Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қазақ тіліндегі «Әсем Әлем» өнер академиясы эстетикалық-ағартушылық бағдарламасы аясындағы дәрістер легінің басталуын хабарлайды.
Тәжірибелі өнертанушылар дәріс тыңдаушыларын өнерді қабылдай білуден бастап, қоршаған дүниені тереңірек түсіну жолына жетелейтін қызықты саяхатқа шақырады.
Дәрістер бағдарламасы — бейнелеу өнерінің теориясы мен тарихына негізделген қызықты курс болып табылады. Ол бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдары, категориялары, түрлері мен жанрлары, көркемдік тәсілдері мен әдістері жайлы мазмұнды ақпарат ұсынады. Қазақ тіліндегі бұл базалық курс 13 дәрістен тұрады, әр дәріс 1,5 сағатқа созылады. Бағдарламаның мақсаты — тыңдаушылардың жадысында материалды көрнекі ассоциациялар арқылы бекітіп қана қоймай, олардың эстетикалық тұрғыдан өз бетінше ойлай білу қабілетін дамыту.
Түстер мен Формалар әлемінің шексіз тереңіне бірге бойлап, Өнер кеңістігінен өзіңізге тән жаңалықтар ашып, Нағыз Үйлесім сұлулығын бірге тамашалайық.
Өткізілу мерзімі:
2025 жылдың 15 қазанынан – 2026 жылдың 21 қаңтарына дейін
Күні: әр сәрсенбі
Уақыты: 19:00–20:30
Бір дәрістің бағасы: 2000 теңге
Жеңілдігі бар тыңдаушылар үшін арнайы баға қарастырылған.
Бонус ретінде:
- Толық курсқа қатысқан тыңдаушыларға сертификат табысталады.
- Әр тыңдаушы кез келген дәріс билетіне музей экспозицияларына жұмыс уақытында бір реттік кіру құқығына ие.