Оқиғалар

Cуретші ТЕМЕРЛАН НҰРТАЗИНДІ (1974-2022) еске алуға арналған көрме өтеді.

2024 жылғы 29 қазан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында суретші ТЕМЕРЛАН НҰРТАЗИНДІ  (1974-2022) еске алуға арналған көрме өтеді.

Экспозицияда суретшінің 40 шығармасы ұсынылған. Бұл көрмені суретшінің анасы Сания Шайхина және ағасы мен туған ұлы ұйымдастырды. Олардың мақсаты суретшіні есте қалдырып,  оның өмір жолын елдің есінде мейлінше ұзақ  сақтау.  Себебі, Темерлан өз іс-әрекетімен анасы мен туыстарының өмірге деген құштарлығын оята білді. Жалпы, адам баласы ол туралы естелік бар кезде мәңгі тірі болмақ!

Темерлан Нұртазин Алматы қаласында дүниеге келген, танымал тұлға М.Төлебаев атындағы көшеде тұрған. Оның атасы Темірғали Нұртазин - жазушы, сыншы, Сәбит Мұқановтың әріптесі. Әжесі Мұршида Шайхимова үлкен ұстаз, Қазақстанның Еңбек сіңірген мұғалімі, Ленин ордені және 17 мемлекеттік награда иегері. Ал әкесі Адам Темірғалиұлы микробиолог ғалым болған. Темерланның өзі бала кезінен сурет салуға, мүсін жасауға, ағаш оюға қатты әуестенген, сол себепті сурет мектебіне барған. Ол кез-келген мәселе бойынша өз пікірі бар, өз пайымымен өте еркін боп өсті.

Өз шығармашылығында біртіндеп өсті, жұмыстарын жақындарының, атасы Мырзахмет Шайхиннің, анасының портретерін салып бастады. Жасөспірім кезінде ата-анасының арқасында Ленинград, Мәскеу, Балтық жағалауы елдерін көп аралады. Қазақстанда ата-анасының туған жерлері -  Қостанай облысының Семиозерное, Қостанай, Орал облысы (Жарсуат) болды. Темерланның Темірғали Нұртазин, Мырзахмет Шайхин аталарының үлкен кітапханаларынан нәр алып, көп оқыды.

 Әбілхан Қастеев атындағы Алматы балалар көркемсурет мектебінде оқыды (1984-1988), 1989-1991 жылдары ҚР Сәулетшілер одағындағы шебер П.И. Кривенконың графикалық курстарына, Архимед мектебіне (РЭШС) барды. 1991-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының «Сәулет факультетінде»  «Қала құрылысы және урбанизация» мамандығы бойынша білім алды.

            Ол графика мен өрнектеп сурет салумен айналысып, маска мен сәндік мүсіндер жасап, ағашпен жұмыс істеді. Ол өз жұмыстарын үйіндегі шеберханасында жасаған. Оның  қарындаш, тушь, қаламсап пен фломастер техникасында жасаған сызбалары көп. Көркемдеп тарелкелер мен маскаларды өрнектеген. Маскаларды да әр түрлі образда дайындады, безендірді және олар бірін бірі қайталамайтын. Ұсақ мүсіндерді  ластилиннен жасалған ұсақ мүсіндер дайындады. Ол өзінің журнал үстелінің аяқтарына өрнек салды. Суретшінің шеберлікпен жасаған дүниелерін көргенде, оның қаншалықты жан-жақты да креативті болғанын білеміз. Оның шығармаларындағы адамдар мен жануарлардың айшықты бейнелерінің терең мағынасы бар. Ол өрнектелген маска, табақтарымен қалалық, республикалық, халықаралық көрмелерге қатысып, түрлі дипломдармен марапатталған.

              Суретші мансабын 1989 жылы бастады. Ол көптеген ұйымдарда жұмыс істеді: «МИРАС» кооперативі (халықтық музыкалық аспаптар мен кәдесыйлар жасау шебері), «Praim» жарнама агенттігі (креативті дизайнер және полиграфиялық дизайнер), республикалық мемлекеттік академиялық корей театры (сахна суретшісі. Бутофор), «Ерке» аттракциондар паркі (үлкен қуыршақтардың сәнгері), Алматы Дизаин мектебі (сәулетші), «Жанна» СҮ (Дизайнер).

Оның еңбектері адамды өмірге құштарлыққа, позитивке толтыра отырып, ойлануға, қорытынды жасауға мәжбүрлейді. Ол өз жұмыстары арқылы адамдарға бірдеңе айтуға асыққандай, өмірге берілген уақыт тапшы екенін сезінгендей.         

                                                                                                           Тимур Шарипов

 

 

Көрме 2024 жылдың 10 қарашасына дейін жалғасады

Жұмыс уақыты: 10-00 - 19-00. Демалыс күні: дүйсенбі