Оқиғалар

Ботагөз Нұрпейісованың Рерих Келісімінің 90 жылдығына арналған «Мәдениет құдіреті» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылдың 24 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) Ботагөз Нұрпейісованың Рерих Келісімінің 90 жылдығына арналған «Мәдениет құдіреті» атты жеке көрмесі ашылады.

      Нұрпейісова Ботагөз Слямғалиқызы (1959-2022) – КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1988 ж.), Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, педагог, бірқатар халықаралық және республикалық көрмелердің, оның ішінде жеке көрмелердің қатысушысы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Ботагөз Слямғалиқызы Павлодар облысы Качир ауданының Песчаное ауылында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін, В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтында білім алуын жалғастырды. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде 30 - жылдан астам ұстаздық етіп, бірнеше суретшілер буынын тәрбиеледі. «Кемпірқосақ астында өмір сүру», «Менің Отаным», «Рух жолдарымен», «Көп жүзді Үндістан» және басқа да туындылар серияларының авторы, портреттік, жанрлық көріністер мен пейзаждардың шебері.

Суретші және ойшыл Н.К. Рерихтің көзқарастарын және  ұмтылыстарын қабылдап, оны өзінің ұстазы деп санады.  Оның философиясы, картиналары, әдеби шығармалары, мәдениеттің басым рөлі туралы мәлімдемесі Ботагөз Нұрпейісованың жеке тұлғасын, өмірлік және шығармашылық бағдарларын қалыптастырды.

«Мәдениет құдіреті» атты көрменің экспозициясында суретшінің 50-ден астам кескіндеме туындыларымен қатар, «Рерих Келісімі», көркем және ғылыми мекемелерді қорғау туралы халықаралық шарт, миссиялар мен жинақтар туралы ақпараттық баннерлер ұсынылған. 2025 – жылы халықаралық қоғамдастық Рерих Келісіміне қол қойылғанына 90 жыл толуын атап өтеді. Ботагөз Нұрпейісованың көркем шығармашылығында «Рерих Келісімінің» мәдени идеялары – табиғи ландшаф, оларды мекендейтін халық, мәдени дәстүр, сәулет ескерткіш, оның туындыларына түсірілген рухани ұмтылыстар адам рухының ең жақсы көріністеріне бағытталған.

Көрмеде біз туған жерге арналған, балалық шақтың ерекше жылуы мен естелікке толы сюжеттерін ал,  Әке мен Ана портреттерінен – оларға деген сүйіспеншілік пен ризашылықты көреміз.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Бхаратанатьям» үнді классикалық биінің кәсіби орындаушысы Ақмарал Қайназарованың шығармашылығына арналған жұмыстар қазақ және үнді мәдениеттерінің дәстүрлерін үйлесімді түрде біріктіреді.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың ішкі сырын ашатын, терең рухани мағынаға толы «Көпірде» картинасы мен «Майтрейя» атты картинасы үндеседі, онда әйелдің адамзаттың Ұлы Ұстазына, Будданың ілімін білдірушіге деген дұғасы бейнеленген. Үнді тақырыбына арналған картиналар сериясы суретшінің әлемді терең философиялық қабылдауы, оның шеберлігі мен шексіз таланты туралы баяндайды. Ботагөз Нұрпейісованың Үндістанға деген махаббаты бала кезінен басталған. Бірақ, 2011 – жылы ғана Үндістанның киелі жерлеріне көптен күткен саяхаттар орын алды. Олар шығармашылыққа толы және жемісті болды, онда Гималайдың етегінде оны жарқыраған қарлы шыңдар мен бұйра бұлттар қарсы алады. Кулу алқабында, Наггареда (Химачал Прадеш штаты) Ботагөз Нұрпейісова көптеген этюдтер жазды. Дәл сол жерде, атақты Орталық Азия экспедициясынан кейін, профессор Н.К. Рерих пен оның отбасы 20 жылдан астам уақыт бойы өз қожалығында тұрып, «Урусвати» Гималай зерттеулер институтын құрды. 2019-жылы суретшінің  сапары Сикким қаласында өтті, оның нәтижесінде көптеген жаңа графикалық және көркем туындылар жасалды.

          Ботагөз Нұрпейісованың көркем суреттеріне жарқын палитра, жігерлілік, айқын қарама-қайшылықтар, тұтастық пен монументалдық тән. Ал Н.К.Рерих философиясының және оның мәдени идеяларының сабақтастығына ұсынылған экспозицияны – «Мәдениет құдіреті» - уақыт пен шектен тыс кеңістік ретінде біріктірді.

 

Көрме 2025  жылдың 8 мамырына дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00 – 19:00.

 

Куратор: Наталия Баженова –

 «Қазақстанның сәндік- қолданбалы өнер»

бөлімінің жетекшісі.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 

🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады.

🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі.

🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады.

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады. 🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі. 🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады. 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых»

🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями?

▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty

Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана.

Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции.

📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева
🗓 8 августа
🕒 15:00
🗓 15 августа
🕒 15:00
Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых» 🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями? ▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана. Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции. 📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева 🗓 8 августа 🕒 15:00 🗓 15 августа 🕒 15:00 Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті.

Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия.

Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве.

📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті. Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия. Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве. 📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді.

🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді. 🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті.

🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады.

🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме.

✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті. 🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады. 🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме. ✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.

🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді. 🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б. 🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ