Оқиғалар

Мәлік Қайдаров және оның шәкірттерінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Дара жол» атты көрменің ашылуы болады.

2024 жылдың 30 қазан күні сағат 16.00-де Әбілхан  Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Мәлік Қайдаров және оның шәкірттерінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Дара жол» атты көрменің ашылуы болады.

Көрмеге Мәлік Қайдаровпен қатар 12 суретші қатысып, экспозицияға  60 астам туынды ұсынылды. Олар: Ерлан Сейілхан, Сұлтан Аманжол, Ернат Иманбакиев, Айдос Сейдақұл, Маржан Авдылманапова, Балнар Абиолла, Қанат Алманбетов, Ырысгүл Оханова, Элена Фурса, Руслан Дайырбеков, Дидар Кайдаров, Талғат Жанасылов.

Мәлік Қайдаров  Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін (1988-1992) бітіргеннен кейін, В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық өнер институтында (1992-1999) «Қондырғылы кескіндеме» мамандығы бойынша білім алды. Бүгінгі күнге дейін 25 жыл бойы өзінің ұстаздық қызметін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қабырғасында атқарып келеді. Осы білім ордасынан қаншама түлектер өз жолдарын тауып, өнер саласында биіктен көрінуде. Десе де Мәлік Қайдаров кейбір шәкірттері үшін өз ұстаздық міндетін әлі де жалғастыруда. Шығармашылық топ құрып, этюдтерге жиі шығады. Осы еңбектерінің қортындысы ретінде жыл сайын  көрме өткізу дәстүрге енгізілді. Бұл осы топпен өткізіліп отырған екінші көрме.

Көрме атауы «Дара жол». Шәкіртері жас суретшілер. Ұстаз  әрбір шәкірті шығармашылықта өзінің дара жолын тапса, Қазақстанның бейнелеу өнеріне өз үлестерін қосса, қанаттары талмай алысқа самғаса деген ниетте жол көсетуде. Райымбек Сейтіметовтың қалдырған «Өнер жолы – қиын жол. Оған талмайтын қанат, сарқылмайтын шабыт керек» деген өсиеті бар. Үміт артқан шәкірттері осы қиын жолдан сүрінбей өтіп, еліміздің мақтанышына айналса деген ойын іске асыруда. Шәкірттерін өнердің әр ағымын иеленген Қазақ бейнелеу өнерінің майталмандары Жаңатай Шарденовтың, Салихитдин Айтбаевтың, Али Жүсіповтің, Абдрашид Сыдыхановтың, Кенжебай Дүйсенбаев сынды шеберлердің қалдырған дара жолдарына дұрыс бағыттап, жол көрсету мақсаты көзделген.

 «Өнердің классикасы мәңгі жасаса деймін. Менің бүкіл өмірім осы жолға арналған. Ұстанымым – адалдық пен тазалық!» - дейді ұстаз Мәлік Қайдаров.

Осы шәкірттерімен шектеліп қалмай келешекте өз шәкірттері қатарын ары қарай толықтырып отыру жоспары да бар. Мәлік Қайдаров келешекте өз еңбегінің нәтижесіне және шәкірттерінің болашағына үлкен сенімділікпен қарайды.

Қатысып отырған суретшілер тайынбас еңбектерінің арқасында біраз шыңдарды бағындырып, өздерін Қазақстан бейнелеу өнерінің алдыңғы қатарында көрсетіп жүр. Олар қатысып жүрген халықаралық, республикалық, қалалық көрмелерін санап шығу мүмкін емес.

Суретшілердің ұсынып отырған шығармалары көрермендердің көңілінен шығатынына күмәніміз жоқ.

Қатысушыларға шығармашылық шабыт, табыс тілейміз.

Көрмеге қош келдіңіздер!

 

Көрмені 2024 жылдың  12  қарашасына дейін тамашалауға болады.

 

 

Көрме кураторы:  Айсұлу Үсентаева

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты.

🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді.

▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады. ⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды. 🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты. 🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. 🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді. ▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады. 🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде.

🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.

Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. 🖌️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі өтуде. 🖼️Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. Бейнебаян үшін "Абай ТV" телеарнасына алғысымызды білдіреміз. ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады.

Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық.

🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ✨Қымбатты достар, "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымында жас guide Шорман Ерсұлтан сендерді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі сәндік-қолданбалы өнер залындағы қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері әлеміне саяхатқа шақырады. Ат әбзелдері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ер-тұрман, жүген және басқа да атқа қатысты бұйымдардың тарихы мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысып, ұлттық мұрамыздың терең мәнін бірге ашайық. 🐎 Ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге шақырамыз! ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 

🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда.

⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien.

🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️10 маусым күні Австрияда MuseumsQuartier Wien халықаралық арт-резиденциясы аясында жүзеге асқан жоба көпшілікке таныстырылды. Жобаны Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Шетел өнері бөлімінің ғылыми қызметкерлері Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар әзірледі. 🔹Бибігүл Кусаинова мен Азат Дидар Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан шақырылған кураторлар ретінде бағдарламаға қатысуда. Жоба қазақ ою-өрнектерінің символикасын зерттеп, оны музейлік және заманауи көркем тәжірибелер арқылы қайта пайымдауға бағытталған. Жұмыс Вена Дүниежүзілік музейімен серіктестікте атқарылуда. ⚜️10 июня в Австрии состоялась презентация проекта научных сотрудников Зарубежного искусства Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Кусаиновой Бибигуль и Азат Дидар, реализуемого в рамках международной арт-резиденции MuseumsQuartier Wien. 🔹Бибигуль Кусаинова и Азат Дидар принимают участие в программе в качестве приглашённых кураторов из Казахстана при поддержке Федерального министерства европейских и международных дел Австрии. Проект посвящён исследованию символики казахских орнаментов и её современному осмыслению через музейные и художественные практики. Проект реализуется в сотрудничестве со Всемирным музеем Вены. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады.

🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді.

▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші.

📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00
Демалыс күні: дүйсенбі
📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылдың 16 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылды. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. 🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді. 🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. ▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. 📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–19:00 Демалыс күні: дүйсенбі 📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 

🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді.

✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз!

📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі

⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 

🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира.

✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу!

📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года
Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі өтуде. 🔹Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. ✨ Сіздерді өнер туындыларымен жүздесіп, әр картинаның астарындағы сезім мен ойды бірге сезінуге, суретшілердің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге шақырамыз! 📍Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит Республиканская выставка «Жанасу II - Соприкосновение II». 🔹В экспозиции соседствуют камерные натюрморты, городские и степные пейзажи, метафорические сюжетные композиции. Эти работы отражают не просто техническую свободу, а личные поиски художников, их способность уловить сложные и ускользающие состояния окружающего мира. ✨ Приглашаем вас встретиться с искусством, почувствовать эмоции и смыслы, скрытые в каждой работе, и погрузиться в особую атмосферу! 📍Выставка продлится до 25 июня 2026 года Время работы: 10.00 – 19.00. Выходной: понедельник
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ