Оқиғалар

«Белгісіз суретшілердің картиналары» атты көрме ашылады.

2025 жылдың 24 қаңтарында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Белгісіз суретшілердің картиналары» атты көрме ашылады. Бұл жоба «Жаухар» картиналар галереясымен бірлесіп ұйымдастырылып, авторлары әлі белгісіз, бірақ қайталанбас шеберлікпен жазылған өнер туындыларының әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік береді.

Белгісіз авторлардың қолтаңбасыз және авторы жоқ туындыларымен толықтырылған «Жаухар» картиналар галереясы коллекциясы, әрқайсысы терең сезіммен және шеберлікпен кескінделген туындылармен ерекшеленеді. Бұл туындылар тек өнерлік құндылыққа ғана ие емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулерге де негіз бола алады. Көрмеге қойылған жұмыстар арасында тарихи және мәдени тұрғыдан ерекше маңызы бар шығармалар бар. Көрермендер өнертанушылардың туындыларға жасаған талдауларынан туындаған портреттерде бейнеленген адамдардың бейнесін, ұсынылған шығармалардың авторларын анықтау бойынша берген болжамдары арқылы картиналарға зерттеу көзқарастарын жүргізе алады.

Көрмеде қолтаңбасы бар, бірақ авторы әлі расталмаған картиналар да ұсынылған. Бұл жұмыстар зерттеушілер мен сарапшылар үшін қызықты, олар туындылардағы жұмбақтарын шешуге тырысады. Көрермендерге бұл туындылардың тарихын ашуға атсалысуға және зерттеу процесінің бір бөлігі болуға мүмкіндік беріледі.

«Белгісіз суретшілердің картиналары» — бұл ойлануға және ізденуге шақыратын көрме, өнердің жұмбақ болып қалуы және жаңа ашылуларға шабыт беру мүмкіндігін көрсетеді.

Сіздерді белгісіз әлеміне саяхат жасауға шақырамыз! Сіздің интуицияңыз, көру және қабылдау қабілетіңіз жаңа көкжиектерді ашып, тарихи процестің бір бөлігі бола алады.

Біз барлық ниет білдірушілерді осы қызықты саяхатқа бірге қатысуға шақырамыз!

Экспозиция 2025 жылдың 9 ақпанына дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі: Г. Бекбаулиева

 «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің

қызметкері