Оқиғалар

Марат Тәжібаевтың «Үзілмеген арқау» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылғы 7 ақпанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Марат Тәжібаевтың  «Үзілмеген арқау» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда автордың 50-ге жуық туындылары ұсынылады.

Көрме шебердің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған және оның есімінің туған жеріне оралуына байланысты маңызды іс-шара болып табылады. Суретшінің туындылары ресейлік және шетелдік музейлердің  коллекцияларында, сондай-ақ жеке коллекцияларда сақталған. 1968 жылдан бастап Ресейде және шетелдерде топтық және жеке көрмелерге белсенді қатысқан. В.И. Мухина атындағы Ленинград жоғары көркем-өндірістік училищесінде білім алған. Санкт-Петербург Суретшілер Одағы, Тоқыма-Дизайн қауымдастығы, Халықаралық гобелен шеберлері қауымдастығы (International Tapestry Network – ITNET) сынды кәсіби ұйымдарға мүшелігі орасан зор. Ол текстиль өнерінің дамуына елеулі үлес қосты.

Көрмеде Марат Тәжібаев шығармашылығының бірнеше негізгі бағыттары ұсынылады:

Гобелендер (1980-2018) – ерекше көркем туындылар, сәндік-қолданбалы өнердің шеңберінен шығатын өнер нысандары. Суретші «Ойлар» сериясында субъект пен қоршаған әлемнің психикалық модельдері мен қатынастарын зерттей отырып, пластикалық тілмен тәжірибе жасайды.

1990 жылдардағы графикасында  - қарындашпен салынған суреттерде автор пейзаждар, архитектуралық фрагменттердің, түрлі заттар мен өсімдіктердің бейнесі негізінде, жұмбақ және философиялық ойларға толы атмосфераны құрайтын күрделі пластикалық композицияларды шығарады.

Пастельден жасалған «Санкт-Петербург көпірлері» (2021-2022) туындылары – қала сұлулығын, оның тамаша жағалаулары мен көпірлерін бейнелейтін, тыныштық пен уақыт туралы шексіз ойларға толы қалалық мотивтерден тұрады.

Суретшінің әрбір шығармасы – бұл тек көрнекі бейне ғана емес, оның өміріндегі белгілі бір кезеңге бойлау, тағдыры мен туған жер арасындағы байланыс туралы терең ойлар.

Экспозиция 2025 жылдың 2 наурызына дейін жалғасады.

Көрменің кураторы - Мақпал Мусина, «Мәдениеттер диалогы» АНО (Санкт-Петербург) арт-директоры

Музей тарапынан кураторы – Ақжарқын Құмарбаева

4----2000--105100-min
3--2007---115105-min
8-2018--6560-min
10-2018----60--60-min