Үндістанда немесе Америкада,  т.б. барған жерінен жанды бақылаулар мен жарқын әсерлер әкеліп, кейін сол сезімдер сол елдердің, халықтың, табиғаттың келбетін бейнелейтін шығармалар тізбегіне айналды. Суретшінің «Бразилия» цикліне кіретін «Копакабанадағы кездесу», «Актриса Мария делла Костаның портреті», «Жол төсеуші», «Сан-Паулу қаласының шеті» және т.б.; Үнді сериясынан «Тибет Ламасы», «Ганди портреті»; Жапон сериясынан «Фудзияма тауы», «Хиросима», «Жапон мүсінші Хонго-Син әйелімен» туындылары кейіпкерлердің күйін жеткізуде нанымды, суретшінің өзіне тән шығармашылық тәсілімен, керемет үнсіз немесе ашық интенсивті бояумен жасалған.

            Портрет жанры Нұрмұхаммедов шығармашылығында маңызды орын алады. Суретшінің бүкіл шығармашылық жолында жасаған түрлі мамандық иелерінің, оның ішінде белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінің портреттерінің кең галереясы үлкен руханиятымен ерекшеленеді. Ол кейіпкерлерінің рухани және интеллектуалдық өмірінің байлығын жеткізуге ұмтылды.

Алайда оның Қазақстанның бейнелеу өнеріне қосқан үлесі тек кескіндемемен ғана шектелмейді. Н.Нұрмұхаммедов өнертану ғылымының кандидаты, қазақ халқының шығармашылығы, заманауи өнер туралы мақалалар жазды. «Қазақ КСР графикасы», «Еңбек даңқы», «Қазақстан өнері», «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі», «Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан суретшілері» атты кітаптар шығарды.

Халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтың туғанына 100 жыл толуына орай Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ұйымдастырылған көрме суретшінің алуан түрлі жанрда жұмыс жасағанын және шығармашылығында тақырыптарды кең ауқымда қамтығанын айқын көрсетеді.

Экспозиция желтоқсан айының 8-не дейін жалғасады.

 

 

Кулжазира Мукажанова,

Қазақстаның енбек сінірген қайраткері

------1953
---
--1971
-----1954

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті.

▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді.

📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай.

▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив.

📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті. ▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді. 📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай. ▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив. 📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Нұрболат Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Шыңмен сырласқан қылқалам» атты ретроспективті көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

🔹Аталмыш көрме суретшінің әр кезеңде жазылған туындыларын бір кеңістікте тоғыстырып, оның шығармашылық жолының негізгі белестерін таныстырмақ. Нұрболат Ысқақовтың шығармашылығында бірнеше жылдар бойы басты тақырыпқа айналған Хан Тәңірі шыңының бейнесі бұл экспозицияның негізі болмақ. Суретші Аспантауды туған жерінің символы ретінде бейнелеп, әр туындысында оның жаңа реңдік әрі эмоционалдық қырларын ашып келеді.

🔸Экспозицияда Райымбек ауданының әртүрлі нүктелерінен бейнеленген Хан Тәңірінің сан алуан көріністері, туған өлкенің пейзаждары, қазақ ауылының тыныс-тіршілігіне арналған жанрлық композициялар, сондай-ақ суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер ұсынылады.

🔺Суретшінің кескіндемелік тілінің өзіндік ерекшелігі бұл көрмеде айқын көрініс табады. Оның туындыларында түстің қанықтығы бірден көзге түседі. Суретші таулар мен жоталардың монументалды болмысын ең алдымен түстің қуаты арқылы беріп, көрермен назарын асқақ шыңдарға бағыттайды. Нұрболат Ысқақов шығармаларында ультрамарин мұздықтар, зүбәржаттай жасыл шыршалар, лимон түстес алқаптар мен қардағы қызғылт-күлгін реңктер өзіндік декоративтік түстік жүйе құрайды.

Экспозиция тамыз айының 18 дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі - Санжар Сырғабаев
«Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері ⚜️2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Нұрболат Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Шыңмен сырласқан қылқалам» атты ретроспективті көрменің салтанатты ашылуы өтеді. 🔹Аталмыш көрме суретшінің әр кезеңде жазылған туындыларын бір кеңістікте тоғыстырып, оның шығармашылық жолының негізгі белестерін таныстырмақ. Нұрболат Ысқақовтың шығармашылығында бірнеше жылдар бойы басты тақырыпқа айналған Хан Тәңірі шыңының бейнесі бұл экспозицияның негізі болмақ. Суретші Аспантауды туған жерінің символы ретінде бейнелеп, әр туындысында оның жаңа реңдік әрі эмоционалдық қырларын ашып келеді. 🔸Экспозицияда Райымбек ауданының әртүрлі нүктелерінен бейнеленген Хан Тәңірінің сан алуан көріністері, туған өлкенің пейзаждары, қазақ ауылының тыныс-тіршілігіне арналған жанрлық композициялар, сондай-ақ суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер ұсынылады. 🔺Суретшінің кескіндемелік тілінің өзіндік ерекшелігі бұл көрмеде айқын көрініс табады. Оның туындыларында түстің қанықтығы бірден көзге түседі. Суретші таулар мен жоталардың монументалды болмысын ең алдымен түстің қуаты арқылы беріп, көрермен назарын асқақ шыңдарға бағыттайды. Нұрболат Ысқақов шығармаларында ультрамарин мұздықтар, зүбәржаттай жасыл шыршалар, лимон түстес алқаптар мен қардағы қызғылт-күлгін реңктер өзіндік декоративтік түстік жүйе құрайды. Экспозиция тамыз айының 18 дейін жалғасады. Көрме жетекшісі - Санжар Сырғабаев «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері/Matter of Memory» көрмесі ашылды.

🔹Аруханның көркем тілі органикалық абстракцияға жақын. Киіз бетінде түзілетін ирек сызықтар, сан қилыбедерлер мен фактуралар құдды табиғаттағы үдерістерден де, жазуға ұқсас іздер мен жад түкпірінен қалқып шығатын пішіндерден де хабар беретіндей. Бұл бейнелердің нақты әрі тұрақты мағынасы жоқ. Олар таңба мен материяның шегінде өмір сүріп, жадтың шығарманың құрылымы арқылы көрініс табуына мүмкіндік береді.

🔸Бұл кеңістікте дала айрықша орын алады. Ол – ішкі жадтың мекені һәм адам орала беретін кеңістік. Дала да тура жад іспетті бір жағынан ізді сақтап қалса, екіншіжағынан оны жойып отырады.

🔺Көшпелілер мәдениетінде жад белгілі бір тұрақты сақтау формасына тәуелді болмаған. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар уақыт өте жерге қайта сіңгенімен, жадтың өзі қолөнер, ауыздан ауызға тараған мұра мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәжірибеде өмір сүре берген. Осы тұрғыдан алғанда, Аруханның шығармаларын жоғалып бара жатқан дүниенің мұрағатын жасауға талпыныс ретінде қарастыруға болады.

▫️▫️Matter of Memory көрмесі жадты заттардың өзі, өткеннің ізі мен дүние материясында өмір сүруін жалғастыратын материалдық құбылыс ретінде тануға шақырады.

📌Экспозиция тамыз айының 24-не дейін жалғасады.
Куратор: Ақжарқын Құмарбаева
Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері/Matter of Memory» көрмесі ашылды. 🔹Аруханның көркем тілі органикалық абстракцияға жақын. Киіз бетінде түзілетін ирек сызықтар, сан қилыбедерлер мен фактуралар құдды табиғаттағы үдерістерден де, жазуға ұқсас іздер мен жад түкпірінен қалқып шығатын пішіндерден де хабар беретіндей. Бұл бейнелердің нақты әрі тұрақты мағынасы жоқ. Олар таңба мен материяның шегінде өмір сүріп, жадтың шығарманың құрылымы арқылы көрініс табуына мүмкіндік береді. 🔸Бұл кеңістікте дала айрықша орын алады. Ол – ішкі жадтың мекені һәм адам орала беретін кеңістік. Дала да тура жад іспетті бір жағынан ізді сақтап қалса, екіншіжағынан оны жойып отырады. 🔺Көшпелілер мәдениетінде жад белгілі бір тұрақты сақтау формасына тәуелді болмаған. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар уақыт өте жерге қайта сіңгенімен, жадтың өзі қолөнер, ауыздан ауызға тараған мұра мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәжірибеде өмір сүре берген. Осы тұрғыдан алғанда, Аруханның шығармаларын жоғалып бара жатқан дүниенің мұрағатын жасауға талпыныс ретінде қарастыруға болады. ▫️▫️Matter of Memory көрмесі жадты заттардың өзі, өткеннің ізі мен дүние материясында өмір сүруін жалғастыратын материалдық құбылыс ретінде тануға шақырады. 📌Экспозиция тамыз айының 24-не дейін жалғасады. Куратор: Ақжарқын Құмарбаева Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина 💫2026 жылғы 25 шілдеде Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме аясында Artist Talk форматындағы шығармашылық кездесу өтті.

🔹Кездесуге көрме авторлары мен жоба кураторы қатысып, көрменің идеясы, шығармалардың дүниеге келу тарихы, отбасы құндылықтары тақырыбының өнердегі көрінісі және көрме жобасының қорытындылары туралы кеңінен әңгімеледі.

🎨Artist Talk көрме жобасының маңызды қорытынды кезеңіне айналып, өнер мен көрермен арасындағы ашық сұхбат алаңын қалыптастырды.

💫25 июля 2026 года в Центральном выставочном зале в рамках групповой выставки «Действие  семейного альбома» состоялся Artist Talk, посвящённый подведению итогов выставочного проекта.

🔸В творческой встрече приняли участие художники выставки и куратор проекта, которые поделились размышлениями о концепции выставки, идейном содержании работ, творческих поисках и опыте, накопленном в ходе экспозиции.

🎨Artist Talk стал важным заключительным этапом выставочного проекта, позволив глубже осмыслить темы семьи, памяти и преемственности поколений через произведения искусства. 💫2026 жылғы 25 шілдеде Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме аясында Artist Talk форматындағы шығармашылық кездесу өтті. 🔹Кездесуге көрме авторлары мен жоба кураторы қатысып, көрменің идеясы, шығармалардың дүниеге келу тарихы, отбасы құндылықтары тақырыбының өнердегі көрінісі және көрме жобасының қорытындылары туралы кеңінен әңгімеледі. 🎨Artist Talk көрме жобасының маңызды қорытынды кезеңіне айналып, өнер мен көрермен арасындағы ашық сұхбат алаңын қалыптастырды. 💫25 июля 2026 года в Центральном выставочном зале в рамках групповой выставки «Действие семейного альбома» состоялся Artist Talk, посвящённый подведению итогов выставочного проекта. 🔸В творческой встрече приняли участие художники выставки и куратор проекта, которые поделились размышлениями о концепции выставки, идейном содержании работ, творческих поисках и опыте, накопленном в ходе экспозиции. 🎨Artist Talk стал важным заключительным этапом выставочного проекта, позволив глубже осмыслить темы семьи, памяти и преемственности поколений через произведения искусства. ⚜️ 2026 жылғы 25 шілдеде «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында зерттеуші Зира Наурызбайдың «Киіздің сиқыры» атты дәрісі өтті.

Дәріс барысында киіздің қазақ мәдениетіндегі орны, оның тарихы мен символдық мәні, сондай-ақ дәстүрлі өнердегі маңызы туралы қызықты ойлар айтылды. Іс-шараға 50 көрермен қатысып, дәріс мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

🔹Көрме аясындағы бағдарлама музей қонақтары үшін мазмұнды іс-шаралармен жалғасады:
Суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар -
1,8,15 тамыз күндері 14:00-де;

Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды:архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбында ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады -
23 тамыз күні 14:00-де.

📌Кіру - музей билетімен.

⚜️25 июля 2026 года в рамках выставки «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась лекция исследовательницы Зиры Наурызбай «Магия войлока».

В ходе лекции были затронуты темы роли войлока в казахской культуре, его истории и символического значения, а также важности в традиционном искусстве. В мероприятии приняли участие 50 зрителей, а лекция стала содержательной площадкой для обмена мнениями и идеями.

🔸 Программа в рамках выставки продолжится для гостей музея насыщенными и интересными мероприятиями:
Авторские экскурсии с участием художницы Арухан (Гаухар Бисенгалиевой) состоятся 1, 8 и 15 августа в 14:00.

Открытая встреча с Сауле Амантайкызы Сатаевой на тему «Аудиовизуальное: архивное наследие и как его сохранить». Мероприятие будет посвящено вопросам сохранения архивов и культурной памяти — 23 августа в 14:00.

📌 Вход — по музейному билету. ⚜️ 2026 жылғы 25 шілдеде «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында зерттеуші Зира Наурызбайдың «Киіздің сиқыры» атты дәрісі өтті. Дәріс барысында киіздің қазақ мәдениетіндегі орны, оның тарихы мен символдық мәні, сондай-ақ дәстүрлі өнердегі маңызы туралы қызықты ойлар айтылды. Іс-шараға 50 көрермен қатысып, дәріс мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды. 🔹Көрме аясындағы бағдарлама музей қонақтары үшін мазмұнды іс-шаралармен жалғасады: Суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар - 1,8,15 тамыз күндері 14:00-де; Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды:архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбында ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады - 23 тамыз күні 14:00-де. 📌Кіру - музей билетімен. ⚜️25 июля 2026 года в рамках выставки «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась лекция исследовательницы Зиры Наурызбай «Магия войлока». В ходе лекции были затронуты темы роли войлока в казахской культуре, его истории и символического значения, а также важности в традиционном искусстве. В мероприятии приняли участие 50 зрителей, а лекция стала содержательной площадкой для обмена мнениями и идеями. 🔸 Программа в рамках выставки продолжится для гостей музея насыщенными и интересными мероприятиями: Авторские экскурсии с участием художницы Арухан (Гаухар Бисенгалиевой) состоятся 1, 8 и 15 августа в 14:00. Открытая встреча с Сауле Амантайкызы Сатаевой на тему «Аудиовизуальное: архивное наследие и как его сохранить». Мероприятие будет посвящено вопросам сохранения архивов и культурной памяти — 23 августа в 14:00. 📌 Вход — по музейному билету. ⚜️2026 жылғы 24 шілдеде Қонаев қаласында Қонаев қалалық кітапханасының 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара аясында «Жамбыл және өркениетті ұлт» жобасы мен «Отбасылық альбомның әсері» көрмесі арқылы ұлттық руханияттың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мәдениет және өнер өкілдері Мемлекет басшысы атынан марапатталды.

🔹Марапаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады.

▫️Марапатталғандардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің қызметкерлері де бар. «Маркетинг, жобалау және сыртқы істер» бөлімінің қызметкері, көрме координаторы Көпжүрсін Әйгерім Айдарқызы Қазақстан Республикасы Президенті атынан «Құрмет» грамотасымен, ал өнертану ғылымдарының кандидаты, музейдің жетекші ғылыми қызметкері Джадайбаев Әмір Жалынұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және төсбелгісімен марапатталды.

👏🏻Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

***

⚜️24 июля 2026 года в городе Конаев в рамках торжественного мероприятия, посвященного 55-летию Конаевской городской библиотеки, представители культуры и искусства были удостоены государственных наград от имени Президента Республики Казахстан за вклад в развитие национальной духовности, а также реализацию проекта «Жамбыл және өркениетті ұлт» и выставки «Действие семейного альбома».

🔹Государственные награды вручил Советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев.

▫️Среди награжденных - сотрудники Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. Айгерим Айдаркызы Копжурсин, сотрудник отдела маркетинга, проектной деятельности и внешних связей, координатор выставки, награждена Почетной грамотой от имени Президента Республики Казахстан. Амир Жалынович Джадайбаев, кандидат искусствоведения, ведущий научный сотрудник музея, удостоен Благодарности Президента Республики Казахстан и нагрудного знака.

👏🏻Поздравляем наших коллег с заслуженными государственными наградами и желаем им дальнейших профессиональных и творческих успехов! ⚜️2026 жылғы 24 шілдеде Қонаев қаласында Қонаев қалалық кітапханасының 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара аясында «Жамбыл және өркениетті ұлт» жобасы мен «Отбасылық альбомның әсері» көрмесі арқылы ұлттық руханияттың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мәдениет және өнер өкілдері Мемлекет басшысы атынан марапатталды. 🔹Марапаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады. ▫️Марапатталғандардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің қызметкерлері де бар. «Маркетинг, жобалау және сыртқы істер» бөлімінің қызметкері, көрме координаторы Көпжүрсін Әйгерім Айдарқызы Қазақстан Республикасы Президенті атынан «Құрмет» грамотасымен, ал өнертану ғылымдарының кандидаты, музейдің жетекші ғылыми қызметкері Джадайбаев Әмір Жалынұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және төсбелгісімен марапатталды. 👏🏻Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз! *** ⚜️24 июля 2026 года в городе Конаев в рамках торжественного мероприятия, посвященного 55-летию Конаевской городской библиотеки, представители культуры и искусства были удостоены государственных наград от имени Президента Республики Казахстан за вклад в развитие национальной духовности, а также реализацию проекта «Жамбыл және өркениетті ұлт» и выставки «Действие семейного альбома». 🔹Государственные награды вручил Советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев. ▫️Среди награжденных - сотрудники Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. Айгерим Айдаркызы Копжурсин, сотрудник отдела маркетинга, проектной деятельности и внешних связей, координатор выставки, награждена Почетной грамотой от имени Президента Республики Казахстан. Амир Жалынович Джадайбаев, кандидат искусствоведения, ведущий научный сотрудник музея, удостоен Благодарности Президента Республики Казахстан и нагрудного знака. 👏🏻Поздравляем наших коллег с заслуженными государственными наградами и желаем им дальнейших профессиональных и творческих успехов!
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ