Оқиғалар

«Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнері» каталогының таныстырылымы және «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылы 18 мамыр күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнері» каталогының таныстырылымы және «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесінің ашылуы өтеді.

«Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнері» каталогы – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорындағы сәндік-қолданбалы өнер туындыларының алғаш рет толық көлемде ұсынылған басылымы. 1938 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтитын бұл отандық өнер тарихында маңызды көркемдік құбылыс болып табылатын туындылар қоры шамамен сегіз жүз сақтау бірлігін құрайды. Коллекцияның қалыптасу жылдарында шығармашылықпен белсенді айналысқан суретшілердің қатарында Әбілхан Қастеев, Николай Цивчинский, Александр Риттих, Шажат Оспановтарды атауға болады. Олардың эскиздері бойынша «Кілемші» артелінің шеберлері алғашқы қазақстандық гобелендерді жасап, бұл еңбектер «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесінде кеңінен ұсынылады.

«Менің ойымша, Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы авторлардың сәндік-қолданбалы өнерінің толық коллекциясын алғаш рет көрсететін ғылыми каталогтың шығарылуы осы бағытты әрі қарай зерттеудің негізі болып табылады. Жас суретшілер мен өнертанушылар үшін өз дағдыларын жетілдіруге шабыт көзі болады. Біз үшін бұл басылымның жарыққа шығуы Қазақстан Республикасындағы жетекші көркем өнер музейінің 90 жылдығымен және «Ұлттық» мәртебесін алуымен тұспа тұс келуі қуантарлық жәйт. Әрине, музей коллекцияны толықтыру, кеңейту, зерттеумен қатар, насихаттау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Оны ұрпақтарға сақтап, мәдени мұраның жанданған сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтыны анық», - екендігін Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры       Жұмабекова Г.М. ерекше атап өтеді.

Музей «Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнері» каталогын шығаруға демеушілік көмек көрсеткені үшін «Halyk Bank»-ке, сондай-ақ көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін каталог дизайнері Серік Есентаевқа алғыс білдіреді. Бұл каталогтың таныстырылымына орай «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесі ашылып отыр. Экспозицияға Қазақстанның танымал кәсіби сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жасаған 90-ға жуық туынды ұсынылған. Олардың арасында кілемдер, гобелендер, киіз, кесте паннолар және тері, ағаш, металл және тас, қыш, фарфор, шыныдан жасалған көркем заттар, сондай-ақ мельхиор мен күмістен жасалған авторлық зергерлік бұйымдар бар.

Ашылу бағдарламасында танымал қазақстандық дизайнер Айжан Абдубаиттің «Зер-Ғұмыр» (Өмірдің жіптері) киім коллекциясының көрсетілімі жоспарланған. Айжан Тойшибековна  – СССР, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Зерлеу» авторлық үйінің негізін қалаушы. Шебер 30 жылдан астам ғұмырын  зерлеу, алтын тігіс өнерін жаңғыртуға арнап келеді. «Зерлеу өнері – бұл тек алтын тігу техникасы емес, бұл ерекше философия», – дейді Айжан Абдубаит. Канителмен кестелеудің тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқы осындай ерекше тәсілмен мерекелік киімдерді, ақсүйектердің тұрмыстық заттарын, соның ішінде төсек жабдықтарын безендірген. Әрбір туынды тарихи және мәдени ақпараттың тұтас қабатын қамтиды, тек оны түсініп, сақтау керек». Бүгінгі күні Айжан Абдубаит зерлеу техникасында неке көйлектерін, ұлттық киімдерді, бас киімдерді жасап, өткен ғасырлардың киімдері мен тұрмыстық заттарын  қалпына келтірумен айналыса отырып өз тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуде.

Куратор Н.А. Баженова –

«Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері»

 бөлімінің жетекшісі.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
 
🎨Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🖌️Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Барша өнерсүйер қауымды шебер туындыларының рухани әлеміне шомып, жүрек жылуы – шуағына бөленуге шақырамыз!

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтеді.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 
📌Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. 🎨Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🖌️Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Барша өнерсүйер қауымды шебер туындыларының рухани әлеміне шомып, жүрек жылуы – шуағына бөленуге шақырамыз! Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтеді. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. 📌Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 3 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылды. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр.
 
▫️Пастель – шеберлердің қолында бар қырын ашып, сан алуан көркемдік әсер бере алатын, мүмкіндігі кең әрі жанды материал. Көрме кеңістігінде өзіндік өрнегі, дара техникасы және бояу мәнері бар әртүрлі авторлардың жұмыстары бір арнада тоғысқан. 

🔸Екінші көрме жобаның ішкі эволюциясын нақ көрсетеді. Бастапқы шығармашылық ұжымға жаңа суретшілердің қосылуы экспозицияға тың колористік энергия мен өзгеше реңк әкелді. Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. 

🔹Көрмеге А. Хакимжанова, А. Тампиев, А. Татарова, А. Сластинова, А..Сафи, А. Овечкина, А. Фидирко, В. Трофимович, В. Татаринов, Г. Пащенко, Г. Умарова, Д..Куралбаев, Д. Залесская, Д. Муштак, Е. Попова, К. Ибраева, К. Рыбалко, Л. Логвинова, М..Мун, М. Бурманская, Н. Молокотина, Н. Сайгушева, О. Иконникова, Р. Сакович, С..Какоткина, С. Кравченко, С. Кушкова, Т. Максименко сынды суретшілердің еңбектері қойылған.

Суретшілердің пастельге деген көзқарасы бұл материалдың табиғатын терең түсінуге негізделген. Олар осы техника арқылы күрделі психологиялық көңіл-күйді, ішкі сезім мен жеке дүниетанымды еркін жеткізеді. Көрме ұзақ ізденістің нәтижесінде туған туындылардан құралған.

📍 Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі
 
📌Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы
ҚР Ұлттық өнер музейінің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Г.А. Исхакова. ⚜️2026 жылдың 3 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылды. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр. ▫️Пастель – шеберлердің қолында бар қырын ашып, сан алуан көркемдік әсер бере алатын, мүмкіндігі кең әрі жанды материал. Көрме кеңістігінде өзіндік өрнегі, дара техникасы және бояу мәнері бар әртүрлі авторлардың жұмыстары бір арнада тоғысқан. 🔸Екінші көрме жобаның ішкі эволюциясын нақ көрсетеді. Бастапқы шығармашылық ұжымға жаңа суретшілердің қосылуы экспозицияға тың колористік энергия мен өзгеше реңк әкелді. Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. 🔹Көрмеге А. Хакимжанова, А. Тампиев, А. Татарова, А. Сластинова, А..Сафи, А. Овечкина, А. Фидирко, В. Трофимович, В. Татаринов, Г. Пащенко, Г. Умарова, Д..Куралбаев, Д. Залесская, Д. Муштак, Е. Попова, К. Ибраева, К. Рыбалко, Л. Логвинова, М..Мун, М. Бурманская, Н. Молокотина, Н. Сайгушева, О. Иконникова, Р. Сакович, С..Какоткина, С. Кравченко, С. Кушкова, Т. Максименко сынды суретшілердің еңбектері қойылған. Суретшілердің пастельге деген көзқарасы бұл материалдың табиғатын терең түсінуге негізделген. Олар осы техника арқылы күрделі психологиялық көңіл-күйді, ішкі сезім мен жеке дүниетанымды еркін жеткізеді. Көрме ұзақ ізденістің нәтижесінде туған туындылардан құралған. 📍 Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі 📌Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Г.А. Исхакова. 🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.

Бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің болашаққа деген сенімін білдіретін айрықша мереке. Елтаңба, Ту, Әнұран — Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ұлттық мақтанышымыздың жарқын бейнесі.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы қадамымыз нық, туымыз биік болсын! 🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің болашаққа деген сенімін білдіретін айрықша мереке. Елтаңба, Ту, Әнұран — Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ұлттық мақтанышымыздың жарқын бейнесі. Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы қадамымыз нық, туымыз биік болсын! ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтеді.

🔹Омархан Құмар – бүгінгі қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды шығармашылығының өзегіне айналдырған, өзіндік қолтаңбасы айқын кәсіби суретші. Оның туындылары халықтық рухқа толы, қазақ халқының тарихи жады мен мәдени мұрасын терең пайымдап, өткен мен бүгінді сабақтастыратын мазмұнды көркем образдар жасауымен ерекшеленеді. Суретші шығармашылығына академиялық мектептің берік негіздері, композициялық тұтастық, сурет салудағы жоғары кәсіби мәдениет пен реалистік бейнелеу дәстүріне адалдық тән.

🔸Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылған. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. Әрбір композициясынан суреткердің шеберлігі мен шығармашылық кемелдігі айқын сезіледі. Автор тарихи тұлғалардың мінезі мен болмысын, дәуір рухын және оқиға мазмұнын терең ашуға ұмтылып, көркем образдың нанымдылығы мен эмоционалдық әсеріне ерекше мән береді. Түстік үйлесім, пластикалық шешім және композициялық құрылым оның жұмыстарында біртұтас көркем жүйеге айналып, туындының идеялық мазмұнын терең аша түседі.

🔺«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндік образдар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.

📌Көрме кураторы: Самал Мамытова ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтеді. 🔹Омархан Құмар – бүгінгі қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды шығармашылығының өзегіне айналдырған, өзіндік қолтаңбасы айқын кәсіби суретші. Оның туындылары халықтық рухқа толы, қазақ халқының тарихи жады мен мәдени мұрасын терең пайымдап, өткен мен бүгінді сабақтастыратын мазмұнды көркем образдар жасауымен ерекшеленеді. Суретші шығармашылығына академиялық мектептің берік негіздері, композициялық тұтастық, сурет салудағы жоғары кәсіби мәдениет пен реалистік бейнелеу дәстүріне адалдық тән. 🔸Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылған. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. Әрбір композициясынан суреткердің шеберлігі мен шығармашылық кемелдігі айқын сезіледі. Автор тарихи тұлғалардың мінезі мен болмысын, дәуір рухын және оқиға мазмұнын терең ашуға ұмтылып, көркем образдың нанымдылығы мен эмоционалдық әсеріне ерекше мән береді. Түстік үйлесім, пластикалық шешім және композициялық құрылым оның жұмыстарында біртұтас көркем жүйеге айналып, туындының идеялық мазмұнын терең аша түседі. 🔺«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндік образдар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады. 📌Көрме кураторы: Самал Мамытова Қазақстан-Ресей мәдени байланысы

Мәдениет пен өнер халықтар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ықпалдастық өнер кеңістігінде өз жалғасын тауып келеді.

Бейнематериал 24KZ телеарнасынан. Қазақстан-Ресей мәдени байланысы Мәдениет пен өнер халықтар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ықпалдастық өнер кеңістігінде өз жалғасын тауып келеді. Бейнематериал 24KZ телеарнасынан. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыс өнер кеңістігінде өзіндік өрнегін салып келеді. Рухани көпірдің алтын діңгегіне айналған Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі екі елдің қылқалам шеберлерінің басын жиі қосады.

🎥Бейнематериал: Astana TV телеарнасы. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыс өнер кеңістігінде өзіндік өрнегін салып келеді. Рухани көпірдің алтын діңгегіне айналған Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі екі елдің қылқалам шеберлерінің басын жиі қосады. 🎥Бейнематериал: Astana TV телеарнасы.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ