Оқиғалар

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ «ШЫҒЫС КЕРУЕНІ» АТТЫ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ

«ШЫҒЫС КЕРУЕНІ» АТТЫ

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ

 

 

Құрметті халық өнерін бағалайтын қауым! «Шығыс керуені» атты Үлкен Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі сіздерге Шығыс базарының сиқырлы әлеміне енуге мүмкіндік береді. 

Қазақстанның және Орталық Азияның әр өңірінен келген қолөнершілер өз қолдарымен жасаған туындыларын ұсынады. Шеберлер өз күш-қайраты мен жан-дүниесі, қиялын салып жасағандықтан, бұл бұйымдардың әртүрлілігі мен көркемдігі сөзсіз таң қалдырады.

          Алуан түрлілігімен көз тартатын, көңілді әрі дүбірлі «Шығыс керуені» жәрмеңкесі келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, талғамға сай сыйлықтар мен кәдесыйларды таңдау мүмкіндігін ұсынады. Мұнда киім-кешектер, панно мен гобелендер, киіз бен былғарыдан жасалған бұйымдар, тоқылған заттар, зергерлік әшекейлер, жібек орамалдар, сондай-ақ ыдыс-аяқ, кілемдер, жұмсақ ойыншықтар және интерьерге арналған әсем бұйымдар бар.

Көрме аясында сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттары өтеді.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы,  Орталық көрме залы, Желтоқсан к-сі, 137 үй/ Жамбыл к-сі.

 

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2025 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін

Ұйымдастырушылар: «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы

Қосымша ақпарат: Сіз көрме ұйымдастырушыларымен төмендегі телефондар арқылы байланыса аласыздар:

Әбдікәрім Бахыт: +7 702 321 54 66,  instagram: @artБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Әбдікәрім Күнсулу: +7 778 390 41 665, facebook: Центр ДПИ «Бахыт»