Оқиғалар

Қазақстанның көрнекті графигі және кескіндемешісі Аман Бақтығалиұлының (1945-2020) 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 12 тамызында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның көрнекті графигі және кескіндемешісі Аман Бақтығалиұлының (1945-2020) 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу көрмесінің ашылуы өтеді.

 

Ретроспективті көрмеде автордың 1970 жылдардан 2020 жылдарға дейінгі аралықтағы 70-тен астам графикалық және кескіндемелік туындылары ұсынылған. Бұл - суретшінің Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіндегі екінші жеке көрмесі. «Менің Қазақиям» атты алғашқы көрмесі 2006 жылы өткен болатын. Аман Бақтығалиұлы – 1980 жылдары өзіндік дара қолтаңбасымен танылған қазақстандық суретшілер буынының өкілі. Ол ұлттық бейнелеу өнерінің мазмұны мен пішінін жаңартуға ұмтылып, жаңа көркемдік тіл қалыптастыру жолында М. Қисамединов, И. Исабаев, Б. Пак, А. Рахманов, С. Айтбаев, Ш. Сариев, Т. Досмағамбетов, Қ. Қаметов сынды белгілі суретшілермен қатар еңбек етті.

Суретші 1945 жылы Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы), Ембі ауданы, Қамыскөл ауылында дүниеге келген. 1968-1972 жылдары Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде Б. Пактың жетекшілігімен білім алған. Сол жылы Ленинградтағы И. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтына оқуға түсіп, 1979 жылы профессор В. Ветрогонскийдің шеберханасында «Графика» мамандығын тәмамдады. Оның дипломдық жұмысы - «Ақ күннің өлкесінде» атты эстамптар топтамасы. 1979 жылдан бастап Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищеде ұстаздық қызмет атқарған. 1981 жылы Қазақ КСР Суретшілер одағына мүше болып қабылданды. 1987-1989 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының хатшысы, 1992-1995 жылдары аталған училищенің директоры қызметін атқарды.

Аман Бақтығалиұлы - қазақ бейнелеу өнері тарихында ерекше орны бар дарынды график. Оның туындыларынан пластикалық бейнелеу шеберлігі, егжей-тегжейге дейін мән бере білу қабілеті, образдық метафораларға құрылған терең мазмұн, композициялық айқындық және тақырыптық өзектілік айқын аңғарылады. Суретші өз шығармашылығында заманауи Қазақстан өмірін басты тақырып етіп алған. Көрмеде суретшінің «Менің өлкем» (1978-1979), «Қазақстан» (1980), «Жеңіс күні» (1985) атты графикалық топтамалары ұсынылған. Түрлі түсті литография техникасында орындалған бұл туындыларда қарапайым адамдардың күнделікті өмірі мен еңбекке толы күндері, сондай-ақ Батыс Қазақстан өңірінің табиғаты мен ландшафты бейнеленген. Экспозицияның бір бөлімі қазақ халқының тарихи болмысына және эпостық мұраларына арналған еңбектерді, сонымен қатар Шыңғыс Айтматов шығармаларына жасалған иллюстрацияларды қамтиды. Көрменің маңызды бөлігін А. Бақтығалиұлының кескіндемелік шығармалары құрайды. Оның кескіндеме туындылары сәнді нәзіктікпен, шартты-символдық тілмен және көркемдік шеберлікпен ерекшеленеді. Экспозицияда портреттер, натюрморттар мен абстрактілі композициялар ұсынылып, суретшінің көркемдік ізденістері мен қоршаған ортаның сұлулығын жеткізуге деген ұмтылысы көрініс табады.

А. Бақтығалиұлы 1970-жылдардан бастап отандық және халықаралық деңгейде 30-дан астам көрмеге қатысып, өзінің шығармашылығымен көрермен көңілінен орын тапты. Оның туындылары Ресей, Украина, Мексика сынды алыс-жақын шетелдердің мемлекеттік және жеке коллекцияларында сақталған. Сонымен қатар Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің қорында суретшінің оннан астам графикалық жұмысы жинақталған. Аман Бақтығалиұлының бай шығармашылық мұрасы - XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы ұлттық бейнелеу өнерінің ажырамас бөлігі. Бұл мерейтойлық көрме қазіргі көрерменді дарынды суретші әрі педагогтың ғажайып көркемдік әлемімен тереңірек таныстырады.

 

Көрме 2025 жылдың 5 қыркүйекке дейін жалғасады.                                                                                                                Көрме кураторы: Айжан Қалшора, «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

2025-07-29
WhatsApp-Image-2025-07-29-at-120509-2
WhatsApp-Image-2025-07-29-at-120509
WhatsApp-Image-2025-07-29-at-120509-1
WhatsApp-Image-2025-07-29-at-120503-1
WhatsApp-Image-2025-07-29-at-120503

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.
 
🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 

🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 

🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 

📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.   🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді.

🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 

🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған.

Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! 

⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 

🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 

🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа.

Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді. 🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған. Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! ⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа. Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни

В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24».

📌Выставка продлится до 26 июля. Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24». 📌Выставка продлится до 26 июля. «Жад бедері/ Matter of Memory»
Арухан (Гаухар Бисенғалиева)

⚜️2026 жылдың 24 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қазақстандық суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиеваның) «Жад бедері / Matter of Memory» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2026 жылдың 23 тамызына дейін ашық болады.

🔸Арухан – киіз, дала шөптері мен өзге де табиғи материалдарды шығармашылығының өзегіне айналдырған заманауи қазақстандық суретші. Ол өз туындыларында жад, уақыт, мәдени мұра һәм адам мен оның қоршаған ортамен байланысы сынды тақырыптарды зерделейді. Суретші аталған материалды сәндік дәстүрдің ғана көрінісі емес, өз алдына дербес көркемдік тілге ие медиум ретінде қарастырады.

🔸Жадтың материал бойында қалай таңбаланатыны туралы ой, оның уақытпен бірге қалай түрленетіні туралы толғаныс көрмеге өзек болған. Аруханның туындылары жадты көзге көрінбейтін абстракт ұғым ретінде емес, заттың беткі бедері мен қат-қабат қатпарларына, яки өне бойына сіңіп, уақытпен бірге ғұмыр кешетін тірі физикалық құбылыс ретінде танытады. Аруханның өзі қалыптастырған киізді табиғи жолмен ескірту тәсілі материалға уақыттың табын дарытып, оны адамзат тәжірибесі қатталған мұрағатқа айналдырады.

Кураторы: Ақжарқын Құмарбаева
Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина

📍 Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі
🕓 Ашылуы: 24 шілде,16:00
🗓️2026 жыл 24 шілде – 23 тамыз аралығында «Жад бедері/ Matter of Memory» Арухан (Гаухар Бисенғалиева) ⚜️2026 жылдың 24 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қазақстандық суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиеваның) «Жад бедері / Matter of Memory» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2026 жылдың 23 тамызына дейін ашық болады. 🔸Арухан – киіз, дала шөптері мен өзге де табиғи материалдарды шығармашылығының өзегіне айналдырған заманауи қазақстандық суретші. Ол өз туындыларында жад, уақыт, мәдени мұра һәм адам мен оның қоршаған ортамен байланысы сынды тақырыптарды зерделейді. Суретші аталған материалды сәндік дәстүрдің ғана көрінісі емес, өз алдына дербес көркемдік тілге ие медиум ретінде қарастырады. 🔸Жадтың материал бойында қалай таңбаланатыны туралы ой, оның уақытпен бірге қалай түрленетіні туралы толғаныс көрмеге өзек болған. Аруханның туындылары жадты көзге көрінбейтін абстракт ұғым ретінде емес, заттың беткі бедері мен қат-қабат қатпарларына, яки өне бойына сіңіп, уақытпен бірге ғұмыр кешетін тірі физикалық құбылыс ретінде танытады. Аруханның өзі қалыптастырған киізді табиғи жолмен ескірту тәсілі материалға уақыттың табын дарытып, оны адамзат тәжірибесі қатталған мұрағатқа айналдырады. Кураторы: Ақжарқын Құмарбаева Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина 📍 Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 🕓 Ашылуы: 24 шілде,16:00 🗓️2026 жыл 24 шілде – 23 тамыз аралығында ⚜️2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphyкорей каллиграфиясы көрмесі өтеді.
Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді.

🔹2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағыКорея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді.

🔸«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфияассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері – 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған.

🔺Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphyкорей каллиграфиясы көрмесі өтеді. Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді. 🔹2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағыКорея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді. 🔸«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфияассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері – 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған. 🔺Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ✨ Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында өтіп жатқан «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрмені тамашалап үлгеріңіздер!

Көрме көрерменді ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылықтары және адам өміріндегі ең жақын әрі қымбат жандар туралы ой қозғауға жетелейді.

📍 Сіздерді ерекше көрме кеңістігін тамашалап, суретшілердің туындылары арқылы отбасы тарихы мен рухани сабақтастықтың көркем бейнесін бірге сезінуге шақырамыз.

✨ Успейте посетить групповую выставку «Действие семейного альбома», которая проходит в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева!

Выставка приглашает зрителей задуматься о преемственности поколений, семейных ценностях и самых дорогих людях в жизни каждого человека.

📍 Приглашаем вас познакомиться с уникальным выставочным пространством и через произведения  художников почувствовать художественное осмысление семейной истории, памяти и духовной преемственности.

@qazartconsult ✨ Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында өтіп жатқан «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрмені тамашалап үлгеріңіздер! Көрме көрерменді ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылықтары және адам өміріндегі ең жақын әрі қымбат жандар туралы ой қозғауға жетелейді. 📍 Сіздерді ерекше көрме кеңістігін тамашалап, суретшілердің туындылары арқылы отбасы тарихы мен рухани сабақтастықтың көркем бейнесін бірге сезінуге шақырамыз. ✨ Успейте посетить групповую выставку «Действие семейного альбома», которая проходит в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева! Выставка приглашает зрителей задуматься о преемственности поколений, семейных ценностях и самых дорогих людях в жизни каждого человека. 📍 Приглашаем вас познакомиться с уникальным выставочным пространством и через произведения художников почувствовать художественное осмысление семейной истории, памяти и духовной преемственности. @qazartconsult
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ